Қызылордада өңірлік коалиция өкілдері қаладағы ірі сауда орындарының бірі – Қызылорда сауда орталығында экспромт кездесу өткізді. Онда сауда үйіне келуші қала тұрғындары мен кәсіп иелеріне Конституцияның негізгі баптары мен енгізілетін өзгерістер таныстырылды.
Коалиция мүшелері жаңа жобада мемлекеттің шағын және орта бизнесті дамытуға жағдай жасау міндеті нақты айқындалғанын атап өтті. Сонымен қатар адал бәсекелестікті қорғау, инвестициялық ахуалды жақсарту, кәсіпкерлік қызметтің тұрақтылығы мен құқықтық кепілдіктерін күшейту бағытындағы нормалар жүйеленгені айтылды.
«Өңірлік коалиция мүшесі Дәурен Сейтжанов жаңа Конституция жобасында кәсіпкерлікті қолдау, экономикалық еркіндік және жеке бастаманы қорғау қағидаттары бекітіледі. Алдағы кезеңде технологиялық жаңғырту, цифрландыру және бизнесті қолдау бағдарламаларын кеңейтуге құқықтық негіз қалыптасады. Бұл шағын және орта бизнеске ұзақмерзімді жоспарлау, жаңа нарықтарды игеру және заманауи технологияларға инвестиция салу мүмкіндігін береді» , – деп атап өтті.
Коалиция өкіл Талғат Телеубаев өз сөзінде референдум – әрбір азаматтың ел дамуына тікелей ықпал ету мүмкіндігі екенін жеткізді.
Экспромт кездесуде тұрғындар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, пікір алмасты. Сауда орталығына келген әрбір тұтынушыға арнайы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, үгіт парақшалары таратылды.
Коалиция мүшелері барша қызылордалықтарды 15 наурыз күні дауыс беруге қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды.

