«Қазақтелеком» АҚ Маңғыстау филиалының ұжымы елдің жаңа Конституциясын қолдайтынын білдірді. Филиалда өңірдің телекоммуникациялық инфрақұрылымын дамыту мен үздіксіз байланыс қызметін қамтамасыз ететін 200-ден астам маман еңбек етеді.
«Қазақтелеком» АҚ Маңғыстау филиалы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып келеді. Кәсіпорын тұрғындар мен ұйымдарға заманауи байланыс қызметтері мен цифрлық сервистер ұсынады. Филиалдың тұрақты жұмысы аймақ халқының өмір сапасын арттыруға және цифрлық экожүйені нығайтуға ықпал етеді.
«Қазақтелеком» АҚ Маңғыстау филиалының директоры Нұркен Сүйепов ұжым алдында сөйлеген сөзінде алдағы өзгерістердің маңыздылығын атап өтті.
«Филиал ұжымы Президенттің жаңа Конституция қабылдау жөніндегі бастамасын қолдайды. Ұсынылып отырған өзгерістер елдің одан әрі дамуына, азаматтық қоғамның рөлін арттыруға, әділеттілік пен жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталғанына сенімдіміз. Біз үшін Қазақстанның болашағына өз үлесімізді қосу маңызды. «Қазақтелеком» АҚ Маңғыстау филиалының ұжымы елдің жаңа Конституциясын толық қолдайды», – деді Нұркен Сүйепов.
Филиал қызметкерлері жаңа Конституция мемлекеттілікті нығайтуға және қоғамдық-саяси жүйенің тиімділігін арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.
«Қазақтелеком» АҚ Маңғыстау филиалы белсенді азаматтық ұстанымына адал екенін және елдің дамуы мен өркендеуіне әрі қарай да үлес қоса беруге дайын екенін мәлімдейді.