Қаз
Преамбулада тұнған парасат: Ұлы дала ұлағаты мен жаңа заман жасампаздығы

Әз-Наурызбен бірге жаңару үмітін арқалаған Ата Заңның жобасы – елдіктің ертеңін айқындап, Ұлы даланың тарихи тамыры мен болашақтың биік мұраттарын тұтастырған парасатты пайымның жемісі. 

Оның преамбуласы құрғақ құқықтық қағидалар жиынтығы емес, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыратын, өркениеттің прогрессивті ағымына бағытталған рухани манифест іспетті. Әрбір сөйлемі мен үтіріне дейін ойластырылған бұл кіріспе бөлім мемлекеттілік пен әділеттілік ұғымдарына терең мағыналық реңк беріп, қоғамның жаңа құндылықтық бағдарын айқындап тұр.

Зияткер ұлт – замана заңғар биігі

Жаңа Конституция жобасы – уақыттың жай жаңғырығы емес, ел санасының, қазақ даласының кемел келешекке қарай байыпты қадамы, байсалды таңдауы. Бұл құжаттың те­реңдігін оның кіріспе-преамбуласынан аң­ғарасыз. Ол қазақтың тарихи жады мен бола­шақ мұратын жалғаған мағыналық көпір тә­різді. Әрбір тұжырымы асығыс айтылған ұран­ға емес, мұқият ойластырылған пайымға сүйенеді, сондықтан онда құқық та, әділет те, жауапкершілік те өз орнын тапқан. Бұл мә­тін­де мемлекет өзін қайта жарияламайды, қай­та таниды – тамырын да, бағытын да нақтылайды. 

Сол себепті жаңа Конституция жобасы ел дамуының заңдық құжаты ғана емес, руха­ни-өркениеттік бағдаршамы болғалы тұр. Сарапшылардың айтуынша, конституциялық реформа – елдік ертеңіміздің саяси келбетін ғана емес, рухани болмысын да айқындайтын белес болуға тиіс. Бұл жолғы өзгерістер тек құқықтық нормалардың жиынтығы емес, қоғамның әділетке деген аңсары мен билік­тің жауапкершілік жүгін арқалаған жаңа парасат деңгейінің көрінісі болмақ. Әсіресе, Ата Заңның «алтын босағасы» саналатын преамбула бөліміндегі мағыналық түлеу – ұлттық дамудың темірқазығы мен тарихи сабақтастықтың үзілмес тіндей бекуі.

Рух пен заңның тоғысуы

Жалпы, жаңа преамбула – мемлекеттік саясаттың темірқазығы. Мұндағы басты басымдық – адам құқықтары. Ол мемлекеттік бір тетігі емес, мемлекеттің жүру бағытын айқындайтын ең жоғарғы құндылық. Бірлік пен келісім – тұрақтылықтың іргетасы. Жер­дің бүтіндігі мен тұтастығы – кіріспеде мыз­ғымас қағидат ретінде бекемделді. Алғаш рет Әділет­тілік пен экология мәселелері конс­­титуциялық деңгейге көтеріліп, халық­тың билік көзі екені туралы ақиқат айқын жазыл­ды. Мұны – жай ғана кіріспе емес, ұлттың бо­лашаққа бастар рухани компасы деуге болады. 

Қазақстанның ертеңі жерастындағы кенмен емес, адамның зейін-зердесімен өл­шенбек. Конституциядағы бұл бетбұ­рыс – ресурстық тәуелділіктен интеллектуалдық еркіндікке жасалған қадам болғаны жөн. Білім, ғылым, мәдениет және инновация ұғымдары жасанды интеллект дәуіріндегі еліміздің басты қаруына айналмақ. Бұл – зияткерлік экономиканың іргетасын Ата Заңмен бекіту деген сөз.

Құқықтық саясатты зерттеу орталығы Конституцияның жаңа нұсқасының преам­буласындағы тұжырымдарды талдап, сарап­тамалық қорытынды дайындады. Онда атап көрсетілгендей, жаңа преамбула – жай ғана құрылтайшылық акт емес, нормативтік бағдарлардың бастау бұлағы. 

