Жаңа Негізгі заң елдің қазіргі даму кезеңіндегі қоғамдық келісімді бекітеді. Ол өкілеттіктер балансын нақтылап, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтеді, тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуға құқықтық негіз жасайды.
Жоба адамды басты құндылық ретінде қарастыратын қағидатқа негізделген. Онда жеке адамның құқықтарына, ұлттық болмысқа, тарихи сабақтастыққа және қоғамның адамгершілік болмысына басымдық беріледі.
Сонымен қатар жоба билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік пен тежемелік тетіктер жүйесін нақтылап, өкілді институттардың рөлін күшейтеді. Құжаттың баяндалу философиясы да өзгереді: жаңа жоба құқықтық нормалардың заманауи құрылымына және өкілеттіктерді бөлудің жаңаша логикасына ұмтылады. Бұл – мемлекеттің мәні қандай және оның даму бағыты қайда екені жөніндегі түсінікті Негізгі заң деңгейінде бекітуге бағытталған қадам.
Иә. Жобада сот арқылы қорғау тетіктері нақтыланып, жеке өмірге, меншікке қолсұғылмаушылық және пікір білдіру бостандығының кепілдіктері кеңейтілді. Басты назар қорғаудың декларативті емес, шынайы құралдарына аударылған.
Кәсіпкерлік еркіндігі, жекеменшік құқығын қорғау және бәсекелестік үшін тең жағдайлар принциптері бекітіледі. Бұл инвестициялар мен экономиканы дамыту үшін болжамды құқықтық ортаны қалыптастырады.
Жоба билік тармақтарының өкілеттіктерін нақтылап, парламенттік бақылауды күшейтуді қарастырады. Мақсат – мемлекеттік басқарудың ашық әрі жауапты жүйесін құру.
Соттардың институционалдық тәуелсіздігіне қосымша кепілдіктер қарастырылған, тағайындау процедуралары ашық және сыртқы қысымнан қорғау механизмдері енгізілген.
Иә. Жоба қоғамдық қатысу тетіктерін бекітеді, жария талқылаулардың маңызын арттырады және азаматтық бастамалардың кең формасын көздейді.
Жоба табиғи ресурстардың ұлттық байлық ретінде мәртебесін нақтылайды және оларды қоғам мүддесіне тиімді пайдалану үшін мемлекеттің жауапкершілігін бекітеді.
Мемлекеттің негізгі әлеуметтік міндеттері сақталады және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау саласындағы кепілдіктер нақты бекітіледі.
Әрбір азамат қоғамдық талқылауларға қатыса алады, ресми сандық платформалар арқылы ұсыныстар жібере алады және заңда қарастырылған рәсімдерге қатыса алады.