Қаз
Конституциялық өзгерістер Жаңаөзен жұртшылығымен талқыланды

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында Жалпыұлттық коалиция мүшелері өндіріс, әлеуметтік және мәдениет салалары ұжымдарымен, сондай-ақ жастар ұйымдарының көшбасшыларымен бірқатар кездесу өткізді. Ашық диалог барысында жаңа Конституция жобасының құрылымы, Преамбуланың мәні және адам құқықтарын қорғауға бағытталған негізгі нормалар кеңінен түсіндірілді.

Сапар аясында коалиция өкілдері алдымен «КаскорМашзавод» ЖШС еңбек ұжымымен жүздесті. Мұнай-газ секторы үшін өндірістік жабдықтар шығаратын ірі машина жасау кәсіпорнында жаңа Конституциядағы еңбек адамына қатысты кепілдіктер талқыланды. Спикерлер Преамбулада алғаш рет адам құқығы мен бостандығы мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде айқындалғанын атап өтті.

Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, коалиция мүшесі Аят Сүгірбай еңбек адамының мәртебесін арттыру – конституциялық реформаның өзегі екенін айтты.

«Жаңа Конституция жобасында адам құқығын қорғау және азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру мемлекеттің міндеті екені айқын бекітілді. Еңбек қауіпсіздігі, әділ еңбекақы, әлеуметтік қолдау шаралары конституциялық кепілдік деңгейіне көтерілді. Бұл – өндірістегі әрбір азаматтың құқығы заңмен қорғалады деген сөз», – деді депутат.

Коалицияның сапары Жаңаөзен қаласы маңындағы Тоқмақ жерінде орналасқан су тұщыту зауытында жалғасты. Жиында коалиция өкілі Асқар Ноғаев жұмысшыларға жаңа Конституция жобасының халықтық сипатына тоқталды. Оның айтуынша, құжатты әзірлеу барысында Конституциялық комиссияның жұмысы ашық жүргізіліп, олардың жұмысы интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде жарияланды және халықпен бірге талқыланды.

Өз кезегінде коалиция мүшесі Анар Шамшадинова жаңа Преамбуланың мазмұнына ерекше мән берді.

«Преамбулада адам құқығы мен бостандығы мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде айқындалды. Бұл – билік пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың жаңа философиясы. Ендігі жерде кез келген мемлекеттік шешімнің өлшемі – адам мүддесі», – деді ол.

Жиында сөз сөйлеген қалалық мәслихат депутаттары, коалиция мүшелері Орынбасар Сейдов пен Арғынбек Қалбаев осы пікірді жалғастырып, жаңа Конституцияның негізгі ерекшеліктерінің бірі – әлеуметтік мемлекет қағидатын нақты нормалармен бекіту екенін атап өтті.

Сонымен қатар коалиция мүшелері мәдениет саласының өкілдерімен кездесті. Жиында шығармашылық еркіндік, ұлттық мәдениетті қолдау және тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселелері талқыланды. Коалиция өкілі Киікбай Жаулин алдағы қоғамдық-саяси жаңару кезеңінде мәдениет пен руханияттың рөлі арта түсетінін айтты.

«Конституцияның жаңа жобасында азаматтардың шығармашылық әлеуетін дамытуға құқықтық негіз қаланады. Ұлттық мәдениетті қолдау мен тарихи мұраны сақтау қағидаттары конституциялық деңгейде бекітіледі. Бұл – рухани жаңғырудың берік құқықтық тірегі», – деді ол.

Коалиция мүшелерінің жаңаөзендік жастармен кездесуі де мазмұнды өтті. Жастар білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау мәселелерін көтерді. Спикерлер жаңа Конституцияда жастардың сапалы білім алуға, денсаулығын қорғауға, кәсіппен айналысуға және еңбек нарығында тең мүмкіндікке ие болуына кепілдіктер қарастырылғанын жеткізді.

«Жаңа Конституцияға сәйкес, еліміздің дамуы табиғи ресурстарға ғана емес, адам капиталына және олардың жетістіктеріне байланысты болады. Білімді, бәсекеге қабілетті ұрпақ – мемлекеттің басты байлығы. Сондықтан адам әлеуетін дамыту – ұлттық саясаттың негізгі бағытына айналады», – деді коалиция өкілі Өмірбек Құрбанбаев.

Жаңаөзендіктер Жалпыұлттық коалиция өкілдерімен кездесуде жаңа Конституцияның мазмұны бойынша маңызды ақпараттармен танысты. Азаматтарға берілген мемлекеттік кепілдіктер, әлеуметтік қолдаулар, қоғамдық-саяси жүйедегі өзгерістер олардың еліміздің жарқын болашағына деген сенімін нығайтты.

