Мәжіліс депутаты Мурат Әбенов бастапқы 46 және 62-баптар редакциясы Құрылтайды негізгі тағайындауларды келісуден қайтадан бас тартқан жағдайда тарату көзделгенін, бұл «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласымен сәйкес келмейтінін атап өтті.
– «Президент таратады» деген формулированы «Президент таратуға құқылы» деп өзгерту ұсынылады. Бұл Құрылтайдың жасанды түрде таратылу қаупін болдырмайды және саяси дағдарыс мүмкіндігін жояды. Ұсынылып отырған нақтылау жүйені іштен шайқап, жасанды жасалған қақтығыс арқылы параличке ұшырату әрекеттерінен сақтандырудың бір түрі болып табылады, – деді ол.
Сонымен қатар 62-баптың екінші тармағын нақтылау ұсынылады: «Президент ұсынған кандидатураны тағайындау» орнына «Президент ұсынған әр кандидатураны тағайындау» деп өзгерту. Мурат Әбенов атап өткендей, бұл баптағы түсінбеушіліктерді болдырмауға мүмкіндік береді.