«Қолданыстағы 1995 жылғы Консти­туцияның преамбуласы ықшамдылығымен, абстракция деңгейінің жоғарылығымен және институционалдық бейтараптығымен ерекшеленеді. Онда базалық конституциялық құндылықтар мен халықтың құрылтайшылық еркі кеңейтілген бағдарламалық ұстанымсыз бекітілген. Ал 2026 жылғы жобаның преамбу­ласы өзгеше: көлемі жағынан ауқымды, мазмұны жағынан тереңірек. Құндылықтық және мақсаттық тұжырымдардың кең жиын­тығын қамтиды. Сөйтіп, преамбула жай кіріспе ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік саясаттың стратегиялық мақсатына және нормативтік бағдарының қайнарына айна­лады», – дейді Құқықтық саясатты зерттеу орталығының сарапшысы, жария саясат және адам құқықтары жөніндегі халықаралық құқық саласының маманы Назгүл Ерғалиева.

Мемлекеттілік: «Құрудан» «Нығайтуға» дейін

Ғалым мына ерекшелікке назар аударды. 1995 жылы қабылданған, 2022 жылы өзгер­тіл­ген Конституцияның «алғысөзінде» былай жазылған: «1) Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, 2) байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, 3) өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, 4) дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, 5) қазіргі және болашақ ұрпақтар ал­дындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, 6) өзіміздің егемендік құқы­ғы­мызды негізге ала отырып, осы Консти­туцияны қабылдаймыз».

Біріншіден, осы мәтіндегі «ортақ тарихи тағдыр біріктірген» деген дерексіз тіркес – сан алуан ұлыстың басын тарихтың талқы­сымен амалсыз қосқандай, жазмыштың айдауымен ғана тоғыстырғандай солғын әсер қалдыратын. Екіншіден, мемлекеттің байыр­ғы қазақ топырағында бой көтергені айтыл­ғанымен, мемлекеттіліктің іргетасы тек кеше ғана қаланғандай, өткеннің өнегесін ес­ке­русіз қалдырған біржақты байлам жасалатын. Түпкі тарихымыздың алтын қазығы – сақ пен ғұн бабаларымыздың айбыны, айба­рымен аспан астын тербеген Түркі қаға­наттары және қабырғалы Қазақ хандығының мемлекеттілік дәстүрлері Ата Заңның бас­тауында лайықты бағасын алмады. Сондай-ақ жаһандық қауымдастықтан лайықты орын иеленуге деген ішкі аңсар мен ізгі ниет конституциялық арман-тілек ретінде бекі­тіліп кеткен.

Ал жаңа Конституция жобасында ұлттық танымды сілкінтер жаңашыл иірімдер мен соны соқпақтар жеткілікті. Мұнда тек киелі қазақ жерінің байырғылығы ғана емес, сол топырақта өркен жайған «Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихы» – ұлттық бірегей­лігіміздің алтын арқауы ретінде дәріптеледі. Себебі тарихты халық жасайды. Бұл – қазақ ұлтының ХХ ғасырдың таңында ғана тарих сахнасына шыққан немесе сырт көздің пайымымен «ойлап табылған» жасанды ұлт емес, тамыры тереңге жайылған, мыңжыл­дық­тар бедерінде шыңдалған кемел жұрт екенін заң жүзінде шегендеу. Осы ұлан-ғайыр босағаның бүтіндігі, ата-баба қанымен кел­ген шекараның мызғымастығы, табиғат-ананың келер ұрпаққа аманат етілген асыл қазынасы мен өзге де киелі құндылықтар ендігі жерде мемлекеттігіміздің мызғымас тұғыры ретінде айқындалмақ.

