Бүгін Павлодар қаласының Достық Үйінде жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру науқаны аясында «JEBE Quiz» зияткерлік ойыны өткізілді.
Жалпыұлттық коалиция мүшесі - «Jebe» ұйымымен бірлесе ұйымдастырылған шарада түрлі деңгедегі маслихат депутаттары, партиялардың жергілікті филиалдары, өңірлік кәсіподақ мүшелері, қоғам белсенділері және өзге де түрлі сала өкілдері бас қосты.
Атап өтерлігі, «JEBE Quiz» біліктілік сайысы жаңа Ата заңның мазмұнын халыққа кеңірек түсіндіруге және азаматтық белсенділікті нығайтуға бағытталған.
Бірнеше командаға бөлініп, бақ сынасқан қатысушылар тапқырлықты қажет ететін интерактивті ойын Мемлекеттің Басты құжатын жаңа қырынан тануға, Конституцияның құықтық негіздері жайлы өзгеше ой қорытуға мүмкіндік бергенін айтады.
Осылайша, жалпыұлттық коалиция тарихи референдум қарсаңындағы түрлі кездесулерден бөлек, quiz форматы арқылы 100-ге жуық қатысушы қамтып, Жаңа Конституцияның басымдықтары жайлы жан-жақты мағлұмат берді.





