«Референдум үшін!» бірыңғай тақырыптық күні аясында Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің отырысы өтті. Ашық диалог форматында қатысушылар жаңа Конституция жобасын, оның негізгі ережелері мен ұсынылып отырған өзгерістерін талқылады.
Негізгі назар әлеуметтік саясат мәселелеріне, отбасыларды қолдауға, өсіп келе жатқан ұрпақтың құқықтарын қорғау мен кепілдіктеріне аударылды. Қатысушылар пікір алмасып, тұрғындар арасында ерекше қызығушылық тудыратын тақырыптарды талқылады.
Іс-шарада 15 наурызда өтетін референдумға қатысу стратегиялық маңызы бар шешімдер бойынша өз ұстанымын айқын білдірудің тікелей жолы екені және ұсынылып отырған өзгерістердің мәнін алдын ала түсініп, өз таңдауын жасаудың маңыздылығы атап өтілді.
