Қаз
Сенім, қауіпсіздік және ережелер: «Қайнар АКБ»-да Жаңа Конституция жобасы мен референдум талқыланды

Талдықорған қаласында «Қайнар-АКБ» ЖШС алаңында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының мүшелері еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Іс-шара жаңа Конституция жобасы мен алда болатын республикалық референдум бойынша түсіндіру жұмысының бөлігі ретінде ұйымдастырылды.

Кездесуге қатысушылар өндірістік алаңдарда диалог жүргізудің маңыздылығын атап өтті, өйткені дәл осы ортада тұрақтылық пен әділдікке деген сұраныс ерекше сезіледі. Іс-шараға Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, коалиция төрағасының орынбасары Аида Балаева, Мәжіліс депутаттары Руслан Қожасбаев пен Никита Шаталов, Әсет Қыдырманов және кәсіпорын басшылығы қатысты.

«90-жылдары да, қазіргі кезде де зауыт өндіріс жағынан өңірде көшбасшы болды. Мен «Кайнар» зауыты қаланың тұрақты жұмыс істеген бірегей кәсіпорындарының бірі болғанына куәмін. Содан бері нарық жағдайы өзгерді, алайда кәсіпорын өңірлік көшбасшы болып қалу үшін жаңғыртылып, дамып келеді.

Әлем де, ел де өзгеруде. Біз жаңа жағдайларда дамып, жоғары даму қарқынын сақтау үшін ұзақ жылдарға арналған құндылықтар мен бағдарларымызды айқындап алуымыз қажет. Біздің таңдауымыздың негізі - Жаңа Конституция.

Жаңа конституция мәтінінің өзегінде формалды құқықтық терминдер емес, ең алдымен – Адам, оның құқықтары мен қажеттіліктері тұр. Конституцияның адамға бағдарлануы оны азаматтар мен мемлекеттік органдардың құқықтары мен міндеттері арасындағы нақты тепе-теңдікті белгілейтін, сондай-ақ олардың арасындағы қарым-қатынастың жаңа жүйесін айқындайтын құқықтық актіге айналдырады», – деп атап өтті Аида Балаева.

Аида Балаеваның айтуынша, елдің жаңа Негізгі Заңы әрбір азаматтың еңбек етуге, қауіпсіз жағдайда жұмыс істеуге және әділ еңбекақы алуға құқығын ең жоғары деңгейде бекітеді, кемсітушіліктің кез келген түрін жоққа шығарады. Конституциялық нормалардың бірқатары өндірістік жарақаттануды азайтуға және еңбекке қабілеттілікті сақтауға тікелей бағытталған.

Кәсіпорын тарапынан «Қайнар-АКБ» ЖШС директоры Ербол Әжмағамбетов жоба төңірегіндегі қоғамдық талқылау мен өзара құрметке негізделген диалогтың маңызын атап өтті.

«Бүгінде мемлекеттік ауқымдағы шешімдердің қоғаммен ашық диалог арқылы қабылдануы аса маңызды. Сіздің қатысуыңызбен коалиция мүшелері жұмысының арқасында талқылау үдерісі ашық, мазмұнды әрі азаматтардың пікірін ескере отырып, өтуде. Біз атқарылған жұмыстың ауқымын кездесулер, баяндамалар, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі жарияланымдар арқылы көріп отырмыз. Бұл сенімді нығайтып, жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастырады», – деді ол.

Жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Руслан Қожасбаев атап өтіп, құжаттың құқықтық жүйені жаңғыртуға және әділеттілікті нығайтуға бағытталғанын, азаматтардың құқықтарын қорғауды, қауіпсіздік пен әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ететінін айтты.

Сондай-ақ Жетісу облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Әсет Қыдырманов өз пікірін білдірді.

«Конституциядағы жеке меншікке қол сұқпау, заң алдындағы теңдік нормалары – жаңа жұмыс орындарының, технологиялардың, мүмкіндіктердің кепілі. Экономикалық тұрақтылық дегеніміз – уақытылы жалақы, заманауи құрал-жабдық, адамдардың ертеңгі күнге деген сенімі», – деп атап өтті ол.

Аида Балаева сондай-ақ жұмыс берушінің және мемлекеттік органдардың тиісті еңбек жағдайларын жасау жауапкершілігі елдің ең жоғары заңнамалық актісі деңгейіне көтерілгенін атап өтті. Мұның барлығы азаматтарға олардың құқықтары шектелмейтініне кепілдік береді.

