Мұндай деректерді бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова айтты.
– Мәдениет пен білім, ғылым мен инновациялардың құндылықтарын преамбулада бекіту, сондай-ақ адами капиталды мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде мойындау жаңа сапалы ұлтты дамытуға және «ақылды экономика» құруға конституциялық негіз жасайды, деп Мемлекет басшысы бірнеше мәрте айтқан, – деді А.Сәдуақасова.
Оның сөзінше, дәл осы басымдыққа қоғамның кең қолдау білдіретінін әлеуметтік зерттеу нәтижелері растайды, олар кеше жарияланды.
– 86,3% азамат бұл құндылықтарды Конституцияда бекітуді қолдады, бұл олардың қоғамдағы айқын легитимділігін растайды. Бұл норманың маңыздылығы ғылымның қазіргі институционалдық және қаржылық жағдайымен салыстырғанда айқын көрінеді. Конституциялық норма ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің бюджетін жоспарлау парадигмасын түбегейлі қайта қарауға және олардың тиімділігін дәл ғылыми нәтижелер тұрғысынан бағалауға құқықтық негіз береді, – деді институт жетекшісі.