Қаз
Коалиция мүшелері KEGOC ұжымымен жаңа Конституция жобасы талқылады

Астанада «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының өкілдері «KEGOC» АҚ еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесуді ашқан Астана қалалық мәслихатының депутаты Азамат Айтхожин тіл, дін және ұлтаралық келісім мәселелеріне тоқталып, еліміздің бейбітсүйгіш бағытын атап өтті. Оның айтуынша, жаңа Конституция халық бірлігін нығайтып, адам құқықтарын қорғауды күшейтуге ықпал етеді.

«Қазақстан – 120-дан астам ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүретін, діни сенім бостандығы қамтамасыз етілген мемлекет. Әр азамат ислам, христиан, буддизм және басқа да діндерді еркін таңдауға құқылы. Бұл – біздің үлкен жетістігіміз, оны сақтауымыз қажет», – деді ол.

Өз кезегінде «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары кеңесінің мүшесі Елдос Абаканов Конституция заманауи шындықты бейнелеп, мемлекет пен қоғамның, экономика мен технологияның өзгерістеріне бейімделуіне мүмкіндік беруі тиіс екенін айтты. Ол сондай-ақ экология және табиғи ресурстарды қорғау мәселелеріне тоқталды.

«Жаңа редакцияда табиғатқа ұқыпты қарау қағидаты күшейтіледі. Конституцияда қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау қажеттігі тікелей бекітіледі. Біз – Қазақстанның біртұтас халқымыз және еліміздің табиғи байлықтарына қамқор болуымыз керек», – деді ол.

Астана қалалық мәслихатының депутаты Қанат Естек жаңа Конституция жобасы азаматтардың белсенді қатысуымен әзірленгенін атап өтті.

«Бұл Конституцияны халықықтық заң деп сеніммен айтуға болады. Алты ай ішінде 10 мыңнан астам ұсыныс түсіп, олар ашық тыңдауларда талқыланды. Қолданыстағы Конституция 1995 жылы шектеулі мамандар тобы тарапынан қабылданған еді, олардың қатарында шетелдік сарапшылар да болды. Жаңа жоба басқарудың заманауи тәсілдерін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін ескеріп, елді жаңа экономикалық және технологиялық сын-қатерлерге бейімдейді», – деді ол.

ҚР ҰКП «Атамекен» Энергетика және ТКШ департаментінің директоры Жақып Хайрушев Конституцияның энергетика саласы үшін маңызына тоқталды. Оның айтуынша, жаңа Негізгі заң кәсіби әрі болжамды басқаруға институционалдық негіз қалыптастырады.

«Мен сала маманы ретінде энергетиканың жауапкершілігі қандай екенін жақсы түсінемін. Бұл жерде кез келген қателік қымбатқа түседі, әр шешімнің артында бүкіл энергожүйенің жұмысы тұр. Жаңа Конституция жүйелік тұрақтылық пен болжамдылық береді», – деген спикер сала үшін маңызды негізгі өзгерістерді атап өтті:

«Болжамдылық: энергетика ұзақмерзімді жоспарлаумен жұмыс істейді, құқықтық мемлекет қағидатын бекіту ережелердің күрт өзгеру қаупін азайтады. Жауапкершілікті шоғырландыру: Парламенттің бірпалаталы моделіне көшу салалық заңдарды жедел қабылдауға мүмкіндік береді. Цифрландырудың конституциялық басымдық ретінде айқындалуы цифрлық платформаларды, режимдерді интеллектуалды басқаруды, предиктивті талдауды дамытуға институционалдық қолдау жасайды. Бұл қағидаттардың Негізгі заңда бекітілуі ұзақмерзімді IT-жобалардың тұрақтылығын қамтамасыз етеді», – деді.

Сондай-ақ ол цифрлық ортадағы құқықтарды және дербес деректерді қорғаудың маңызын атап өтті.

«KEGOC аса маңызды инфрақұрылымды басқарады. Ал киберқауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің бір бөлігі. Цифрлық құқықтарды конституциялық қорғау SCADA жүйелерін, байланыс желілерін қорғау талаптарын күшейтіп, жүйелік тұрақтылықты арттырады. Энергетиканың болашағы – күрделі инженерлік шешімдер мен технологияларды ықпалдастыру. Егер мемлекет білім мен технологияны басымдық ретінде айқындаса, бұл саланың инновациялық әрі орнықты дамуына негіз болады», – деді ол.

