Бүгін Ақтөбе қаласында спорттан әлем чемпиондары өз таңдауларын жасады. Атап айтқанда, дзюдодан әлем чемпионы, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері Рустам Ибраев және бокстан әлем чемпионы Галиб Джафаров өз сайлау часкелеріне барып, дауыс берді.
«Бүгін мен де Ақтөбе жұртшылығымен бірге республикалық референдумға келіп, өз дауысымды бердім. Мен үшін азаматтық борышымды орындау өте маңызды.
Таңдауымды жасау арқылы ел болашағына өз үлесімді қосамын деп сенемін. Дауыс беру – әрқайсысымыздың еліміздің болашағына деген жауапкершілігімізді көрсетудің ең айқын жолы. Бұл – әр азаматтың жеке құқығы қана емес, сонымен қатар мемлекетіне деген құрметі мен қамқорлығының белгісі. Осы қабылдаған шешімдеріміз болашаққа бағыт-бағдар береді.
Сондықтан елінің келешегін ойлаған әрбір азамат таңдау жасап, дауыс беруі керек», – деді Рустам Ибраев.
Галиб Джафаров — 2003 жылғы бокстан әлем чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Ол халықаралық ареналарда сан рет ел намысын қорғап, зор жетістікке жетті. Бүгінде қоғамдық іс-шараларға белсенді араласады. Жерлесіміздің айтуынша, осындай маңызды іс-шаралар мемлекеттің болашағы үшін аса маңызды.
«Бүгінгі референдум мемлекетіміздің болашағын айқындайды. Азаматтар қабылдайтын шешім Отанымыздың келешек тағдырына әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан әрбір азамат бүгін өз ұстанымын білдіріп, жалпы қоғам өміріне белсенді араласуы керек», –
деді ол.
