Қаз
Қос қалада референдумды қолдаған спорттық челлендж өтті

Қарағанды облысында 15 наурызда болатын референдумды қолдаған спорттық челлендж өтті. Оған өңірдің 300-ден астам тұрғыны қатысты.

Қарағанды және Сарань қалаларында ұйымдастырылған шаңғы жарыстары өңір тұрғындарының қоғамдық белсенділігі мен оң өзгерістерді қолдауға деген ұмтылысының айқын көрінісіне айналды.

Қос қалада өткен іс-шараға әртүрлі жастағы 300-ден астам адам қатысты. Жарыс атмосферасы бірлік рухына, өзара қолдауға және елдегі тағдыршешті үдерістерге белсенді қатысудың маңызын терең түсінуге бағытталды.

Коалиция мүшесі Александр Бочаровтың айтуынша, мұндай іс-шара спорт пен салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, адамдарды жалпыұлттық құндылықтар төңірегінде топтастырады.

«Бұл спорттық челлендж — азаматтық белсенділіктің ортақ құндылықтар төңірегінде адамдарды біріктіретінінің нақты дәлелі. Әртүрлі буын өкілдерінің бір уақытта стартқа шығу арқылы оң өзгерістерді қолдап, ел болашағы үшін ортақ жауапкершілікті сезінетінін айқындайды», - деді ол.

Өзге де ұйымдастырушылар спорттың ауызбіршілікті нығайтудың тиімді алаңы екенін атап өтті. Олар алдағы уақытта осындай іс-шаралар жалғасын табатынына сенім білдірді. Енді қатысушылар қатарын көбейту және спорт пен азаматтық белсенділікті ұштастыру дәстүрін нығайту бағытындағы жұмыстарды жандандыру жоспарланып отыр.

Жаңалықтар көбірек:
Жамбыл өңірінің жұртшылығы Жаңа Конституцияға қолдау білдірді
14
Астанада референдумды қолдауға бағытталған жастар концертіне 10 мыңнан астам адам қатысты
47
Қос қалада референдумды қолдаған спорттық челлендж өтті
31
Сарапшы жаңа Конституциядағы өнер мен білім беру саласындағы оң өзгерістер туралы айтып берді
31
Құқық үстемдігін орнату үшін заң мен тәртіп сақталуы тиіс – Үнзила Шапақ
18
Жанарбек Әшімжанов: Жаңа Конституция жобасында экономикалық, саяси тәуелсіздік барлығы қамтылған
23
Болашақ ұрпақ елді ары қарай алып жүруі үшін үлкен күш керек – Ерлан Саиров
20
ЕЛІМІЗДЕ «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» КОАЛИЦИЯСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛДАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
25
Алматыда «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті
45
“Әділетті және Прогрессивті Қазақстан үшін Халық Конституциясы” коалициясы құрылды
43