15 наурызда референдумға шығарылатын Ата Заңның жаңа нұсқасының преамбуласы: «1) Біз, біртұтас Қазақстан халқы, 2) байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта оты­рып, 3) Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тари­хының сабақтастығын сақтап, 4) мемле­кеттің унитарлы сипатын, оның шекарасы мен аумағының тұтастығына қол сұғуға болмайтынын нақтылап, 5) Әділетті Қазақ­стан идеясын және Заң мен Тәртіп қағидатын ұстанып, 6) адамның және азаматтың құқық­тары мен бостандықтары мүлтіксіз сақтала­тынын мәлімдеп, 7) бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық татулық қағидаттарына сүйеніп, 8) мәдениет пен білім, ғылым мен инновация құндылық­тарын бағдарға алып, 9) табиғатты аялау қа­жеттігін мойындап, 10) бейбітшілікке және барлық елмен достыққа ұмтылып, 11) келешек ұрпақ алдындағы аса жоғары жауапкершілікті сезініп, ҚР Ата Заңын – осы Конституцияны қабылдаймыз».

Зерттеуші Назгүл Ерғалиева мына ерекшелікке назар аудартты: 1995 жылғысы: «Мемлекеттілік құра отырып» – 2026: «Мем­ле­кеттілікті нығайта отырып». Бұл өзгеріс преамбуланың мағыналық екпінінің ауысқа­нын көрсетеді. Яғни, 1995 жылғы мәтінде халық мемлекетті қалыптастырушы белсенді субъект болса, жаңа редакция мемлекетті­ліктің толыққанды қалыптасып болғанын, ендігі міндет – сол құндылықты сақтау мен қорғау екенін білдіреді.

««Мемлекеттілікті құра отырып» форму­ласы тілдік әрі мазмұндық тұрғыдан жалғас­қан құрылтайшылық әрекет идеясымен байланысты: біз мемлекеттілігімізді әрі құ­рып жатырмыз. Ал «мемлекеттілікті нығайта отырып» формуласы өзге логикаға негіздел­ген. Ол бұрыннан қалыптасқан және құрылу кезеңі аяқталған мемлекеттілік моделінің бар екенін тұспалдайды. Мұндай жағдайда халық құрылтайшылық үдерістің субъектісі емес, қорғаушы функцияның иесі», – деді сарапшы. 

Ғалым посткеңестік, постсоциалистік республикалардың кейбірінің конституция­сында «құру, жасау» ұғымы сақталғанын тілге тиек етті. Олар мемлекеттік құрылыс ке­зеңінен институционалдық тұрақтандыру кезеңіне өтсе де, преамбулада құрылтай­шылық риториканы өзгеріссіз сақтаған. Бірқатары осы арқылы мемлекеттіліктің құрылу сәтімен символикалық байланысты сақтауға ұйғарды. Қазақстан құрылтайшылық парадигмадан қорғаушы парадигмаға көшті. Әрине, ең бастысы – мемлекеттің әр ісі мемлекеттілікті нығайтуға бағытталғаны жөн. Сөздің іспен қабысқаны маңызды. 

Қазақ – мыңжылдық тарих иесі

Тағы бір маңызды өзгеріс ғалымдар назарына ілікті. 1995 жылы: «ортақ тарихи тағдыр біріктірген» – 2026: «Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтас­тығын сақтап». Бұл – қазақ халқының әлем сахнасына кеше ғана шыққан ұлт емес, тарихтың бастауынан тамыр тартатын іргелі жұрт екенін заң жүзінде мойындау.

«1995 жылғы Конституция преамбула­сының тұжырымы «ортақ тарихи тағдыр» деген жалпылама және абстрактілі ұғымды қолданады, нақты тарихи кезеңдерді, мәдени шеңберлерді немесе өркениеттік нарратив­терді айқындамайды. Өзге ұлттардың көбі патша және кеңес заманында қоныс аударыл­ғаны мәлім. Мұндай өрнек инклюзивті си­патқа ие және институционалдық бейтарап­тықты сақтайды, бірлескен тарихи тәжірибе фактісін бекітумен шектеледі. «Ұлы Даланың мыңжылдық тарихына» сілтеме жасау арқы­лы нақты тарихи-өркениеттік бағдарды ен­гізеді. Бұл өрнек символдық әрі мәдени мән­ге ие. Преамбула заңдық тұрғыдан бей­тарап сипаттамадан кетіп, тарихи нарратив элементімен толықты», – деді ғалым Назгүл Ерғалиева.

