Бүгін, 15 наурыз күні кешкі сағат 20:00-де Қазақстандағы референдум учаскелері жұмысын аяқтап, дауыстарды санауға кірісті.
Айта кетейік, бүгін таңғы сағат 07:00-де ел бойынша 10 388 учаске жұмысын бастаған болатын.
Жалпы, Қазақстанда 12 461 796 адам референдумға қатыса алады. Әзірге, шетелдегі бірқатар референдум учаскелері жұмыс істеп жатыр.