Жиында қоғамдағы татулық пен келісімнің маңызы, тарихи сабақтастық пен азаматтық жауапкершілік құндылықтары кеңінен айтылды.
Іс-шара барысында «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Серік Нұрқадыров құттықтау сөз сөйлеп, Алғыс айту күнінің рухани мәніне және жаңа Конституция жобасындағы патриотизм қағидатына тоқталды.
«Алғыс айту күні – бірлік пен өзара құрметтің мерекесі. Қоғамдық келісім мен ынтымақ – ел дамуының берік тірегі. Ал жаңа Конституция жобасында қазақстандық патриотизм мемлекеттің негізгі қағидаттарының бірі ретінде айқындалуы – осы құндылықтардың стратегиялық деңгейде бекітілуі. Бұл – ел болашағына деген ортақ жауапкершілікті күшейтетін маңызды қадам», – деді Серік Нұрқадыров.
Салтанатты кеш аясында концерттік бағдарлама ұсынылып, өңірдің шығармашылық ұжымдары патриоттық әндер орындап, ұлттық билер қойды. Мерекелік шара қатысушыларға ерекше көңіл күй сыйлады.



