Қаз
Джордж Ацалакис: Қазақстан Орталық Азиядағы қуатты әрі өркендеген мемлекетке айналмақ

Фото: istockphoto.com

Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіші оның жаңа көзқарасын іске асыруға берік негіз қалап отыр.

Греция еліндегі Крит техникалық университеті – Ғылыми деректер зертханасының доценті, экономист Джордж Ацалакис Қазақстанда қаралып жатқан жаңа Конституция өзгеруі, жалпыұлттық коалицияның құрылуы, елдегі саяси реформалардың халыққа ғана емес, бүкіл әлемге әсері барын қозғады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның айтуынша, білім – не істеу керектігін білу. Дағды – оны қалай істеу керектігін білу, ал даналық оны қашан істеу керектігін білуде.

– Ұлы философ Аристотель «жоспарлау мен болжау – табиғатынан еркін адамды құлдан ажырататын негізгі элемент» дегендей, яғни келешегін жоспарлап, болжай алмаған адам еркіндігін жоғалтып, тәуелді болатынын айтады. Сондықтан басшылық туындайтын мүмкіндік пен қауіп-қатерді алдын ала болжай отырып, стратегия қалыптастыруы тиіс. Сол себепті көшбасшылар елді парасаттылықпен басқаруы тиіс: халықтың қажеттілігін назарға ала отырып, қоғамның ғасырлар бойы сақтап келе жатқан салт-дәстүрі мен тарихи құндылықтарын заңдық тұрғыда құрметтеуді талап етуі керек. Өйткені халықтың құндылығы болашақ үшін өте маңызды. Оның үстіне, көшбасшы өзіне дейін қалыптасқан негізге сүйенуі тиіс. Ал демократия өздігінен дамуды қамтамасыз етпейді. Егер қоғамның жұмыс істеу ережелерін құрметтей отырып, оны парасатты басқарса ғана демократияны қамтамасыз етіп, сақтай алады.

Әлем жаңа мегациклдің бастауында тұрғанда, алдағы дәуір бұрынғы кезеңдерден түбегейлі өзгеше болмақ. Демографиялық, экологиялық, экономикалық және технологиялық өзгерістер алдағы онжылдықта әлем дамитын негізгі осьті айқындайды. Бұл процестер – жеке тұлғаға да, мемлекет деңгейінде де жаңа мүмкіндіктер туғызады. Яғни, соның арқасында  қоғам мен ұлттардың пайдасына жарап, өмір сүру қалпын жақсартып, еңбек етіп, өркендей түседі. Сонымен қатар осы өзгерістер жаңа сын-қатерлерді туғызады, ал бұл үкімет пен экономиканың бейімделу қабілеті мен  қажетті реформалардың өтуін сынай келе, олардың алдағы экономикалық циклдің жаңа фазасына қатысуына мүмкіндік туады, – дейді экономист Джордж Ацалакис.


Экономистің айтуынша, елдің жалпы жиынтық қуаты нақты бірнеше саланың дамуына қарай белгіленеді. Кезегімен айтар болса, біріншісі – білім. Одан кейін өнертапқыштық пен инновациялық технологияларын дамыту; тауарлар мен қызметтердің әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі; экономикалық өндірістің көлемі; әлемдік саудадағы үлес; әскери қуат; қаржы орталығының күші; валютаның тұрақтылығы.

– Білім – ұзақмерзімді қуаттың іргетасы. Білім деңгейінің артуы, әдетте, инновациялар мен технологиялық дамудың өсуіне әкеледі. Сондықтан елдің азаматтары мықты білім алуы керек, бұл адам бойындағы білім мен дағдыны жетілдіріп қана қоймай, қайсар мінезді, әдепті, еңбек этикасын, тұлғааралық қарым-қатынасты, ізгі қасиетті, ынтымақтастық пен қоғамға қызмет ету рухын қалыптастырады. Бұл – заңдар мен ережелерді құрметтеуге, қоғамдық тәртіпті сақтауға, сыбайлас жемқорлықтың азаюына және ортақ көзқарас төңірегінде біріге алу қабілетін үйретеді.

