Бүгін елімізде өтіп жатқан маңызды саяси науқан республикалық референдум аясында Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы және «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» қалалық коалициясының жетекшісі Мұрат Жолдыхожаев дауыс беріп, өз таңдауын жасады.
Ол референдум әр азаматтың мемлекет болашағына қатысты өз пікірін білдіретін маңызды демократиялық саяси науқан екенін атап өтті. Сондықтан мұндай тарихи сәтте бейжай қалмай, дауыс беру әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін жеткізді.
Сондай-ақ, ол «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» қалалық коалициясының жетекшісі ретінде дауыс беру барысын тұрақты бақылауда екенін.





