Қаз
Конституциялық реформа – саяси жүйенің жаңғыруы
Ел арасында жаңа Конституция жобасы қызу талқыланып жатыр. Заңды дүние. Осыдан 10-15 жыл бұрынғы қоғамның саяси үдерістерге деген көзқарасын қазіргі көзқараспен мүлдем салыстыруға болмайды.

Бұрын Конституция жобасын жалпы қолдаймыз деген басым пікірлер болса, қазір қоғамда жаңа Конституция жобасының әр бабын жіктеп-жіліктеп, өз көзқарастарын білдірушілер әлеуметтік желіде ашық талқылауда.

Жаңа Конституция жобасының бұ­рынғы Конституциялардан басты айыр­машылығы – преамбуласының жаңғыр­уында. Қазақстан халқының біртұтастығы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттікті нығайта отырып, Ұлы даланың мыңжылдық тарихын сақтап, мемлекеттің унитарлық сипатын айта келіп,  Әділетті Қазақстан идеясы және «Заң мен тәртіп» дей келе, азаматтардың құқықтары мен бостандық­тары мүлтіксіз сақталатыны мәлімдеген. Мүлтіксіз деген сөз ешбір Конститу­ция­мызда көрініс бермеген, демек қағидаттар шегеленіп, құндылықтарға таразылап барып, мақсатымызды айқындап, 11-бөлімде тарқатылады. 

Қолданыстағы Конституцияның 1-ба­бында ҚР өзін демократиялық, зай­ыр­лы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады десе, Жаңа Консти­туция жобасында Қазақстан Республика­сы – демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет деп алыстан орағытпай нүкте қояды. Жаңа Конституция жобасын­да 3-бап адам капиталын, білімді, ғылымды, инновациялық дамуды стратегиялық ба­ғыт деп таниды. Ал 4-бап мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және Егемендік иесі – Қазақстан халқы делінген, яғни Қазақстан халқын Егемендік иесі деп нақ­тылайды. 

Сондай-ақ Жаңа Конституция жоба­сының 7-бабының 1-тармағында дін мемлекеттен бөлек деп көрсетілген. 12-ба­бының 3-тармағында Қазақстан Республикасының азаматында қос немесе көп азаматтығы болуына жол берілмейтіні жазылды. Өзге ел азаматтығының болуы Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуына негіз болады деп кесіп айтыл­ған. Қолданыстағы Конституцияда бұл норма айқындалмаған болатын. Жаңа Кон­ституцияның жобасында 19-баптың 1-тармағында заңды күшіне енген сот үкімімен адамды кінәлі деп танымайынша, ол жасалған қылмыстық құқықбұзу­шы­лыққа кінәлі емес деп саналады. Бұл да бұрын көрсетілмеген норма. 21-баптың 1, 2, 3-тармақтарындағы азаматтардың дербес деректерінің құпиялығына заңмен кепілдік берілуі – өте қажет дүние. Сон­дай-ақ 23-баптағы зияткерлік меншіктің заңмен  қорғалуы, сөз еркіндігіне, ғылыми, техникалық, көркем шығармашылық ер­кін­дігіне кепілдік берілуі де қуантады.

Елдің көкейінде жүрген неке және отбасындағы одақты тіркеу жөнінде жаңа жобада 30-баптың 2-тармағында неке – еркек пен әйелдің мемлекет заңға сәйкес тіркеген ерікті және тең құқықты одағы деп нақтылау қолданыстағы Конституцияда бол­маған еді. Бұл – дәстүрлі отбасыны сақ­тауға ұлт тәрбиесі үшін аса құнды дүние.

Жаңа Конституция жобасындағы елді елең еткізген заң нормасы – 46-баптың 2-тармағы. Онда «Қазақстан Респуб­ли­касының Президенті депутаттардың жал­пы санының көпшілік дауысымен берілген Құрылтай келісімімен Қазақстан Республикасының Вице-президентін та­ғайындайды, лауазымынан босатады, өкілеттігін айқындайды» деп жазылған. 

Сонымен қатар Құрылтай Вице-пре­зидентті тағайындауға келісім беруден қайта бас тартқан жағдайда, Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайды таратады десе, 46-баптың 8-тармағында депутаттардың санының көпшілік дауысымен Конституциялық Соттың 10 судьясын 8 жыл мерзімге, Орталық сайлау комиссиясының 6 мүшесін 5 жыл мерзімге, Жоғары аудиторлық палатаның 8 мүшесін 5 жыл мерзімге тағайындайды және олар­ды лауазымынан босататыны көрсетілген.

