Қаз
Абай облысында қоғам өкілдері жаңа Конституцияны қолдауға дайын екендерін мәлімдеді

Абай облысында жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған бірқатар кездесу өтті. «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелері облыстың Бородулиха ауданында түрлі сала өкілдерімен ашық диалог ұйымдастырып, конституциялық реформалардың негізгі бағыттарын жан-жақты түсіндірді. Кездесулер барысында азаматтардың құқығын қорғауды күшейтуге және әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға бағытталған бастамалардың маңызы атап өтілді. 

Коалиция мүшелері алдымен Новопокровка ауылындағы «Шыңғыс тас» ЖШС кірпіш зауытының еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Жақында іске қосылған өндіріс орнында еңбек және әлеуметтік құқықтар саласындағы өзгерістерге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ билік тармақтары арасындағы теңгерімді сақтау, қоғамның шешім қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін кеңейту мәселелері көтерілді.

«AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалы жанындағы білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кеңестің төрағасы, коалиция мүшесі Оралхан Сартаев құжатта еңбек құқығы мен әлеуметтік кепілдікті қорғау мәселесіне басымдық берілгенін атап өтті. Оның сөзінше, жаңа Конституцияның негізгі қағидаттары – азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауды күшейту, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету және мемлекеттік институттарды одан әрі дамыту.

«Жаңа Конституция – бұл тек саяси құжат қана емес. Ол азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауды күшейтетін стратегиялық негіз. Сонымен қатар әлеуметтік әділеттілікті нығайтып, қоғамдағы теңгерімді дамуды қамтамасыз етеді. Әсіресе еңбек адамы мен ұстаздардың құқығы мен мәртебесі қорғалуға тиіс. Бұл реформалар елдің тұрақты дамуына, мемлекеттік институттардың өркендеуіне және азаматтық белсенділіктің артуына тікелей әсер етеді», – деді ол.

Бұдан кейін аталған топтың түсіндіру жұмыстары Бородулиха колледжінде және Әлихан Бөкейханов атындағы мектепте жалғасын тапты. Іс-шараға жиналған оқытушылар мен мамандар жаңа Ата Заң жобасындағы білім беру жүйесінің стратегиялық рөлі мен педагог мәртебесінің маңызы туралы сөз қозғады. Оралхан Сартаев конституциялық өзгерістердің өзегінде әр балаға сапалы білім беру мен ұстаз мәртебесін қорғауды қамтамасыз ету тұрғанын жеткізді.

«Ұстаз – ұлттың рухани әлеуетін, білімін және болашағын қалыптастыратын тірек. Сондықтан бұл реформалар білім саласындағы әділеттілікті нығайтуға және қоғамның дамуына тікелей әсер етеді. Әрбір бала сапалы білім алуға тиіс, ал мұғалімнің кәсіби мәртебесі – оның қоғамдағы орнының кепілі. Жаңа Ата Заң осы бағыттағы міндеттерді нақтылай отырып, білім беру саласындағы әділеттілікті бекітеді», – деді коалиция өкілі.

Талқылау барысында білім беру саласына қатысты өзгерістер түсіндіріліп, педагог қауымдастығының ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

Сонымен қатар дене шынықтыру-сауықтыру кешені қызметкерлерімен өткен жиында конституциялық өзгерістердің азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, заң үстемдігін нығайтуға және мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталғаны сөз болды.

Кездесулер қорытындысы бойынша Бородулиха ауданының жұртшылығы ел дамуының стратегиялық бағытын айқындайтын жаңа Конституцияны қолдауға дайын екендерін жеткізді. 

