Тараз қаласындағы «Көне Тараз» этно-мәдени кешенінде жастарға арналған LIVE-концерт өтті. Өңірлік «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының қолдауымен ұйымдастырылған кешке 5 мыңға жуық жас қатысты.
Концерт барысында қазақстандық эстрада орындаушылары IL’HAN мен BAYANSULU сахнаға шығып, танымал әндерін орындады. Концерт жастарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мәдени-көпшілік форматта өтті.
Кеш аясында «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері Сәкен Ермек пен Қарақат Тұрсынхан қатысушылармен кездесіп, жаңа Ата заң жобасының негізгі бағыттары туралы ақпарат берді. Сондай-ақ оның қоғам үшін маңызы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында тараздықтар 15 наурызда өтетін референдумға қатысу мүмкіндігі туралы ақпарат алып, өз таңдауын жасауға шақырылды.