Білімге қолжетімділік пен оны жетілдіру, азаматтардың жеке қабілеттерін дамыту – ел дамуының негізгі алғышарттары. Жастарды ел ішінде ұстап қалу және түрлі өңірлер мен ұлт өкілдерінің таланттарын тарту арқылы елдегі білікті адами капитал толығымен қамтылады. Соның арқасында елдің өркендеуіне қажетті кез келген орасан мақсаттар еңсеріледі. Оған қоса, қарапайым жұмыс болса да ескіден бас тартып, жаңа әдістерді іздестіріп, ынталандыру өте маңызды.

Әсіресе, білім мен ғылым, технология саласында жетістіксіз алға жылжу, өсу мүмкін емес. Алдағы жылдары жаһандық бәсекелестік күшейе түседі. Технологиялық артықшылық беретін талант, білім және нарық секілді негізгі элементтері жаңа технологиялық көшбасшыларды туғызуы мүмкін. Жеңіс жаңаны енгізу арқылы ғана келеді. Сол себепті мемлекеттік те, жеке сектор да жасанды интеллектіні, яғни  алдыңғы қатарлы материалдардың технологиясын, биотехнологияны және Төртінші технологиялық революцияның өзге де жетістігін күнделікті қолдануға көшуі тиіс. Жасанды интеллект «ақылды автономды» әрі арзан қорғаныс жүйесін (дрондар топтамасы және т.б.) дамыту арқылы елдің қорғаныс қабілетін күшейтіп, білікті жұмыс күшін кеңінен тартуға мүмкіндік береді. «Деректер экономикасы» дәуірінде цифрлық технологиялар мен алгоритмдер күрделі міндеттерді адам қатысуынсыз орындайтын болады, – деді доценті Джордж Ацалакис.

Оның айтуынша, әлем түрлі конфигурациялар мен траекторияларды қабылдап, қат-қабаттанып жатыр. Әралуандық елдің ерекшелігін көрсете отырып, бұл оның байлығы екеніне көз жеткізеді. Сондықтан әркім өз идеясы мен қабілетін сынап көруге мүмкіндігі бар. Алайда сәтсіздікке ұшыраса, ешкім назардан тыс қалмауы керек.

– Көшбасшының рөлі өзгеге үлгі болуы тиіс. Ол саналы жоспарлап, сабырлық сақтап, табандылықтан таймауы керек. Көшбасшы деген бағытын айқындап, жол көрсетіп, соңына дейін алған бетінен қайтпауы қажет. Бағыт айқындауы және соңына дейін берік болуы тиіс. Ұзақ макроэкономикалық циклдер теориясына сәйкес, 2025 жыл – өзгерістерді құртатын кезеңнің бастауы. Салдарынан экономикалық және саяси географияны түбегейлі өзгертіп, оның  әлеуметтік, экономикалық және геосаяси деңгейдегі  стратегиялық тәсілдерді жаңартуға мүмкіндік беріп, экономикаға тұрақтылық пен бейімделуді әрі ұзақмерзімді өміршеңдікті береді,  – дейді ол.

Экономист 56 жылдық экономикалық мегацикл диаграммасын мысалға келтіріп, әр циклдің 28 жылдық тоқырау кезеңінен және өрлеу фазасынан тұратынын көрсетті. Соның аралығында жаңа технологиялардың пайда болуымен түбегейлі әрі ауқымды өзгеріске әкеліп, экономика мен қоғамның  алға жылжуына итермелеп, өнімділікті арттырады. Сөйтіп, 28 жылдық жаңа фаза циклі төменгі нүктесінен бастауына түрткі болады.

 – Жаңа экономикалық циклдің басы 2025 жылға келіп тұр. Және осыған байланысты жасанды интеллект, үшөлшемді мөр, алдыңғы қатарлы материалдар, биотехнологиялар, кванттық есептеуіш сияқты базалық технологиялардың пайда болуымен алдағы онжылдықта өнімділігі арта түсіп, экономика мен қоғамды өзгерте түседі. Жаңа циклде экономиканың жас бағыттары дами түспек. Мәселен, жоғары технология және инновация саласындағы негізделе отырып, елде бар компанияларды сыртқа шегеріп немесе жаңа әрі қуатты  мекемелерді шығарады.

Экономикалық қуат – жаһандық геосаясаттағы негізгі фактор. Экономикалық циклдер мемлекеттердің күшін өзгертіп, халықаралық қатынастарға, келісімдерге және  бәскелестіктің динамикасына ықпал етеді. Дәл қазір түбегейлі өзгерістің уақыты келгенін түсінбеген әрбір мемлекет құлдырап, маргиналдану қаупіне тап болады. Бүгінде Қазақстандағы ауқымды реформалардың жариялануы – дәл осы жаңа экономикалық мегациклдің басына сәйкес келді. Бұл – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған көзқарас пен пайымы, – дейді Джордж Ацалакис.