Жаңалықтар көбірек:
Мемлекеттік кеңесші Жалпыұлттық коалицияның мүшелерімен бірге Абай облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді
10
Әділетті Қазақстан жолында: Бесқарағайлықтар жаңа Конституция жобасын қолдады
6
Халықтың мемлекет басқару ісіне араласуының айқын көрінісі
18
Конституция – стратегиялық таңдау: Абай ауданының тұрғындары жаңа Ата Заңды қолдайды
11
Бұл өзгерістер біздің ұжымға өз жұмысын тиімді ұйымдастыруға және сапалы көмек көрсетуге жол ашады
29
Жарма ауданының тұрғындары мен еңбек ұжымдары жаңа Конституцияны қолдауда
15
Абай облысында қоғам өкілдері жаңа Конституцияны қолдауға дайын екендерін мәлімдеді
18
Мемлекеттің дамуы оның құқықтық негіздерін жаңартудан басталады
42
Ақ халаттылар – жаңа Ата заңды қолдайды
38
«KazTransOil» ұжымымен жаңа Конституция жобасы талқыланды
46
Референдум – ел болашағына деген сенімінің айқын көрінісі
31
Ел болашағы біздің белсенділігіміз бен жанашырлығымызға байланысты
38
Конституция жобасы қоғам сұранысына сай әзірленгенін
57
Қарағанды облысында 2000-ға жуық жас жаңа Конституция жобасын қолдады
44
Конституциялық өзгерістер елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған нақты қадам
47
Экология және еңбек адамы: Атырау облысының жұртшылығы жаңа Конституция жобасын қолдайды
57
Аида Балаева: Туризм саласы үшін болжамды ережелер мен сенім аса маңызды
52
Алматы облысында коалиция мүшелері «Green Land Alatau» жылыжай кешенінің ұжымымен кездесті 
52
Өскеменде бизнес және агроөнеркәсіп кешен өкілдері конституциялық реформаны қолдады
45
Жаңа конституциялық нормалар: Цифрлық құқықтардан тұрғын үйді қорғауға дейін
50
Шығармашылық ұжымдар қауымдастығы жаңа Конституция жобасын талқылады
56
Еңбек адамының мүддесі басты назарда: «СемАЗ» ұжымы жаңа Конституцияны бірауыздан қолдады
44
Жаңа Конституция – Берекелі еңбектің кепілі
50
Қордаланған мәселелерді шешу және тұрмыс сапасын арттыру: Маңғыстау қоғамы жаңа Конституцияны қолдайды
63
Жаңа Конституция – білім саласының дамуына жол ашады
42
«Ең басты өзгеріс – Конституцияның өзегінде адам тұр» – Аида Балаева «Қазцинк» ұжымымен кездесуде
34
«Конституцияда өнер адамдарына қатысты нақты нормалардың қамтылуы – мәдениет саласына көрсетілген ерекше құрметтің белгісі»
54
Ұлытау жастары жаңа Конституцияны қолдайды
51
«ҚазТрансОйл» конституциялық реформаларды талқылады
47
Конституциялық өзгерістер Жаңаөзен жұртшылығымен талқыланды
47
Алматыда этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесу өтті
47
Бірлік пен ынтымақ, этносаралық және дінаралық келісім Қазақстан мемлекеттілігінің берік іргетасы ретінде бекітілген
43
«Жер мен табиғи ресурстар халыққа тиесілі, ал мемлекет меншік құқығын халық атынан жүзеге асырады» 
49
Ұстаздар референдумға біркісідей қатысады
36
Цифрлық дәуір талаптарына сай құқықтық негіз қалыптастыратын құжат
46
Еңбек адамының мүддесі – мемлекет назарында
51
Жалпыұлттық коалиция Түпқараған ауданының тұрғындарымен кездесті
48
Атыраудағы еңбек ұжымдары жаңа Конституция жобасын қолдады
45
Елімізде қауіпсіз еңбек жағдайына кепілдік беріледі 
50
Аида Балаева ШҚО жұртшылығымен кездесу барысында жаңа Конституцияның негізгі ережелері туралы баяндады
94
Астанада жалпыұлттық референдумды қолдауға арналған концерт өтті
57
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Алматы облысында мерекелік іс-шара өтті
47
Семейде жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған акция өтті
59
«Қазақтелеком» АҚ Маңғыстау филиалының ұжымы еліміздің жаңа Конституциясын қолдайды
75
Ертеңгі күнге деген сенімді нығайтады
66
Жаңа Конституция – тұрақтылық пен даму кепілі
61
Саналы таңдау жасау үшін ең алдымен толық ақпарат алу маңызды
66
Конституциялық құндылықтар – қоғам сұранысы
65
Бұл - іргелі ілгерілеудің көрінісі
64
«Ұлттық валютаны Конституцияда бекіту – тәуелсіздіктің құқықтық жалғасы әрі тарихи сабақтастықтың көрінісі»
50
Преамбулада тұнған парасат: Ұлы дала ұлағаты мен жаңа заман жасампаздығы
53
