Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде өңірлік коалиция мүшелері алғаш рет дауыс бергелі отырған жастармен мазмұнды кездесу өткізді. Басқосу барысында Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, оның ел дамуы үшін маңыздылығы және әрбір азаматтың таңдау жасау жауапкершілігі кеңінен түсіндірілді.
Кездесуде жастарға референдумның тарихи мәні ерекше атап өтілді. Себебі алғашқы дауыс – бұл тек құқық қана емес, ел болашағына деген жеке жауапкершіліктің көрінісі.
Коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасы азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, әділетті қоғам қалыптастыруға және мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға бағытталғанын жеткізді.
Жастар өз кезегінде белсенділік танытып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Олар алдағы референдумға қатысу – өз болашағына бейжай қарамайтынын білдіретін маңызды қадам екенін атап өтті.