 Қазақстандағы реформалардың серпіні

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеуінде Қазақстанның саяси, конституциялық және экономикалық реформалардың кешенді пакетін жариялап, елдің стратегиялық басымдығын жариялады. Оның ішінде Қазақстанның бір палаталы Парламентке көшуі, жаңа конституциялық үлгіде ұлттық референдум өткізу, вице-президент лауазымын енгізу, сондай-ақ экономикалық интеграция, цифрлық трансформация және инфрақұрылымды дамыту салаларындағы негізгі басымдықтары аталды. Жоғарыда баяндалған қағидаттарға сүйене отырып, Қазақстан өз көзқарасын қалыптастыра отырып, Орталық Азиядағы қуатты әрі өркендеген мемлекетке айналмақ.

Қазақстан өзінің білген-түйгенін көрсетіп, не істеу керегін және оны қалай істеу керегін біліп қана қоймай, сонымен бірге реформаларды қашан жүргізу қажеттігін түсінетін даналыған танытты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстанның болашағына қатысты өз көзқарасын айқын әрі көрнекілікпен сипаттап, оны нақты саясатқа айналдырды. Соның арқасында халықты жігерлендіріп, осы көзқарасты жүзеге асыру мақсатында әрбір азамат өз еңбегімен үлес қосуына сендірді.

Оның үстіне, Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің бұрын-соңды болмаған тарихи кезеңге қадам басқанын әрі сол аралықта, жедел технологиялық өзгерістер мен салалық трансформациялар көп елдегідей еңбекке қабілетті жастағы халық санының қысқаруымен қатар жүретінін жақсы түсініп отыр. Бұл – Қазақстанның болашағы үшін үлкен серпіліс. Уақытты жібермей, дәл қазір әрекет етуі керек. Немесе ешқашан қозғамай, жабулы қазанды жабулы күйде қалдыру қажет,  – дейді Джордж Ацалакис.

  Крит техникалық университетінің доценті алдағы бес жылда көптеген елдерде демографиялық құрылым түбегейлі өзгеруі ықтималдығын жеткізді. Айтуынша, жас тұтынушылар мен инвесторлар басым болған қоғамда  зейнеткерлер үстемдік етеуі мүмкін. Бұл – адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған құбылыс. Зейнеткерлер өндірмейді – олар тұтынады. Сондықтан жастары басым түскен қоғамда басымдық тұтынуға беріледі; өндіріс пен жинақтауда көбіне ересек қызметкерлер болса, ал зейнеткерлер басым болған ортада экономикалық өсімді ілгерілететін күш іс жүзінде қалмайды.

– Алайда Қазақстанның артықшылығы оның демографиялық әлеуеті өте жақсы. Нақтысын айтсақ, туу коэффициенті шамамен 3 пайызға тең; халықтың 50 %-дан астамы 30 жасқа дейінгі жастар және 25 пайыздан астамы 15 жасқа дейінгі балалар. Бұл дегеніміз – елде өндіріс, жинақ және инвестиция үшін қажетті адами капитал барын білдіреді. Яғни, Қазақстанда реформаларды жүзеге асыруға қажетті белсенді әрі жас жұмыс күші бар. Сол себепті Қазақстан дамушы компаниялар мен стартаптар үшін тартымдылығын арттыру мақсатында өз бизнес-экожүйесін жандандырып, жүйелі түрде жұмыс істеуі тиіс. Дәл осы кәсіпорындар елдің бай табиғи ресурстарымен ұштастыра отырып, болашақ табыстың негізін қалайды.

Мысалы, Қазақстан табиғи ресурсқа өте бай. Дмитрий Менделеев кестесіндегі 99 элементтің барлығы дерлік ел аумағында кездеседі. Тіпті, оның барлығы әлі толық игерілмеген. Қазақстан қорғасын, мырыш, хром және уран қоры бойынша әлемде екінші орында тұр. Сондай-ақ көмір, темір, мыс, марганец және алтын қоры бойынша әлемнің алғашқы ондығына кіреді. Бұдан бөлек, мұнай мен табиғи газдың ірі қорына ие, бұл көрсеткіш бойынша әлемде 11-орында тұр.