Айдос Сарым: «AMANAT» партиясы конституциялық жаңалықтарды толығымен қолдайды
52
Арнайы кітапхана ұжымымен Конституция жобасы талқыланды
67
Астанада футбол матчы кезінде конституциялық реформаларды қолдауға арналған ауқымды патриоттық акция өтті
54
«Жастар таңдауы – жаңа Конституция!»: Шығыс Қазақстандағы ең ірі алаңда 12 000 көрермен жиналды
65
Қарағанды облысында екі мыңға жуық жас жаңа Конституция жобасын қолдады
35
«Президенттің бастамалары халықтың жүрегінде көптен бері жүрген дүниелерді айқындайды» – Арман Қырықбаев
58
Білім алу құқығы және шығармашылық еркіндігі: Павлодарда 200-ден астам тұрғын ашық кездесуге қатысты
68
Таразда жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған LIVE-концерт өтті
66
Түркістан облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған заманауи мурал салынды
65
Астанада жаңа Конституцияға байланысты референдум қарсаңында Taldau Run өтті
75
Мемлекеттің саяси партиялары жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
86
«Абай әділетті айтты, ал Конституция соны заң деңгейінде бекітеді»
75
Референдум-2026: Астанада «Жеңіс» футбол орталығында кездесу өтті
59
Мәдениет пен шығармашылық еркіндік – конституциялық деңгейде
62
«ASIA TRAFO»: Қоғамның сұранысынан туындаған өзгеріс
61
Тарихымызды қастерлеп, мәдени мұрамызды сақтайық
93
Мемлекеттік кеңесші Жалпыұлттық коалициясының мүшелерімен бірге Қостанай облысының жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді
57
Өндіріс саласының жастары жаңа Ата Заңды қолдады
59
Қостанай облысының креативті жастары жаңа Конституцияны қолдайды
64
Референдум–2026: дауыс беру учаскеңізді қалай білуге болады?
265
Қостанай облысының жұртшылығы жаңа Конституцияны елдің прогрессивті дамуының маңызды қадамы ретінде бағалады
65
Батыс Қазақстан облысында коалиция мүшелері реформалық өзгерістерді талқылады
58
«Ассоль» тұз зауытының ұжымы Ата заң жобасын толық қолдайды
122
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің оқытушылары мен студенттері жаңа Конституция жобасын қолдады
68
Тасқала және Бәйтерек аудандарының тұрғындары жаңа Конституция жобасын талқылады
56
Еңбек адамы – ерекше назарда
75
Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі мен құқығы басты назарда
65
Петропавл қаласының энергетиктеріне конституциялық реформа түсіндірілді
60
Коалиция мүшелері «Маңғыстауэнергомұнай» жұмысшыларымен кездесті
82
«Жаңа Конституция жобасында зияткерлік меншікті қорғау мәселесі көрініс тапты» – Аида Балаева БҚО жастарымен кездесті
94
Абай облысында коалиция мүшелері Семей қаласының №5 гимназия ұжымымен мазмұнды кездесу өткізді 
62
Пікірталас уақыты
77
Аида Балаева: Жаңа преамбулада алғаш рет адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің басты басымдығы ретінде айқындалды
98
Отбасы мен бала мүддесі – басты назарда
61
Жаңа Конституция – ашық әрі біртұтас Қазақстанды таңдау мүмкіндігі
125
Бұл өзгерістер – елдің ұзақ мерзімді дамуына негіз болатын қадамдар
100
Ата заң жобасы қаржыгерлер қолдауына ие болып отыр
83
Ұлт саулығы Конституциямен қорғалады
68
Қызылжар тұрғындары Ата заң жобасын талқылады
95
Мемлекеттік кеңесші Жалпыұлттық коалиция мүшелерімен бірге Ақтөбе облысының жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді
89
Ақтөбенің креативті жастары Жаңа Конституцияны қолдады
84
Өңірлік коалиция мүшелері алғаш рет дауыс беретін жастармен кездесті
65
Реформалардың мәнін түсініп, қоғамдық үдеріске үлес қосатынын сезіну
70
Халықтық Конституция жолында: жұмысшы мамандардың белсенді ұстанымы маңызды 
69
Конституциялық нормалар мемлекеттің құқықтық негізін қалыптастырады
85
Қостанай облысында KIA зауытының қызметкерлерімен конституциялық өзгерістер мәселелері бойынша кездесу өтті
71
Ақтөбе облысының студент жастары жаңа Конституция жобасын талқылауға белсенді атсалысты
70
Ақтөбедегі ЖЭО қызметкерлері Жаңа Конституцияны қолдады
97
Отбасы, денсаулық және зейнетақы кепілдіктері: Дамбы ауылдық округінде жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
56