Жаңа жобаның 86-бабында адамның мемлекет кепілдік берген сот арқылы қор­ға­лу құқығын және заң көмегін алуын, адвокаттар қызметін жүзеге асыру тәртібін және адвокаттар құқықтары мен міндеттері, жауаптылығы айқындалған. Қолданыстағы заң нормасында адвокаттар рөлі сот пен прокуратура сияқты айқындалмаған бо­ла­тын. Бұрын адвокаттарға тергеу изоля­торындағылармен кездесуге шектеу қой­ы­лып, қылмыстық іспен танысу қиын­дық тудыратын. Енді адвокаттардың рөлі Конституцияда айқындалса, қоғамда адвокаттардың кәсібилігі арқылы әділ ше­шім шығаруға және заң үстемдігін қам­тамасыз етуге мүмкіндік туады.

Жаңа Конституция жобасындағы қазіргі Парламенттің Құрылтай аталуы халық арасында айрықша қолдауға ие. Бұл жаңа жобаның Құрылтай деп аталатын IV бөлімін қамтиды. Конституция жоба­сының VI бөлімінде халықтың құлағына жағымды естілгені – Қазақстан Халық Кеңесі деп аталатын 70 және 71-баптар. Құлаққа жағымды дейтін себебім, халық әр кезде билікке ойын жеткізгісі келеді, мә­селенің шешілуін қалайды, биліктен кері байланыс күтеді. Сондықтан бұл ор­ган ұтымды саналады. Халықтық Кеңес – шетелдік тәжірибе көрсеткен тиімді институт. Францияның «Азаматтық конвенциялар» жүйесі арқылы жинақталған ұсыныстары мемлекеттік шешімдерге негіз болды, Германияда қоғаммен кең­есу – міндетті процесс. Швеция, Норвегия, Финляндияда мемлекеттік реформалар міндетті түрде қоғамдық талқылаудан өте­ді, ал Ұлыбританияда ірі реформа пікір­таластағы ұсыныстардан жинақталады.

Құрамы 126 адамнан құралатын Халық Кеңесі, этномәдени бірлестіктерден, мәслихаттар мен қоғамдық кеңес арқылы қоғамдық ұйымдардан тұрады. Ал құрамын қалыптастыру тәртібі, өкілеттілігі, қыз­меті­нің ұйымдастырылуы конституциялық заңда айқындалады. Халықтық Кеңес мемлекеттің ішкі саясатының негізгі ба­­ғыт­тары – қоғамдық келісім, жал­пыұлттық бірлік пен ынтымақты нығайту, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету жөнінде ұсыныстар әзірлейді. Сонымен қатар Құрылтайға заң жобаларын енгізеді, жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтереді. Халық Кеңесі – халықтың сөзін ең бірінші еститін, билікке, заң шығарушы органға нақты шешім қабылдауға мүмкіндік беретін ашық алаң. Бұл құрылым қағаз жүзінде емес, шынайы халықпен қоян-қолтық пікірлесіп жұмыс істеуге тиіс.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, Халық Кеңесі құзіретіне Ұлттық құрылтай мен Қазақстан халқы ассамблеясының міндеттері өтетін болады. Кеңес өңірлерден түскен ұсыныстар мен пікірлерді жинақтап қана қоймай, сараптап, басты бағыт-басымдықтарымызды, негізгі жалпыұлттық құндылықтарымызды би­лік­ке жеткізіп, мемлекеттік саясаттың қалыптасуына оң ықпал етеді.

Жалпы айтқанда, Конституцияның жаңа жобасы бойынша, Кеңестің құры­л­уы – Қазақстанның жаңа басқару мә­дениетіне қадам басқанының белгісі. Халық Кеңесі батыл, нақты ой орталығына айналған тұста саяси жүйе күшейе түсетін болады. Сонымен қатар Кеңес маңызды идеологиялық құжаттарды түсіндірумен, насихаттаумен айналысады. Енді тағы бір айта кететін мәселе, жүйелі түрде Халық Кеңесінің жақсы жұмыс істеуі – Кеңес құрамының салмақтылығына байланысты. Халық Кеңесі – ел азамат­тарынының үмітін үкілейтін, билікке жет­кізетін, шешімін табуға ықпал ететін құрылым. Әділетті Қазақстанды құрудағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеологиясының тамыздығы.

Жаңа Конституция бойынша дұрыс шешім қабылдау – азаматтық парызымыз. Мен балаларымның болашағы мен тын­ыш­тығы үшін Әділетті Қазақстанның кірпішін қалаушы азаматтардың  бірі және ана ретінде азаматтардың  құқықтары мен бостандықтары мүлтіксіз сақталады деп кепілдік берілуін қалаймын. Ел қарқындап дамуы үшін «Заң мен тәртіп» қағидатын, Әділетті Қазақстан идеясын ұстанып, тарихи сабақтастықты сақтайтын, құн­дылықтарымызды арқау еткен, халық­тың барлық топтарының мүддесін қор­ғайтын жаңа Конституция жобасының халық ішінде талқылануы мемлекеттің демократиялық үдерісін көрсетеді.