Бизнес табиғи ресурстарды игеру, жаңа қосылған құн бағасын жасау, бір сөзбен айтқанда, Қазақстан азаматтары үшін жаңа әрі сапалы жұмыс орындарын ашу үшін қажет. Кей мекемелер сәтсіздікке ұшыраса, дүкеннің енді бірі жабылуы ықтимал. Бірақ әр қызметкердің орны бар, соған сай әрбір азамат елі үшін маңызды және ешкім қолдаусыз қалмауы тиіс. Жастарың көбіне жұмыс орнындағы мәртебесі үшін бақталыстықтан қысым көреді. Олар бүгінгі қоғамның барған сайын бай мен кедейдің аражігі ажырап бара жатқаны алаңдатады. Ал әлеуметтік желілер бұл алаңдаушылық одан әрі күшейіп, үнемі салыстыру қызғаныш тудырады. Сондықтан жастарға білім алуына мүмкіндік беріп, өзінің инновациялық кәсіпорнын ашуына капитал қолжетімді еткен жөн, – дейді ол.

Джордж Ацалакис географиялық тұрғыдан Қазақстан – Еуразия жүрегінде, Ресей мен Қытайдың арасында орналасқан құрлықтық мемлекет. Оның теңізге шығуы солтүстік арқылы Ресейге немесе оңтүстік-батыс бағытта Таяу Шығысқа тәуелді. Сондықтан Таяу Шығыс арқылы өтетін дәліздер стратегиялық маңызға ие деп санайды.

 – Құрлықтық державалардың теңіз державаларына қатысты қалай әрекет етуі жөнінде сөз қозғасақ, ендеше, «оңтайлы» стратегияны тек географияға сүйене отырып анықтау ұсынылмайды. Көп жағдайда конструктивті сауда басқыншылық пен қантөгісті соғыстан үстем түседі. Және бұл мемлекет құрлықтық па, әлде теңіздік пе, бұған қарамайды. Осы жағынан Қазақстан өзінің «құрлықтық» мәртебесінен ұтары көп. Өйткені ол жаһандық байланыс желілерінің ажырамас бөлігі болғандықтан, халқы да осы байланыстың игілігін көріп отыр.

Мемлекеттің экономикасы оның жалпы тұрақтылығы мен күш-қуатын айқындауда шешуші рөл атқаратыны белгілі. Мықты экономика көбіне әскердің қуатты болуына, әлеуметтік тұрақтылықтың және басқа да көптеген мүмкіндікке жол ашады. Экономикалық тұрақтылық, икемділік және ресурстың болуы елдің геосаяси мінез-құлқына тікелей әсер етеді.

Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіші оның жаңа көзқарасын іске асыруға берік негіз қалап отыр. Халықаралық валюта қоры дерегіне сәйкес, 2025 жылы Қазақстанның номиналды (ағымдағы) жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 300,05 млрд АҚШ долларын (300 052 000 000 доллар) құрады. 2025 жылғы ЖІӨ өсімі – 5,9%. Халық саны 20 843 754 болған жағдайда, жан басына шаққандағы ЖІӨ 2025 жылы 14 723 АҚШ долларды көрсетеді. Былтырмен салыстырғанда 263 долларға артты. Бұл жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің 1,8% өсіміне сәйкес келеді.

Алайда кез келген жоспарлау мен реформалар барысында ауқатты мемлекеттердің қалыптастыратын жаһандық шындығын ескерген жөн. Фукидид ескерткендей, шынайылықты дер кезінде танып-білмесе, онымен бетпе-бет келгенде әлсіз болып, күйреуі мүмкін. Мемлекет шексіз таңдау мүмкіндігіне немесе шектеусіз саясат жиынтығына ие бола бермейді. Олар өздері өмір сүріп отырған шынайылықты нақты көруі тиіс. Нәтижені айқындайтын – экономикалық және әскери шынайылық. Қажеттіліктер, императивтер, мүмкіндігі мен шектеуі талданып, осы факторлар мемлекеттің әрі қарай не істейтінін белгілейді, – дейді Джордж Ацалакис. 