Жаңалықтар көбірек:
Конституция нақты жұмыс істейтін тетікке айналуы керек
10
Ақтөбелік дәрігерлер Ата заң жобасын қолдады
6
Шығармашылық интеллигенция референдумды қолдайды
8
Білім, ғылым, инновация – мемлекеттің болашағы
13
Әр азаматқа арналған Конституция
11
Коалиция мүшелері KEGOC ұжымымен жаңа Конституция жобасы талқылады
14
Көшбасшы әйелдер жаңа Конституция құндылықтарын толық қолдады
22
«Нұрлы жол» теміржол вокзалының ұжымына Конституция жобасы таныстырылды
9
Астанада жаңа Конституция жобасы ардагерлермен талқыланды
17
Жезқазған мұнай құбыры басқармасының ұжымы жаңа Конституция бойынша референдум өткізуді қолдады
19
Әр дауыс – еліміздің болашағы
29
Референдум ұлтымыздың бірлігін, тұтастығын айшықтайды
23
Азаматтардың 90%-ға жуығы жаңа Конституция жобасын қолдайды
31
Заманауи, ойы озық қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам
28
Конституциялық өзгерістердің мәнін түсіндіру – ортақ міндет
28
Бұл – уақыт талабы әрі болашақ алдындағы жауапкершілік
33
Енді басты назар адам құқықтары мен бостандықтарына аударылып отыр
37
Астанада жаңа Конституция жобасын түсіндіру бойынша еңбек ұжымдарымен кездесу өтті
27
Еңбек адамының мүддесіне қызмет етеді
34
Конституциядағы өзгерістер еліміздің тұрақты дамуына және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге негіз қалыптастырады
33
Ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашатын рухани және стратегиялық қадам
28
Жаңа Конституция және мәдениет: рухани қауіпсіздік пен ұлттық бірегейліктің кепілі
40
Адами капиталды дамыту – жаңа Конституцияның стратегиялық бағыты
36
Елде алғаш рет Брайль қаріпімен Конституцияның нұсқасы дайындалды
34
Азаматтардың құқықтарын қорғаудың іргелі тірегі
30
Оралда референдумды қолдауға арналған форум жастардың бірлігі мен ортақ ұстанымын айшықтады
30
Әр дауыс – тұрақты әрі әділетті қоғам құру жолындағы нақты қадам
27
«Қазпочта» АҚ ұжымымен жаңа Конституция жобасына арналған кездесу өтті
18
Мемлекеттік кеңесші Жалпыұлттық коалицияның мүшелерімен бірге Абай облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді
75
Әділетті Қазақстан жолында: Бесқарағайлықтар жаңа Конституция жобасын қолдады
59
Халықтың мемлекет басқару ісіне араласуының айқын көрінісі
66
Конституция – стратегиялық таңдау: Абай ауданының тұрғындары жаңа Ата Заңды қолдайды
60
Бұл өзгерістер біздің ұжымға өз жұмысын тиімді ұйымдастыруға және сапалы көмек көрсетуге жол ашады
71
Жарма ауданының тұрғындары мен еңбек ұжымдары жаңа Конституцияны қолдауда
56
Абай облысында қоғам өкілдері жаңа Конституцияны қолдауға дайын екендерін мәлімдеді
48
Мемлекеттің дамуы оның құқықтық негіздерін жаңартудан басталады
86
Ақ халаттылар – жаңа Ата заңды қолдайды
60
«KazTransOil» ұжымымен жаңа Конституция жобасы талқыланды
78
Референдум – ел болашағына деген сенімінің айқын көрінісі
58
Ел болашағы біздің белсенділігіміз бен жанашырлығымызға байланысты
67
Конституция жобасы қоғам сұранысына сай әзірленгенін
78
Қарағанды облысында 2000-ға жуық жас жаңа Конституция жобасын қолдады
56
Конституциялық өзгерістер елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған нақты қадам
68
Экология және еңбек адамы: Атырау облысының жұртшылығы жаңа Конституция жобасын қолдайды
68
Аида Балаева: Туризм саласы үшін болжамды ережелер мен сенім аса маңызды
71
Алматы облысында коалиция мүшелері «Green Land Alatau» жылыжай кешенінің ұжымымен кездесті 
63
Өскеменде бизнес және агроөнеркәсіп кешен өкілдері конституциялық реформаны қолдады
64
Жаңа конституциялық нормалар: Цифрлық құқықтардан тұрғын үйді қорғауға дейін
69
Шығармашылық ұжымдар қауымдастығы жаңа Конституция жобасын талқылады
68
Еңбек адамының мүддесі басты назарда: «СемАЗ» ұжымы жаңа Конституцияны бірауыздан қолдады
53
Жаңа Конституция – Берекелі еңбектің кепілі
68