Қалыйма ЖАНТӨРЕЕВА,

«AMANAT»  партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, Түркістан облыстық мәслихат депутаты, Әйелдер қанатының облыстық жетекшісі 

Жаңалықтар көбірек:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты
147
Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының ХАБАРЫ
200
«AMANAT» партиясы жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Үндеу жасады
149
«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» белсенділері «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ел көлемінде үгіт материалдарын жинауға кірісті
281
Референдум кезінде ұсақ құқық бұзу фактілері ғана тіркелді – «AMANAT» өкілі
117
Референдум нәтижесіне әсер етуі мүмкін заңбұзушылықтар анықталған жоқ – ТүркПА байқаушылары
137
Референдум ашық әрі заңға сай өтті – ТМҰ бақылаушылары
134
ТМД миссиясы: Қазақстандағы референдум ашық әрі тыныш жағдайда өтті
135
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
115
«Халық үні» тәуелсіз бақылаушылары Орталық референдум комиссиясының қорытындысын растады
137
«Ел Дауысы» ҚҚ бақылаушылары референдумда дауыс беру заңды және ашық өткенін жеткізді
122
«AMANAT» партиясының байқаушылары: Референдум ашық әрі жоғары азаматтық белсенділік жағдайында өтті
133
ҚР Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады
168
Экзитпол нәтижелері: қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдады
241
Референдум-2026: «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы референдумда дауыс берді
136
Қазақстандағы референдум учаскелері дауыстарды санауға кірісті
206
«Референдум – 2026»: Онлайн марафон патриотизм, киберспорт және технологиялар тақырыбындағы талқылаулармен жалғасты
138
«Референдум – 2026» онлайнмарафоны жалғасуда. Көрермен назарына өзектімәселелер және өнертабыстар ұсынылды
112
Референдум-2026: кешкі сағат 18.00-ге дейін тізімге енген азаматтардың 70,98% дауыс беріп үлгерген
157
Жамбыл облысында референдум қалай өтіп жатыр – бақылаушы баға берді
132
Қостанайда тұрғындар таңертеңнен бастап белсенді дауыс беріп жатыр – бақылаушы
127
Еліміздегі қоғамдық жағдай тұрақты  
132
«Родина» агрофирмасының басшысы референдум учаскесінде өз таңдауын жасады
147
Павлодарлықтар дауыс беру учаскелеріне ағылуда
136
Республикалық референдумда дауыс бергендердің қатарында бокстан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай да бар
124
Ұлытау облысында референдум мерекелік атмосферада өтуде
139
«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек референдумға қатысты.
132
Көрісу күнімен тұспа-тұс келді: Ақтауда референдум учаскелерінде мерекелік атмосфера орнады
103
Ақтөбеде әлем чемпиондары референдумда дауыс берді
183
Сүйінші! Атазаң дүниеге келді!
152
Шетелдегі 3 мыңнан астам қазақстандық референдумға келіп, дауыс беріп үлгерген
140
Сайрамда көкпаршылар мен байкерлер ел болашағы үшін дауыс берді
126
Қазақстан гимнастика федерациясының президенті, қалалық мәслихат депутаты Әлия Юсупова азаматтық таңдауын жасады
126
Конституциялық реформа азаматтық қоғамның рөлін күшейтеді
168
Ақтөбелік бақылаушы референдум учаскесіндегі ерекше сәт туралы айтып берді
120
Майра Мұхамедқызы: «Мұндайда халықтың бірлігі мен белсенділігі маңызды»
127
Адамдар көтеріңкі көңіл-күймен келіп, өз таңдауын жасап жатыр – бақылаушы Жетісу облысындағы референдум туралы
126
Бір әулеттің үш буыны референдумда дауыс берді
138
Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының ұрпақтары референдумға қатысып, өз таңдауын жасады
164
«Референдум – 2026» онлайн марафоны: инклюзивті қоғам мен бала тәрбиесі тақырыптары кеңінен талқыланды
140
ТМД ПАА миссиясы Қазақстандағы референдумды ұйымдастыруға қатысты ешқандай ескерту тіркеген жоқ
126
ТМД ПАА бақылаушылары Қазақстандағы референдумда дауыс беру ашық өтіп жатқанын айтты
113
Әрбір азамат өз таңдауын еркін жасап жатыр - бақылаушы
126
Өнер мен мәдениеттің арқасында саяси науқан тұрғындар үшін мерекеге айналды
113
40 ене мен 40 келін – бірліктің жарқын үлгісі
139
ШЫҰ миссиясы Қазақстандағы референдумның техникалық дайындығын бағалады
