Қарағандыда белсенді жастардың басын қосқан ауқымды форум басталды.
Іс-шараға 2 мыңға жуық адам қатысып, өңір жастары бір алаңда тоғысты.
Сахнада Қазақстан эстрадасының танымал әртістері өнер көрсетіп, форумның мазмұнын мерекелік көңіл-күймен толықтыруда.
Бұл бастама өңірдің мәдени ортасын дамытуға, отандық өнерпаздарды қолдауға және жастардың белсенді, мазмұнды демалысқа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
Қатысушылар Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарымен танысып, өз ой-пікірлерін білдірді. Пікірталас ашық, мазмұнды әрі қызу форматта өтіп жатыр.