Кездесу соңында қатысушылар жобаға қатысты ашық талқылаудың маңызын атап өтіп, референдум азаматтардың кеңінен қатысуымен өтуі үшін түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажеттігін жеткізді.

Жаңалықтар көбірек:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты
146
Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының ХАБАРЫ
199
«AMANAT» партиясы жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Үндеу жасады
149
«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» белсенділері «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ел көлемінде үгіт материалдарын жинауға кірісті
280
Референдум кезінде ұсақ құқық бұзу фактілері ғана тіркелді – «AMANAT» өкілі
117
Референдум нәтижесіне әсер етуі мүмкін заңбұзушылықтар анықталған жоқ – ТүркПА байқаушылары
136
Референдум ашық әрі заңға сай өтті – ТМҰ бақылаушылары
133
ТМД миссиясы: Қазақстандағы референдум ашық әрі тыныш жағдайда өтті
135
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
115
«Халық үні» тәуелсіз бақылаушылары Орталық референдум комиссиясының қорытындысын растады
137
«Ел Дауысы» ҚҚ бақылаушылары референдумда дауыс беру заңды және ашық өткенін жеткізді
122
«AMANAT» партиясының байқаушылары: Референдум ашық әрі жоғары азаматтық белсенділік жағдайында өтті
133
ҚР Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады
168
Экзитпол нәтижелері: қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдады
239
Референдум-2026: «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы референдумда дауыс берді
136
Қазақстандағы референдум учаскелері дауыстарды санауға кірісті
206
«Референдум – 2026»: Онлайн марафон патриотизм, киберспорт және технологиялар тақырыбындағы талқылаулармен жалғасты
138
«Референдум – 2026» онлайнмарафоны жалғасуда. Көрермен назарына өзектімәселелер және өнертабыстар ұсынылды
112
Референдум-2026: кешкі сағат 18.00-ге дейін тізімге енген азаматтардың 70,98% дауыс беріп үлгерген
156
Жамбыл облысында референдум қалай өтіп жатыр – бақылаушы баға берді
132
Қостанайда тұрғындар таңертеңнен бастап белсенді дауыс беріп жатыр – бақылаушы
127
Еліміздегі қоғамдық жағдай тұрақты  
132
«Родина» агрофирмасының басшысы референдум учаскесінде өз таңдауын жасады
147
Павлодарлықтар дауыс беру учаскелеріне ағылуда
136
Республикалық референдумда дауыс бергендердің қатарында бокстан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай да бар
123
Ұлытау облысында референдум мерекелік атмосферада өтуде
139
«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек референдумға қатысты.
132
Көрісу күнімен тұспа-тұс келді: Ақтауда референдум учаскелерінде мерекелік атмосфера орнады
103
Ақтөбеде әлем чемпиондары референдумда дауыс берді
183
Сүйінші! Атазаң дүниеге келді!
152
Шетелдегі 3 мыңнан астам қазақстандық референдумға келіп, дауыс беріп үлгерген
140
Сайрамда көкпаршылар мен байкерлер ел болашағы үшін дауыс берді
126
Қазақстан гимнастика федерациясының президенті, қалалық мәслихат депутаты Әлия Юсупова азаматтық таңдауын жасады
126
Конституциялық реформа азаматтық қоғамның рөлін күшейтеді
167
Ақтөбелік бақылаушы референдум учаскесіндегі ерекше сәт туралы айтып берді
120
Майра Мұхамедқызы: «Мұндайда халықтың бірлігі мен белсенділігі маңызды»
126
Адамдар көтеріңкі көңіл-күймен келіп, өз таңдауын жасап жатыр – бақылаушы Жетісу облысындағы референдум туралы
126
Бір әулеттің үш буыны референдумда дауыс берді
138
Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының ұрпақтары референдумға қатысып, өз таңдауын жасады
163
«Референдум – 2026» онлайн марафоны: инклюзивті қоғам мен бала тәрбиесі тақырыптары кеңінен талқыланды
140
ТМД ПАА миссиясы Қазақстандағы референдумды ұйымдастыруға қатысты ешқандай ескерту тіркеген жоқ
126
ТМД ПАА бақылаушылары Қазақстандағы референдумда дауыс беру ашық өтіп жатқанын айтты
113
Әрбір азамат өз таңдауын еркін жасап жатыр - бақылаушы
126
Өнер мен мәдениеттің арқасында саяси науқан тұрғындар үшін мерекеге айналды
113
40 ене мен 40 келін – бірліктің жарқын үлгісі
139
ШЫҰ миссиясы Қазақстандағы референдумның техникалық дайындығын бағалады