Анар ҚОНЫС

Жаңалықтар көбірек:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты
146
Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының ХАБАРЫ
199
«AMANAT» партиясы жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Үндеу жасады
149
«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» белсенділері «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ел көлемінде үгіт материалдарын жинауға кірісті
280
Референдум кезінде ұсақ құқық бұзу фактілері ғана тіркелді – «AMANAT» өкілі
117
Референдум нәтижесіне әсер етуі мүмкін заңбұзушылықтар анықталған жоқ – ТүркПА байқаушылары
137
Референдум ашық әрі заңға сай өтті – ТМҰ бақылаушылары
134
ТМД миссиясы: Қазақстандағы референдум ашық әрі тыныш жағдайда өтті
135
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
115
«Халық үні» тәуелсіз бақылаушылары Орталық референдум комиссиясының қорытындысын растады
137
«Ел Дауысы» ҚҚ бақылаушылары референдумда дауыс беру заңды және ашық өткенін жеткізді
122
«AMANAT» партиясының байқаушылары: Референдум ашық әрі жоғары азаматтық белсенділік жағдайында өтті
133
ҚР Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады
168
Экзитпол нәтижелері: қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдады
239
Референдум-2026: «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы референдумда дауыс берді
136
Қазақстандағы референдум учаскелері дауыстарды санауға кірісті
206
«Референдум – 2026»: Онлайн марафон патриотизм, киберспорт және технологиялар тақырыбындағы талқылаулармен жалғасты
138
«Референдум – 2026» онлайнмарафоны жалғасуда. Көрермен назарына өзектімәселелер және өнертабыстар ұсынылды
112
Референдум-2026: кешкі сағат 18.00-ге дейін тізімге енген азаматтардың 70,98% дауыс беріп үлгерген
157
Жамбыл облысында референдум қалай өтіп жатыр – бақылаушы баға берді
132
Қостанайда тұрғындар таңертеңнен бастап белсенді дауыс беріп жатыр – бақылаушы
127
Еліміздегі қоғамдық жағдай тұрақты  
132
«Родина» агрофирмасының басшысы референдум учаскесінде өз таңдауын жасады
147
Павлодарлықтар дауыс беру учаскелеріне ағылуда
136
Республикалық референдумда дауыс бергендердің қатарында бокстан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай да бар
123
Ұлытау облысында референдум мерекелік атмосферада өтуде
139
«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек референдумға қатысты.
132
Көрісу күнімен тұспа-тұс келді: Ақтауда референдум учаскелерінде мерекелік атмосфера орнады
103
Ақтөбеде әлем чемпиондары референдумда дауыс берді
183
Сүйінші! Атазаң дүниеге келді!
152
Шетелдегі 3 мыңнан астам қазақстандық референдумға келіп, дауыс беріп үлгерген
140
Сайрамда көкпаршылар мен байкерлер ел болашағы үшін дауыс берді
126
Қазақстан гимнастика федерациясының президенті, қалалық мәслихат депутаты Әлия Юсупова азаматтық таңдауын жасады
126
Конституциялық реформа азаматтық қоғамның рөлін күшейтеді
168
Ақтөбелік бақылаушы референдум учаскесіндегі ерекше сәт туралы айтып берді
120
Майра Мұхамедқызы: «Мұндайда халықтың бірлігі мен белсенділігі маңызды»
127
Адамдар көтеріңкі көңіл-күймен келіп, өз таңдауын жасап жатыр – бақылаушы Жетісу облысындағы референдум туралы
126
Бір әулеттің үш буыны референдумда дауыс берді
138
Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының ұрпақтары референдумға қатысып, өз таңдауын жасады
163
«Референдум – 2026» онлайн марафоны: инклюзивті қоғам мен бала тәрбиесі тақырыптары кеңінен талқыланды
140
ТМД ПАА миссиясы Қазақстандағы референдумды ұйымдастыруға қатысты ешқандай ескерту тіркеген жоқ
126
ТМД ПАА бақылаушылары Қазақстандағы референдумда дауыс беру ашық өтіп жатқанын айтты
113
Әрбір азамат өз таңдауын еркін жасап жатыр - бақылаушы
126
Өнер мен мәдениеттің арқасында саяси науқан тұрғындар үшін мерекеге айналды
113
40 ене мен 40 келін – бірліктің жарқын үлгісі
139
ШЫҰ миссиясы Қазақстандағы референдумның техникалық дайындығын бағалады
137
Қытайда референдум бойынша төрт дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр
