Қаз
Болашақ ұрпақ елді ары қарай алып жүруі үшін үлкен күш керек – Ерлан Саиров

Астанада «Референдум-2026» онлайн-марафоны басталды. Жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық алаңда ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Саиров жаңа Конституция жобасындағы өзгерістердің не үшін енгізілгенін түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«30 жылдың ішінде заман өзгерді. Жаңа қазақ мемлекеттігін қалайтын жастар пайда болды. Осы уақыт аралығында қазақтың жаңа саяси ұрпағының пайда болуына байланысты Қазақстан Конституциясының Преамбуласын өзгерту қажеттігі туды. Өйткені, 30 жылдың ішінде қазақтың салт-дәстүріне, ежелден келе жатқан пассионарлық күшіне және сонымен бірге қазақтың сол заманда дүниені дүр сілкіндірген пассионарлық күштің мирасқоры екеніне тарихи дәлелдер пайда болды», – деді депутат.

Оның сөзінше, бұл тарихи дәлелдерді Негізгі заңға енгізу – бүгінгі таңдағы өмір заңдылығы әрі өте өзекті.

«Сондай-ақ болашақ ұрпақ Тәуелсіз Қазақстанды ары қарай алып жүруі үшін үлкен күш керек. Сол күш Конституция жобасының Преамбуласында пассионарлық рухта жазылған», – деді ол.

Ол Конституция жобасы алдағы 50 жылға бағытталған идеология саналатынын жеткізді.

«Сондықтан Ата заңның Преамбуласы юрисдикциялық құжат емес, болашаққа бағытталған рухани-идеологиялық үлкен тұжырымдама», – деді Ерлан Саиров.

Жаңалықтар көбірек:
Жамбыл өңірінің жұртшылығы Жаңа Конституцияға қолдау білдірді
14
Астанада референдумды қолдауға бағытталған жастар концертіне 10 мыңнан астам адам қатысты
47
Қос қалада референдумды қолдаған спорттық челлендж өтті
31
Сарапшы жаңа Конституциядағы өнер мен білім беру саласындағы оң өзгерістер туралы айтып берді
31
Құқық үстемдігін орнату үшін заң мен тәртіп сақталуы тиіс – Үнзила Шапақ
18
Жанарбек Әшімжанов: Жаңа Конституция жобасында экономикалық, саяси тәуелсіздік барлығы қамтылған
23
Болашақ ұрпақ елді ары қарай алып жүруі үшін үлкен күш керек – Ерлан Саиров
20
ЕЛІМІЗДЕ «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» КОАЛИЦИЯСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛДАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
25
Алматыда «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті
45
“Әділетті және Прогрессивті Қазақстан үшін Халық Конституциясы” коалициясы құрылды
43