137
Қытайда референдум бойынша төрт дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр
143
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді 
418
Қазақстандағы үш ірі мегополистің әкімдері референдумда дауыс берді
114
Қостанайдағы №1 сайлау учаскесінде танымал сыйқыршы Төрехан Жұманов шоу ұйымдастырды
133
Аида Балаева референдумда дауыс берді
178
Шымкентте тұрғындар референдумға ұлттық киіммен келіп, ерекше белсенділік танытты
113
Түркістанда бокстан ұлттық құрама спортшылары референдумда дауыс берді
120
Шымкенттегі Достық үйінде референдум ерекше рухта өтіп жатыр
125
Осы жолғы референдумда сайлаушылардың белсенділігі бірден байқалады – бақылаушы
102
Қазығұрт ауданында 100 жастан асқан қария референдумда дауыс берді
107
Халықтың 19,21 пайызы дауыс беріп үлгерген - Орталық референдум комиссиясы
95
Қызылорда өңірінде 2637 жас бірінші рет дауыс беру құқығына ие
117
«Мерейлі отбасы» – Бозтаевтар әулеті дауыс берді
128
105 жастағы майдангер референдумда бірінші болып өз таңдауын жасады
114
«Абысын татау болса...» – маңғыстаулық абысын-ажындар референдумға қатысты
110
«Ғасыр әже» ансамблінің мүшелері дауыс берді
105
Мәулен Әшімбаев: референдум – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жарқын көрінісі
195
Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді
132
Қазақстанның еңбек ері Имамзада Шағыртаев өз таңдауын жасады
121
«Референдум – 2026» республикалық онлайн марафоны басталды
226
«Референдум – 2026»: Елдің маңызды саяси оқиғасы live форматта
193
Қостанайдағы референдум учаскесінде Наурыз қарсаңында Қыдыр ата дауыс берді
118
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин референдумда дауыс берді
190
Мәжіліс төрағасы жаңа Конституция бойынша республикалық референдумда дауыс берді
241
Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумда дауыс берді
119
Геннадий Головкин Бангкокте жаңа Конституция бойынша референдумда дауыс берді
115
Референдум: Ең алғашқы дауыс беруші Жапонияда өз таңдауын жасады
121
Елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша референдум басталды
160
Қазақстанда жаңа Конституция жобасын түсіндіру науқаны аясында 23 мыңнан астам кездесу өтті
188
Сыр өңірінде жаңа Конституция жобасын қолдауға бағытталған Open air-ге 20 мыңға жуық адам жиналды
144
Жаңа Ата заң: Мәжіліс депутаттары көлік кәсіпорындарының қызметкерлерімен Конституция жобасын талқылады
134
Жалпыұлттық коалиция: Қызылордада кәсіпкерлермен жаңа Конституция жобасы талқыланды
153
Жаңа Конституцияны танытудың жаңа форматы – JEBE Quiz
146
Жастар – Жаңа Қазақстанның қозғаушы күші
134
Жастар және Конституция: Астанада Talks форматында ашық диалог өтті
146
Қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдайды – Коалиция
192
Ұлытауда жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
158
Референдум - демократиялық қоғамның маңызды көрсеткіші
174
«Саран» шахтасының кеншілері Конституцияда бекітілген азаматтық жауапкершілік идеясын қолдайды
127
Көне Тараздағы әуенге толы жастар кеші
116
«Негізгі заңды жетілдіру қоғамның дамуын көрсетеді» – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясында кездесу өтті
128
Ұстаздар қауымымен кездесті
134
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөз сөйледі
217
Жамбыл облысында жалпыхалықтық коалиция мүшелері жастармен кездесті
126
Nazarbayev University-де жаңа Конституция жобасы талқыланды
164
«Барыс Аренада» жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
143
Қоғамдағы әділдік қағидаттарын нығайтуға бағытталған
146
Жаңа заң жобасы - әрбір азаматтың лайықты өмірінің кепілі
122
Референдум-2026: Шымкентте медицина қызметкерлерімен Конституция жобасы талқыланды
138
Жалпыұлттық коалиция Сыртқы істер министрлігі ұжымымен кездесу өткізді
129
«Конституция – басты бағдар» – «Теплотранзит» алаңында мазмұнды кездесу өтті
119
1000 қатысушыны біріктірген форум: Халықтық Конституцияны қолдау
160
Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұжымымен кездесті
128
Еңбек адамының құқығы мен отбасы құндылығы – жаңа Конституцияда
121