Заң ғылымдарының докторы Индира Әубәкірованың пікірінше, Конституция жобасының преамбуласында алғаш рет жал­пыұлттық құндылықтарымыз айқын белгі­лен­ген. Оның пайымдауынша, Ата Заңның жаңа нұсқасы қазақстандық мемлекеттіліктің терең тарихи тамырын және Ұлы Дала мемлекеттілігі дәстүрлерінің жалғасы екенін нұсқайды.

«Жаңа Конституция жобасында преам­була іс жүзінде толық жаңартылған. Бұрын­ғысы тәуелсіздіктің қалыптасу кезеңін бей­нелесе, қазіргі мәтінде қалыптасқан мем­лекет пен кемел қоғам меңзеледі. Ол жаңа саяси және экономикалық даму кезеңін­де қай бағытта жүру керегін түсіндіреді, қазіргі шынайылық пен болашақ мүмкіндіктерді ескеріп, келешек алдындағы жауапкершілікті бекітеді. Преамбулада еліміздің қандай болуға тиістігі, ұлттық арманды жүзеге асыру жолында біз үшін не маңызды екені айқын көрінеді», – деп түсіндірді профессор. 

Әлемдік және қазақ философиясы орталығының директоры Серік Нұрмұратов преамбуланың жүйеқұраушы функцияны атқаратынын атап өтті: «Жаңа Конститу­цияның преамбуласы – декларация емес, конституциялық тәртіптің онтологиялық шеңбері. Онда тарихи сабақтастық, уни­тарлық және халық бірлігі сияқты негізгі санаттар бекітіледі, олар мемлекеттің құндылықтық негізін қалыптастырады. Преам­була арқылы Конституция мемле­кеттік құрылыс қағидаттарын сақтаудың және оларды заманауи әлеуметтік сын-қа­терлерге сай қайта пайымдаудың арасындағы тепе-теңдікті бекітеді», – деді сарапшы.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, Конституциялық комиссия мүшесі Анар Фазылжан преам­буланың және Конституцияның құндылық­тық ережелерінің гуманитарлық маңызын атап өтті: «Преамбула мен Конституцияның құн­дылықтық нормалары мемлекеттің мә­дени және тіл саясатының шеңберін айқындайды. Дәл солар арқылы қоғамдық бірлік, бірегейлік және даму сабақтастығы туралы түсінік қалыптасады».

Ата Заңның жаңа жобасы – конститу­циялық реформаның заманауи жаһандық сын-қатерлерге берген байсалды әрі батыл жауабы. Ал оның кіріспе-преамбуласы – өткеннің өнегесін, бүгіннің бекемдігін және ертеңнің еркіндігін тоғыстырған манифест. Бұл – Ұлы Дала елінің жаңа дәуірге жасаған нық қадамы.