Қордаланған мәселелерді шешу және тұрмыс сапасын арттыру: Маңғыстау қоғамы жаңа Конституцияны қолдайды
88
Жаңа Конституция – білім саласының дамуына жол ашады
73
«Ең басты өзгеріс – Конституцияның өзегінде адам тұр» – Аида Балаева «Қазцинк» ұжымымен кездесуде
46
«Конституцияда өнер адамдарына қатысты нақты нормалардың қамтылуы – мәдениет саласына көрсетілген ерекше құрметтің белгісі»
87
Ұлытау жастары жаңа Конституцияны қолдайды
66
«ҚазТрансОйл» конституциялық реформаларды талқылады
59
Конституциялық өзгерістер Жаңаөзен жұртшылығымен талқыланды
78
Алматыда этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесу өтті
66
Бірлік пен ынтымақ, этносаралық және дінаралық келісім Қазақстан мемлекеттілігінің берік іргетасы ретінде бекітілген
54
«Жер мен табиғи ресурстар халыққа тиесілі, ал мемлекет меншік құқығын халық атынан жүзеге асырады» 
67
Ұстаздар референдумға біркісідей қатысады
47
Цифрлық дәуір талаптарына сай құқықтық негіз қалыптастыратын құжат
73
Еңбек адамының мүддесі – мемлекет назарында
78
Жалпыұлттық коалиция Түпқараған ауданының тұрғындарымен кездесті
66
Атыраудағы еңбек ұжымдары жаңа Конституция жобасын қолдады
60
Елімізде қауіпсіз еңбек жағдайына кепілдік беріледі 
77
Аида Балаева ШҚО жұртшылығымен кездесу барысында жаңа Конституцияның негізгі ережелері туралы баяндады
111
Астанада жалпыұлттық референдумды қолдауға арналған концерт өтті
74
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Алматы облысында мерекелік іс-шара өтті
67
Семейде жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған акция өтті
75
«Қазақтелеком» АҚ Маңғыстау филиалының ұжымы еліміздің жаңа Конституциясын қолдайды
91
Ертеңгі күнге деген сенімді нығайтады
84
Жаңа Конституция – тұрақтылық пен даму кепілі
78
Саналы таңдау жасау үшін ең алдымен толық ақпарат алу маңызды
85
Конституциялық құндылықтар – қоғам сұранысы
84
Бұл - іргелі ілгерілеудің көрінісі
92
«Ұлттық валютаны Конституцияда бекіту – тәуелсіздіктің құқықтық жалғасы әрі тарихи сабақтастықтың көрінісі»
61
Преамбулада тұнған парасат: Ұлы дала ұлағаты мен жаңа заман жасампаздығы
72
Айдос Сарым: «AMANAT» партиясы конституциялық жаңалықтарды толығымен қолдайды
62
Арнайы кітапхана ұжымымен Конституция жобасы талқыланды
74
Астанада футбол матчы кезінде конституциялық реформаларды қолдауға арналған ауқымды патриоттық акция өтті
66
«Жастар таңдауы – жаңа Конституция!»: Шығыс Қазақстандағы ең ірі алаңда 12 000 көрермен жиналды
71
Қарағанды облысында екі мыңға жуық жас жаңа Конституция жобасын қолдады
55
«Президенттің бастамалары халықтың жүрегінде көптен бері жүрген дүниелерді айқындайды» – Арман Қырықбаев
72
Білім алу құқығы және шығармашылық еркіндігі: Павлодарда 200-ден астам тұрғын ашық кездесуге қатысты
73
Таразда жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған LIVE-концерт өтті
72
Түркістан облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған заманауи мурал салынды
73
Астанада жаңа Конституцияға байланысты референдум қарсаңында Taldau Run өтті
86
Мемлекеттің саяси партиялары жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
94
«Абай әділетті айтты, ал Конституция соны заң деңгейінде бекітеді»
80
Референдум-2026: Астанада «Жеңіс» футбол орталығында кездесу өтті
66
Мәдениет пен шығармашылық еркіндік – конституциялық деңгейде
71
«ASIA TRAFO»: Қоғамның сұранысынан туындаған өзгеріс
68
Тарихымызды қастерлеп, мәдени мұрамызды сақтайық
105
Мемлекеттік кеңесші Жалпыұлттық коалициясының мүшелерімен бірге Қостанай облысының жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді
72
Өндіріс саласының жастары жаңа Ата Заңды қолдады
67
Қостанай облысының креативті жастары жаңа Конституцияны қолдайды
71
Референдум–2026: дауыс беру учаскеңізді қалай білуге болады?
298
Қостанай облысының жұртшылығы жаңа Конституцияны елдің прогрессивті дамуының маңызды қадамы ретінде бағалады
72