«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік орталығында компаниялар тобы қызметкерлерінің қатысуымен жаңа Конституция жобасының негізгі аспектілеріне арналған кездесу өтті.
Іс-шара барысында Негізгі заң жобасында ұсынылған өзгерістер және олардың еліміздің және экономиканың дамуына тигізетін ықпалы қаралды. Қатысушылар енгізілген өзгерістерді және алдағы референдумның елдің дамуындағы маңызды рөлін талқылады.
Референдум ‒ азаматтардың елдің болашағын айқындайтын шешімдерге тікелей қатысуына мүмкіндік беретін негізгі механизм екеніне ерекше назар аударылды.
Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Жақсыбек Құлекеев өз сөзінде Негізгі құжаттың заманауи талаптар мен мемлекеттің стратегиялық басымдықтары ескеріле отырып әзірленгенін атап өтті. Өзгерістер ең алдымен елдің құқықтық базасын нығайтуға, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтуге, сондай-ақ білім, ғылым және инновацияны дамытуға бағытталғандығына тоқталды.
«Референдум – халыққа тек шешім қабылдауға мүмкіндік беріп қана қоймай, мемлекеттік бастамаларға саналы түрде қарауға, ұсынылып отырған өзгерістерді терең түсінуге және елдің дамуына жауапкершілікпен қарауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Ж. Құлекеев.
Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия мүшесі Дихан Қамзабекұлы.
«Конституция – мемлекеттің іргетасы. Негізгі заңды жетілдіру қоғамның дамуын көрсетеді. Алдағы референдум әрбір азаматқа елдің болашағына қатысты маңызды мәселелер бойынша өз пікірін білдіруге мүмкіндік береді», – деді.
Кездесу барысында тележүргізуші Санди Сұлтан да азаматтық белсенділіктің маңызына тоқталды: «Референдум – қоғамдағы әрбір азаматтың дауысы естілетін маңызды демократиялық құрал. Мұндай кездесулер халыққа ұсынылып отырған өзгерістердің мәнін түсінуге және саналы таңдау жасауға мүмкіндік береді», – деді ол.

