15 наурызда өтетін жалпыұлттық референдум қарсаңында коалиция мүшелері түсіндіу бағытындағы кездесулерін одан әрі жалғастыруда. Басты мақсат – әр азаматтың жан-жақты ақпарат алып, ел болашағына қатысты шешімді жауапкершілікпен қабылдауына мүмкіндік жасау.
Бүгін осындай форматтағы жиын Тараз қаласындағы «Достық үйінде» өтті. Басқосуға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, әкімнің орынбасарлары мен облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев және облыстық мәслихат депуттары қатысты. Жиынның алғысөзінде аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев мұндай ашық диалог алаңдары әр азаматқа референдум төңірегіндегі өзгерістердің мән-маңызын жан-жақты түсіндіруге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Мұнан соң сөз алған облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев алдағы референдумның тарихи маңызын және жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын түсіндірді. Оның айтуынша, бүгінгі таңда мемлекеттің ішкі тұрақтылығын алдын ала нығайтып, жүйелі реформалар арқылы орнықты дамуды қамтамасыз ету аса маңызды. Ал өңірлік коалициясы мүшелері Махметғали Сарыбековтің сөзінше, референдум ұлтымыздың бірлігін, тұтастығын айшықтайды. Бұл Президенттің халқына арқа сүйейтінін, ал халық Президентке сенетінін көрсетеді.
Жиын соңында аймақ басшысы жұртшылықты Қуатты, Әділетті және Прогрессивті Қазақстан құру ісіне үлес қосуға шақырды.