Кездесулер барысында жаңаөзендіктер жаңа Конституция жобасының мазмұнымен кеңінен танысты. Азаматтардың құқығы мен әлеуметтік кепілдігін күшейтуге, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, шығармашылық пен жастар бастамаларын қолдауға бағытталған нормалар қатысушылар тарапынан қолдау тапты. Ашық форматтағы диалог тұрғындардың конституциялық өзгерістерге қатысты сұрақтарына нақты жауап беріп, ел болашағына деген сенімді нығайтты. 

Жаңалықтар көбірек:
Жаңа Конституция – Берекелі еңбектің кепілі
1
Қордаланған мәселелерді шешу және тұрмыс сапасын арттыру: Маңғыстау қоғамы жаңа Конституцияны қолдайды
5
«Ең басты өзгеріс – Конституцияның өзегінде адам тұр» – Аида Балаева «Қазцинк» ұжымымен кездесуде
10
«Конституцияда өнер адамдарына қатысты нақты нормалардың қамтылуы – мәдениет саласына көрсетілген ерекше құрметтің белгісі»
1
Ұлытау жастары жаңа Конституцияны қолдайды
9
«Референдум арқылы біз Қазақстанның болашағын таңдаймыз»
8
Конституциялық өзгерістер Жаңаөзен жұртшылығымен талқыланды
9
Бірлік пен ынтымақ, этносаралық және дінаралық келісім Қазақстан мемлекеттілігінің берік іргетасы ретінде бекітілген
6
«Жер мен табиғи ресурстар халыққа тиесілі, ал мемлекет меншік құқығын халық атынан жүзеге асырады» 
7
Ұстаздар референдумға біркісідей қатысады
7
Цифрлық дәуір талаптарына сай құқықтық негіз қалыптастыратын құжат
13
Еңбек адамының мүддесі – мемлекет назарында
7
Жалпыұлттық коалиция Түпқараған ауданының тұрғындарымен кездесті
11
Атыраудағы еңбек ұжымдары жаңа Конституция жобасын қолдады
11
Елімізде қауіпсіз еңбек жағдайына кепілдік беріледі 
11
Аида Балаева ШҚО жұртшылығымен кездесу барысында жаңа Конституцияның негізгі ережелері туралы баяндады
49
Астанада жалпыұлттық референдумды қолдауға арналған концерт өтті
28
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Алматы облысында мерекелік іс-шара өтті
18
Семейде жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған акция өтті
26
«Қазақтелеком» АҚ Маңғыстау филиалының ұжымы еліміздің жаңа Конституциясын қолдайды
31
Ертеңгі күнге деген сенімді нығайтады
33
Жаңа Конституция – тұрақтылық пен даму кепілі
21
Саналы таңдау жасау үшін ең алдымен толық ақпарат алу маңызды
26
Конституциялық құндылықтар – қоғам сұранысы
16
Бұл - іргелі ілгерілеудің көрінісі
28
«Ұлттық валютаны Конституцияда бекіту – тәуелсіздіктің құқықтық жалғасы әрі тарихи сабақтастықтың көрінісі»
14
Преамбулада тұнған парасат: Ұлы дала ұлағаты мен жаңа заман жасампаздығы
24
Айдос Сарым: «AMANAT» партиясы конституциялық жаңалықтарды толығымен қолдайды
17
Арнайы кітапхана ұжымымен Конституция жобасы талқыланды
27
Астанада футбол матчы кезінде конституциялық реформаларды қолдауға арналған ауқымды патриоттық акция өтті
23
«Жастар таңдауы – жаңа Конституция!»: Шығыс Қазақстандағы ең ірі алаңда 12 000 көрермен жиналды
32
Қарағанды облысында екі мыңға жуық жас жаңа Конституция жобасын қолдады
12
«Президенттің бастамалары халықтың жүрегінде көптен бері жүрген дүниелерді айқындайды» – Арман Қырықбаев
20
Білім алу құқығы және шығармашылық еркіндігі: Павлодарда 200-ден астам тұрғын ашық кездесуге қатысты
35
Таразда жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған LIVE-концерт өтті
35
Түркістан облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған заманауи мурал салынды
28
Астанада жаңа Конституцияға байланысты референдум қарсаңында Taldau Run өтті
44
Мемлекеттің саяси партиялары жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
60
«Абай әділетті айтты, ал Конституция соны заң деңгейінде бекітеді»
51
Референдум-2026: Астанада «Жеңіс» футбол орталығында кездесу өтті
30
Мәдениет пен шығармашылық еркіндік – конституциялық деңгейде
28
«ASIA TRAFO»: Қоғамның сұранысынан туындаған өзгеріс
29
Тарихымызды қастерлеп, мәдени мұрамызды сақтайық
56
Мемлекеттік кеңесші Жалпыұлттық коалициясының мүшелерімен бірге Қостанай облысының жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді
35
Өндіріс саласының жастары жаңа Ата Заңды қолдады
38
Қостанай облысының креативті жастары жаңа Конституцияны қолдайды
38
Референдум–2026: дауыс беру учаскеңізді қалай білуге болады?
