Атырау қаласында «Жаңа Конституция – жарқын болашақ» атты ауқымды гала-концерт өтті. «Жайық-Арена» мәдени-спорт кешенінде ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға 2500-ге жуық адам жиналды.
Бұл – ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтардың ортақ ұстанымын айқындаған маңызды басқосу.
Гала-концерт аясында жаңа Конституцияның мазмұны мен маңызы жан-жақты түсіндірілді. Ата Заңға енгізілген өзгерістер адам құқығын қорғауды күшейтуге, билік тармақтарының тепе-теңдігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталғаны атап өтілді.
Сонымен қатар азаматтардың мемлекеттік шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және әлеуметтік әділеттілікті нығайту мәселелері де кеңінен қозғалды.