143
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді 
418
Қазақстандағы үш ірі мегополистің әкімдері референдумда дауыс берді
115
Қостанайдағы №1 сайлау учаскесінде танымал сыйқыршы Төрехан Жұманов шоу ұйымдастырды
133
Аида Балаева референдумда дауыс берді
179
Шымкентте тұрғындар референдумға ұлттық киіммен келіп, ерекше белсенділік танытты
113
Түркістанда бокстан ұлттық құрама спортшылары референдумда дауыс берді
120
Шымкенттегі Достық үйінде референдум ерекше рухта өтіп жатыр
125
Осы жолғы референдумда сайлаушылардың белсенділігі бірден байқалады – бақылаушы
103
Қазығұрт ауданында 100 жастан асқан қария референдумда дауыс берді
107
Халықтың 19,21 пайызы дауыс беріп үлгерген - Орталық референдум комиссиясы
96
Қызылорда өңірінде 2637 жас бірінші рет дауыс беру құқығына ие
117
«Мерейлі отбасы» – Бозтаевтар әулеті дауыс берді
128
105 жастағы майдангер референдумда бірінші болып өз таңдауын жасады
114
«Абысын татау болса...» – маңғыстаулық абысын-ажындар референдумға қатысты
110
«Ғасыр әже» ансамблінің мүшелері дауыс берді
105
Мәулен Әшімбаев: референдум – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жарқын көрінісі
197
Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді
132
Қазақстанның еңбек ері Имамзада Шағыртаев өз таңдауын жасады
121
«Референдум – 2026» республикалық онлайн марафоны басталды
226
«Референдум – 2026»: Елдің маңызды саяси оқиғасы live форматта
194
Қостанайдағы референдум учаскесінде Наурыз қарсаңында Қыдыр ата дауыс берді
118
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин референдумда дауыс берді
190
Мәжіліс төрағасы жаңа Конституция бойынша республикалық референдумда дауыс берді
242
Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумда дауыс берді
119
Геннадий Головкин Бангкокте жаңа Конституция бойынша референдумда дауыс берді
115
Референдум: Ең алғашқы дауыс беруші Жапонияда өз таңдауын жасады
121
Елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша референдум басталды
160
Қазақстанда жаңа Конституция жобасын түсіндіру науқаны аясында 23 мыңнан астам кездесу өтті
188
Сыр өңірінде жаңа Конституция жобасын қолдауға бағытталған Open air-ге 20 мыңға жуық адам жиналды
145
Жаңа Ата заң: Мәжіліс депутаттары көлік кәсіпорындарының қызметкерлерімен Конституция жобасын талқылады
134
Жалпыұлттық коалиция: Қызылордада кәсіпкерлермен жаңа Конституция жобасы талқыланды
153
Жаңа Конституцияны танытудың жаңа форматы – JEBE Quiz
146
Жастар – Жаңа Қазақстанның қозғаушы күші
135
Жастар және Конституция: Астанада Talks форматында ашық диалог өтті
146
Қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдайды – Коалиция
192
Ұлытауда жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
159
Референдум - демократиялық қоғамның маңызды көрсеткіші
174
«Саран» шахтасының кеншілері Конституцияда бекітілген азаматтық жауапкершілік идеясын қолдайды
127
Көне Тараздағы әуенге толы жастар кеші
117
«Негізгі заңды жетілдіру қоғамның дамуын көрсетеді» – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясында кездесу өтті
128
Ұстаздар қауымымен кездесті
134
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөз сөйледі
217
Жамбыл облысында жалпыхалықтық коалиция мүшелері жастармен кездесті
126
Nazarbayev University-де жаңа Конституция жобасы талқыланды
164
«Барыс Аренада» жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
143
Қоғамдағы әділдік қағидаттарын нығайтуға бағытталған
146
Жаңа заң жобасы - әрбір азаматтың лайықты өмірінің кепілі
123
Референдум-2026: Шымкентте медицина қызметкерлерімен Конституция жобасы талқыланды
138
Жалпыұлттық коалиция Сыртқы істер министрлігі ұжымымен кездесу өткізді
129
«Конституция – басты бағдар» – «Теплотранзит» алаңында мазмұнды кездесу өтті
119
1000 қатысушыны біріктірген форум: Халықтық Конституцияны қолдау
160
Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұжымымен кездесті
128
Еңбек адамының құқығы мен отбасы құндылығы – жаңа Конституцияда
121