Айхан ШӘРІП

Жаңалықтар көбірек:
Жаңа Конституция – тұрақтылық пен даму кепілі
0
Саналы таңдау жасау үшін ең алдымен толық ақпарат алу маңызды
3
Конституциялық құндылықтар – қоғам сұранысы
0
Бұл - іргелі ілгерілеудің көрінісі
6
«Ұлттық валютаны Конституцияда бекіту – тәуелсіздіктің құқықтық жалғасы әрі тарихи сабақтастықтың көрінісі»
0
Преамбулада тұнған парасат: Ұлы дала ұлағаты мен жаңа заман жасампаздығы
6
Айдос Сарым: «AMANAT» партиясы конституциялық жаңалықтарды толығымен қолдайды
1
Арнайы кітапхана ұжымымен Конституция жобасы талқыланды
18
Астанада футбол матчы кезінде конституциялық реформаларды қолдауға арналған ауқымды патриоттық акция өтті
1
«Жастар таңдауы – жаңа Конституция!»: Шығыс Қазақстандағы ең ірі алаңда 12 000 көрермен жиналды
24
Білім алу құқығы және шығармашылық еркіндігі: Павлодарда 200-ден астам тұрғын ашық кездесуге қатысты
25
Таразда жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған LIVE-концерт өтті
24
Түркістан облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған заманауи мурал салынды
19
Астанада жаңа Конституцияға байланысты референдум қарсаңында Taldau Run өтті
34
Мемлекеттің саяси партиялары жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
42
«Абай әділетті айтты, ал Конституция соны заң деңгейінде бекітеді»
40
Референдум-2026: Астанада «Жеңіс» футбол орталығында кездесу өтті
23
Мәдениет пен шығармашылық еркіндік – конституциялық деңгейде
19
«ASIA TRAFO»: Қоғамның сұранысынан туындаған өзгеріс
20
Тарихымызды қастерлеп, мәдени мұрамызды сақтайық
45
Мемлекеттік кеңесші Жалпыұлттық коалициясының мүшелерімен бірге Қостанай облысының жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді
27
Өндіріс саласының жастары жаңа Ата Заңды қолдады
27
Қостанай облысының креативті жастары жаңа Конституцияны қолдайды
26
Референдум–2026: дауыс беру учаскеңізді қалай білуге болады?
92
Қостанай облысының жұртшылығы жаңа Конституцияны елдің прогрессивті дамуының маңызды қадамы ретінде бағалады
26
Батыс Қазақстан облысында коалиция мүшелері реформалық өзгерістерді талқылады
23
«Ассоль» тұз зауытының ұжымы Ата заң жобасын толық қолдайды
93
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің оқытушылары мен студенттері жаңа Конституция жобасын қолдады
31
Тасқала және Бәйтерек аудандарының тұрғындары жаңа Конституция жобасын талқылады
24
Еңбек адамы – ерекше назарда
33
Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі мен құқығы басты назарда
32
Петропавл қаласының энергетиктеріне конституциялық реформа түсіндірілді
25
Коалиция мүшелері «Маңғыстауэнергомұнай» жұмысшыларымен кездесті
35
«Жаңа Конституция жобасында зияткерлік меншікті қорғау мәселесі көрініс тапты» – Аида Балаева БҚО жастарымен кездесті
58
Абай облысында коалиция мүшелері Семей қаласының №5 гимназия ұжымымен мазмұнды кездесу өткізді 
31
Пікірталас уақыты
47
Аида Балаева: Жаңа преамбулада алғаш рет адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің басты басымдығы ретінде айқындалды
52
Отбасы мен бала мүддесі – басты назарда
38
Жаңа Конституция – ашық әрі біртұтас Қазақстанды таңдау мүмкіндігі
82
Бұл өзгерістер – елдің ұзақ мерзімді дамуына негіз болатын қадамдар
51
Ата заң жобасы қаржыгерлер қолдауына ие болып отыр
39
Ұлт саулығы Конституциямен қорғалады
36
Қызылжар тұрғындары Ата заң жобасын талқылады
45
Мемлекеттік кеңесші Жалпыұлттық коалиция мүшелерімен бірге Ақтөбе облысының жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді
60
Ақтөбенің креативті жастары Жаңа Конституцияны қолдады
51
Өңірлік коалиция мүшелері алғаш рет дауыс беретін жастармен кездесті
38
Реформалардың мәнін түсініп, қоғамдық үдеріске үлес қосатынын сезіну
40
Халықтық Конституция жолында: жұмысшы мамандардың белсенді ұстанымы маңызды 
46
Конституциялық нормалар мемлекеттің құқықтық негізін қалыптастырады
56
