Қарағанды облыстық зағиптар мен нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада Брайль қаріпімен басылған жаңа Қазақстан Республикасының Конституциясы жобасының бірегей басылымының салтанатты тұсаукесері өтті.
Елімізде алғаш рет Негізгі заң көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін толығымен бейімделген арнайы форматта ұсынылды. Басылым - республикадағы зағип және нашар көретін оқырмандардың қажеттіліктерін ескере отырып дайындалған Конституция жобасының жалғыз нұсқасы.
Жоба Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен іске асырылды және өңірде инклюзивті қоғам қалыптастыру бойынша практикалық қадамдардың бірі болды.
