2026 жылдың 15 наурызында елімізде өткен республикалық референдумды тәуелсіз қоғамдық бақылаудың қорытындылары бойынша «Ел Дауысы» қоғамдық қоры баспасөз конференциясын өткізді.
Кездесу барысында қор басшылығы мен өңірлік үйлестірушілер дауыс беру күні бақылаушылардың атқарған жұмысы туралы айтып, алдын ала қорытындыларды ұсынды және учаскелердегі жағдай жөнінде ақпаратпен бөлісті.
Биыл қор Қазақстанның 32 қаласында бақылау жүргізді. Бақылаушылар Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Қостанай, Ақтау, Атырау, Тараз, Түркістан, Петропавл және Қызылорда қалаларында, сондай-ақ Екібастұз, Жезқазған, Сәтбаев, Кентау, Талғар, Қонаев, Степногорск, Риддер және басқа да қалаларда жұмыс істеді.
Күні бойы бақылаушылар учаскелердің ашылуын, дауыс беру барысын, рәсімдердің сақталуын, комиссиялардың жұмысын, дауыстарды санау процесін және қорытынды хаттамалардың рәсімделуін тіркеп отырды. Өңірлерден түскен ақпарат аймақтық үйлестірушілер арқылы жиналып, қордың орталық штабына жеткізілді.
Барлық ақпарат тіркеліп, талдау жасау үшін қордың орталық штабына жіберілді. Қордың алдын ала бағалауынша, анықталған ескертулер жергілікті рәсімдік сипатта болып, қорытынды хаттамалардың рәсімделуіне әсер етпеген.
Қор өкілдері қоғамдық бақылау бейтарап және рәсімдік сипатта жүргізілетінін атап өтті.
«Қор бақылаушыларының ақпаратына сәйкес, жалпы алғанда учаскелердегі дауыс беру процесі заңға сай және белгіленген рәсімдер аясында өтті. Қоғамдық бақылау жоғары деңгейде өтті себебі бақылауға үкіметтік емес ұйымдар белсенді қатысты. Учаскелік комиссиялардың жұмысы заңнамаға сәйкес жүргізілді. Ал бақылаушылар тіркеген ескертулер жергілікті сипатта болып, бақылаудың жұмыс хаттамаларында көрсетілді», - деп хабарлады «Ел Дауысы» ҚҚ.
Қордың командасы күні бойы учаскелерден бейнематериалдар, пікірлер және қысқа есептер жариялап отырды. Бақылау материалдарымен «Ел Дауысы» қоғамдық қорының парақшаларынан және қор жетекшісі Айда Жексенованың әлеуметтік желілердегі парақшасынан танысуға болады.
Алдын ала нәтиже бойынша қор өкілдері «Ел Дауысы» қоғамдық қорының қоғамдық бақылау желісі елдің ондаған қаласында дауыс беру процесіне мониторинг жүргізуге және учаскелердегі ақпаратты жедел тіркеуге мүмкіндік жасалғанын атап өтті.