«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының Ұлытау өңіріндегі мүшелері педагогтермен кездесті.
Ұлытау облыстық коалициясының мүшелері Ерлан Мырзабеков, Гүлназ Омарова, Мұқағали Сейітқазы, Сағадат Мухамбетов, Көшкімбай Өтемісов, Меруерт Базылхан Жезқазғанда қаласында орналасқан №10 жалпы орта білім беретін мектептің ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын түсіндірді.
«Бюджет саласында қызмет ететін азаматтар олардың мойнына біреудің қателігін арту, ынталандыру төлемдерінен айыру, қолайсыз жұмыс кестесіне көшіру, қосымша жүктемеге немесе «ерікті» түрде түрлі іс-шараларға мәжбүрлеу сияқты келеңсіздіктерге жиі ұшырап жатады. Бұл жерде реформаның негізгі мәні – лауазым заңды бұзуға құқық бермейді және қызметкердің өз құқығын қорғау үшін анағұрлым түсінікті заңды тірек пайда болады. Бұл әрбір дауда қызметкер жеңеді деген сөз емес. Бірақ бұл жүйеде «көңіл-күй бойынша шешім шығаратын" кеңістікті азайтады»,-деп атап өтті коалиция мүшесі Гүлназ Омарова.
Ұстаздар қауымы неліктен Қазақстан бірпалаталы парламентке көшіп жатыр, алдағы уақытта дауыс беру электронды жүйеге көше ме деген сынды сұрақтарын қойып, заң өкілдерінен жауап алды.
Жалпы, мектеп ұжымы 15-наурызда өтетін рефрендумға біркісідей қатысатындықтарын айтты.
