ШҚО Зайсан ауданы Көгедай ауылдық округіндегі №598 сайлау учаскесінде «Мерейлі отбасы» облыстық байқауының жеңімпаздары — Бозтаевтар әулеті дауыс берді.
Үлгілі отбасы мүшелері саяси науқанға бірге қатысып, ел болашағы үшін өз таңдауларын жасады. Отбасы мүшелері ел тағдырына бейжай қарамай, әр азаматтың дауыс беруі маңызды екенін атап өтті.