Фото: Әсет Құндақбаев
Қытайда білім алып жүрген қазақстандық жастар жаңа Конституция бойынша референдумға белсенді қатысып жатыр. Бұл туралы «Референдум – 2026» онлайн марафонында айтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Студенттер таңертеңнен бастап учаскелерге лек легімен келіп, дауыс беріп жатыр.
Бүкіл Қытай бойынша төрт дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр. Олар Бейжің, Гонконг, Сиань және Шанхай қалаларындағы дипломатиялық өкілдіктердің аумағында ұйымдастырылған.
Бейжіңдегі референдум учаскесінде 261 азамат тіркелген. Оның басым көпшілігі жастар. Сонымен қатар Қытайда қызмет атқарып жүрген дипломаттар, ұлттық компания өкілдері, олардың отбасы мүшелері, сонымен бірге елде оқып жүрген студенттер мен туристер де дауыс беруге қатысып жатыр.
Қытайдағы дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-ге дейін жалғасады. Одан кейін бюллетендер белгіленген тәртіппен Қазақстанға жөнелтіледі.