Қазығұрт ауданы, Қарабау ауылдық округінде орналасқан №293 референдум учаскесіне 100 жастан асқан қария Халық Әрипов келіп, өз таңдауын жасады. Ғасыр жасаған ақсақалдың референдумға арнайы келіп дауыс беруі – жас ұрпаққа үлгі боларлық іс.
Қария жиналған көпшілікке ақ батасын беріп, елдің тыныштығы мен бірлігін, берекесі мен ынтымағын тіледі.
Сондай-ақ, елдің болашағы жарқын болып, ұрпақтар сабақтастығы жалғаса берсін деген ізгі тілегін білдірді. Көпшілік қарияның белсенділігіне ризашылықтарын білдіріп, оны кейінгі буынға өнеге екенін атап өтті.