174
Қостанай облысының жұртшылығы жаңа Конституцияны елдің прогрессивті дамуының маңызды қадамы ретінде бағалады
33
Батыс Қазақстан облысында коалиция мүшелері реформалық өзгерістерді талқылады
31
«Ассоль» тұз зауытының ұжымы Ата заң жобасын толық қолдайды
99
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің оқытушылары мен студенттері жаңа Конституция жобасын қолдады
39
Тасқала және Бәйтерек аудандарының тұрғындары жаңа Конституция жобасын талқылады
31
Еңбек адамы – ерекше назарда
42
Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі мен құқығы басты назарда
35
Петропавл қаласының энергетиктеріне конституциялық реформа түсіндірілді
32
Коалиция мүшелері «Маңғыстауэнергомұнай» жұмысшыларымен кездесті
48
«Жаңа Конституция жобасында зияткерлік меншікті қорғау мәселесі көрініс тапты» – Аида Балаева БҚО жастарымен кездесті
73
Абай облысында коалиция мүшелері Семей қаласының №5 гимназия ұжымымен мазмұнды кездесу өткізді 
36
Пікірталас уақыты
54
Аида Балаева: Жаңа преамбулада алғаш рет адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің басты басымдығы ретінде айқындалды
63
Отбасы мен бала мүддесі – басты назарда
41
Жаңа Конституция – ашық әрі біртұтас Қазақстанды таңдау мүмкіндігі
97
Бұл өзгерістер – елдің ұзақ мерзімді дамуына негіз болатын қадамдар
65
Ата заң жобасы қаржыгерлер қолдауына ие болып отыр
46
Ұлт саулығы Конституциямен қорғалады
40
Қызылжар тұрғындары Ата заң жобасын талқылады
59
Мемлекеттік кеңесші Жалпыұлттық коалиция мүшелерімен бірге Ақтөбе облысының жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді
63
Ақтөбенің креативті жастары Жаңа Конституцияны қолдады
55
Өңірлік коалиция мүшелері алғаш рет дауыс беретін жастармен кездесті
41
Реформалардың мәнін түсініп, қоғамдық үдеріске үлес қосатынын сезіну
43
Халықтық Конституция жолында: жұмысшы мамандардың белсенді ұстанымы маңызды 
47
Конституциялық нормалар мемлекеттің құқықтық негізін қалыптастырады
58
Қостанай облысында KIA зауытының қызметкерлерімен конституциялық өзгерістер мәселелері бойынша кездесу өтті
63
Ақтөбе облысының студент жастары жаңа Конституция жобасын талқылауға белсенді атсалысты
55
Ақтөбедегі ЖЭО қызметкерлері Жаңа Конституцияны қолдады
86
Отбасы, денсаулық және зейнетақы кепілдіктері: Дамбы ауылдық округінде жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
42
Коалиция мүшелері онкологиялық диспансердің ұжымымен кездесті
43
Ақтөбе облысындағы теміржолшылар жаңа Конституция жобасын талқылады 
67
«Жаңа қағидалар мен институттар жағдайында өмір сүріп, дамитын – бүгінгі жас буын»
42
Маңғыстаулық Мұнайшыларға жаңа Конституция жобасын түсіндірді
61
Ақтөбе облысының жұртшылығы жаңа Конституция жобасын қолдады
75
Жастар жаңа Конституция жобасын талқылауда
58
«Реформаның мәні – азаматтар үшін ұзақ мерзімді кепілдіктер қалыптастыруда»
86
Аудан-ауылдарда үгіт-насихат шаралары жалғасуда
63
Аида Балаева: Конституцияның түпкі философиясы адамға, азаматтардың игілігіне бағдарланған 
69
«Әлеуметтік әділеттілік – конституциялық реформаның негізгі қағидаты»
85
Петропавл электротехникалық зауытының ұжымы конституциялық реформаны қолдады
47
«Заң үстемдігі экономикалық тұрақтылық үшін де маңызды»
71
Аида Балаева: Конституцияда табиғатқа жанашырлықпен қарау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілік айқын көрініс табады
65
Референдум-2026: Шымкентте медицина қызметкерлері Ата заңның жаңа жобасын талқылады
45
Алматы облысындағы гидроэлектр станциясының ұжымы референдумды қолдайды
62
Халықтық Конституция және өңірлік даму: Коалиция Солтүстік Қазақстан облысында ашық диалог өткізді
75
Тарихи таңдау: Тұрғындар конституциялық реформаны талқылады
64
Қызылжар ауданында конституциялық реформа кеңінен талқыланды
66
Шымкентте «Есіктен есікке» акциясы өтті
64
Allur ұжымымен жаңа Конституция жобасы талқыланды
71
Конституция жобасын ғылыми тұрғыда сүйемелдеу мәселелері талқыланды
66
Қарағанды облысының жұртшылығы жаңа Конституция жобасын қолдады
80
Қарағанды облысының ұжымдары Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қолдады
112
Сенат депутаттары университетте кездесу өткізді 
70