137
Қытайда референдум бойынша төрт дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр
143
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді 
419
Қазақстандағы үш ірі мегополистің әкімдері референдумда дауыс берді
115
Қостанайдағы №1 сайлау учаскесінде танымал сыйқыршы Төрехан Жұманов шоу ұйымдастырды
133
Аида Балаева референдумда дауыс берді
179
Шымкентте тұрғындар референдумға ұлттық киіммен келіп, ерекше белсенділік танытты
113
Түркістанда бокстан ұлттық құрама спортшылары референдумда дауыс берді
120
Шымкенттегі Достық үйінде референдум ерекше рухта өтіп жатыр
125
Осы жолғы референдумда сайлаушылардың белсенділігі бірден байқалады – бақылаушы
103
Қазығұрт ауданында 100 жастан асқан қария референдумда дауыс берді
107
Халықтың 19,21 пайызы дауыс беріп үлгерген - Орталық референдум комиссиясы
97
Қызылорда өңірінде 2637 жас бірінші рет дауыс беру құқығына ие
117
«Мерейлі отбасы» – Бозтаевтар әулеті дауыс берді
128
105 жастағы майдангер референдумда бірінші болып өз таңдауын жасады
114
«Абысын татау болса...» – маңғыстаулық абысын-ажындар референдумға қатысты
110
«Ғасыр әже» ансамблінің мүшелері дауыс берді
106
Мәулен Әшімбаев: референдум – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жарқын көрінісі
197
Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді
132
Қазақстанның еңбек ері Имамзада Шағыртаев өз таңдауын жасады
121
«Референдум – 2026» республикалық онлайн марафоны басталды
226
«Референдум – 2026»: Елдің маңызды саяси оқиғасы live форматта
194
Қостанайдағы референдум учаскесінде Наурыз қарсаңында Қыдыр ата дауыс берді
118
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин референдумда дауыс берді
190
Мәжіліс төрағасы жаңа Конституция бойынша республикалық референдумда дауыс берді
242
Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумда дауыс берді
119
Геннадий Головкин Бангкокте жаңа Конституция бойынша референдумда дауыс берді
115
Референдум: Ең алғашқы дауыс беруші Жапонияда өз таңдауын жасады
121
Елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша референдум басталды
160
Қазақстанда жаңа Конституция жобасын түсіндіру науқаны аясында 23 мыңнан астам кездесу өтті
189
Сыр өңірінде жаңа Конституция жобасын қолдауға бағытталған Open air-ге 20 мыңға жуық адам жиналды
145
Жаңа Ата заң: Мәжіліс депутаттары көлік кәсіпорындарының қызметкерлерімен Конституция жобасын талқылады
134
Жалпыұлттық коалиция: Қызылордада кәсіпкерлермен жаңа Конституция жобасы талқыланды
153
Жаңа Конституцияны танытудың жаңа форматы – JEBE Quiz
146
Жастар – Жаңа Қазақстанның қозғаушы күші
135
Жастар және Конституция: Астанада Talks форматында ашық диалог өтті
146
Қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдайды – Коалиция
192
Ұлытауда жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
160
Референдум - демократиялық қоғамның маңызды көрсеткіші
174
«Саран» шахтасының кеншілері Конституцияда бекітілген азаматтық жауапкершілік идеясын қолдайды
127
Көне Тараздағы әуенге толы жастар кеші
118
«Негізгі заңды жетілдіру қоғамның дамуын көрсетеді» – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясында кездесу өтті
128
Ұстаздар қауымымен кездесті
134
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөз сөйледі
217
Жамбыл облысында жалпыхалықтық коалиция мүшелері жастармен кездесті
126
Nazarbayev University-де жаңа Конституция жобасы талқыланды
164
«Барыс Аренада» жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
143
Қоғамдағы әділдік қағидаттарын нығайтуға бағытталған
146
Жаңа заң жобасы - әрбір азаматтың лайықты өмірінің кепілі
123
Референдум-2026: Шымкентте медицина қызметкерлерімен Конституция жобасы талқыланды
139
Жалпыұлттық коалиция Сыртқы істер министрлігі ұжымымен кездесу өткізді
130
«Конституция – басты бағдар» – «Теплотранзит» алаңында мазмұнды кездесу өтті
119
1000 қатысушыны біріктірген форум: Халықтық Конституцияны қолдау
160
Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұжымымен кездесті
128
Еңбек адамының құқығы мен отбасы құндылығы – жаңа Конституцияда
121