Қостанай облысында KIA зауытының қызметкерлерімен конституциялық өзгерістер мәселелері бойынша кездесу өтті
57
Ақтөбе облысының студент жастары жаңа Конституция жобасын талқылауға белсенді атсалысты
52
Ақтөбедегі ЖЭО қызметкерлері Жаңа Конституцияны қолдады
84
Отбасы, денсаулық және зейнетақы кепілдіктері: Дамбы ауылдық округінде жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
40
Коалиция мүшелері онкологиялық диспансердің ұжымымен кездесті
36
Ақтөбе облысындағы теміржолшылар жаңа Конституция жобасын талқылады 
64
«Жаңа қағидалар мен институттар жағдайында өмір сүріп, дамитын – бүгінгі жас буын»
37
Маңғыстаулық Мұнайшыларға жаңа Конституция жобасын түсіндірді
56
Ақтөбе облысының жұртшылығы жаңа Конституция жобасын қолдады
69
Жастар жаңа Конституция жобасын талқылауда
55
«Реформаның мәні – азаматтар үшін ұзақ мерзімді кепілдіктер қалыптастыруда»
82
Аудан-ауылдарда үгіт-насихат шаралары жалғасуда
58
Аида Балаева: Конституцияның түпкі философиясы адамға, азаматтардың игілігіне бағдарланған 
65
«Әлеуметтік әділеттілік – конституциялық реформаның негізгі қағидаты»
83
Петропавл электротехникалық зауытының ұжымы конституциялық реформаны қолдады
45
«Заң үстемдігі экономикалық тұрақтылық үшін де маңызды»
67
Аида Балаева: Конституцияда табиғатқа жанашырлықпен қарау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілік айқын көрініс табады
62
Референдум-2026: Шымкентте медицина қызметкерлері Ата заңның жаңа жобасын талқылады
41
Алматы облысындағы гидроэлектр станциясының ұжымы референдумды қолдайды
58
Халықтық Конституция және өңірлік даму: Коалиция Солтүстік Қазақстан облысында ашық диалог өткізді
74
Тарихи таңдау: Тұрғындар конституциялық реформаны талқылады
61
Қызылжар ауданында конституциялық реформа кеңінен талқыланды
65
Шымкентте «Есіктен есікке» акциясы өтті
61
Allur ұжымымен жаңа Конституция жобасы талқыланды
68
Конституция жобасын ғылыми тұрғыда сүйемелдеу мәселелері талқыланды
64
Қарағанды облысының жұртшылығы жаңа Конституция жобасын қолдады
79
Қарағанды облысының ұжымдары Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қолдады
108
Сенат депутаттары университетте кездесу өткізді 
66
Шахтинск және Саран қалаларында жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
102
Еңбек адамы – мемлекеттік саясаттың өзегінде
80
Жаңа Конституция әрбір азамат үшін: Жалпыұлттық коалиция мүшелері Қарағанды жұртшылығымен кездесті
64
Өңірлік коалиция мүшелері «Жамбыл Су» жұмысшылармен кездесті
58
Жаңа Конституция – тұрақтылықтың кепілі
77
Ата Заңдағы аманат – табиғатқа қамқор көзқарас
75
Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады
76
Еңбек пен заң – әділетті қоғамның негізі
61
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының ұжымы жаңа Конституцияны қолдады
75
Бұл – денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты дамуына негіз болатын маңызды қадам
66
Ұлытау өңірінің сарапшылары жаңартылған Конституция жобасын талқылады
58
Іскер әйелдердің үні: Ата заң – елдіктің арқауы 
55
Коалиция: жаңа Конституция – азаматтардың көкейкесті талап-тілектеріне берілген жауап 
98
Степногорск қаласында жаңа Конституция мен алдағы референдум талқыланды
71
Өңірлік коалиция мүшелері өндіріс ұжымымен кездесу өткізді
83
Жалпыұлттық коалиция: Отан қорғау – Конституцияда көрсетілген азаматтық жауапкершілік
82
Ақпараттық науқанға еліміздің барлық өңірінің жастары белсенді қатысып жатыр
323
Маңғыстауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды форум өтті
121
Қосшы қаласында жаңа Конституция жобасы мен алдағы референдумды түсіндіру бойынша кездесулер өтті
68
Театр ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді
52
Әрбір азаматтың дауысы әділетті қоғам құруға бағытталған таңдау
98
Әлеуметтік кепілдік пен медициналық қолжетімділік: Жаңа Конституцияның басым бағыты 
68
Түркістандықтар елдің тұрақты дамуын таңдайды! 
88