«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясының мүшелері Степногорск қаласындағы «Целингормаш» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Зауыт тау-кен техникасына, байыту және металлургиялық кешендерге, энергия өндіруші нысандарға, теміржол жылжымалы құрамына, арнайы техникаға, химия өнеркәсібі кәсіпорындарына, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасына арналған жабдықтар, қосалқы бөлшектер мен құрамдас бөліктер шығарады.
Кездесу барысында қатысушылар алдағы республикалық референдумды, Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін және оған енгізілген түзетулерді талқылады. Өзгерістерге ерекше назар аударылды.
Степногорск қаласындағы «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы, коалиция мүшесі Абай Әлжанов азаматтардың негізгі реформаларды талқылауға белсенді қатысуының және ұсынылып отырған өзгерістердің мақсаты мен мәні туралы қоғамды ақпараттандырудың маңыздылығын атап өтті.
«Конституциялық өзгерістер адам құқықтары мен азаматтардың әлеуметтік қорғалуы басты назарда болатын әділетті әрі прогрессивті мемлекет құруға бағытталған. Әрбір азамат референдумға қатыса отырып, ел болашағына өз үлесін қосады», – деді Абай Әлжанов.
Кәсіпорын қызметкерлері талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Әлеуметтік қорғалуды нығайту, азаматтардың құқықтарын кеңейту және қоғамдық-саяси өмірге қатысу мүмкіндіктерін арттыру мәселелері ерекше қызығушылық тудырды.
«Целингормаш» ЖШС директоры Юрий Серафимчик мұндай кездесулердің кәсіпорын ұжымы үшін маңыздылығын атап өтті:
«Біз үшін адамдардың өміріне және елдің дамуына әсер ететін барлық өзгерістерден хабардар болу маңызды. Коалициямен жүргізілген диалог қызметкерлерге реформалардың мәнін түсінуге және қоғамдық үдерістерге өз қатыстылығын сезінуге көмектеседі», – деді Юрий Григорьевич.
Іс-шара ашық әрі сындарлы диалог форматында өтті. Қатысушылар мұндай кездесулер халықтың ақпараттану деңгейін арттыруға, жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыруға және ел дамуын айқындайтын үдерістерге тартуға ықпал ететінін атап өтті.

