Қаз
Аида Балаева: Референдум – формалды процедура емес, ол – халықтың тікелей қатысуының ең тиімді тетігі

Талдықорған қаласындағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы алаңында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының жұмысы шеңберінде Жетісу облысы активімен кездесу өтті. Іс-шара жаңа Конституция жобасы мен алда болатын республикалық референдум бойынша түсіндіру жұмысының бөлігі ретінде ұйымдастырылды.

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Коалиция төрағасының орынбасары Аида Балаева өз сөзінде реформаның саяси-әлеуметтік мәніне кеңінен тоқтала келе, Мемлекет басшысының ұйытқы болуымен қолға алынған өзгерістер мемлекеттік басқарудың әділ, орнықты әрі тиімді моделін қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Кең көлемді реформалар пакетінің басты ережелерінің бірі ретінде бір палаталы Парламенттің құрылуын тілге тиек етіп, бұл өз кезегінде институттардың жауапкершілігін күшейтіп, заңнамалық үдерісті жеделдете түсетінін айтты.

«Мемлекет басшысының референдум өткізу туралы шешімі азаматтардың тікелей таңдауы арқылы тағдыршешті өзгерістерді бекітуге бағытталған маңызды демократиялық қадам деп есептеймін. Референдум – жай ғана формалды процедура емес, ол – стратегиялық маңызы зор шешімдерді қабылдауға халықтың тікелей қалысуының тиімді тетігі», - деп атап өтті Аида Балаева.

Мәжіліс депутаты Болат Керімбек жаңа жобаның әлеуметтік және құндылық тұрғысындағы маңызына тоқталды. Оның айтуынша, адамдар Конституцияны қауіпсіздік пен әділдіктің іс жүзіндегі кепілдігі ретінде сезінуге тиіс.

«Референдумда таңдау жасау – өз тағдырың үшін әрі мемлекеттің болашағы үшін жауапкершілік. Өйткені Конституция – мемлекеттің ғана емес, әрбір отбасының да қорғаны», -  деп атап өтіп, қоғамдық келісім мен ұлттық құндылықтарды нығайтудың маңызын еске салды.

Жаңа жобаны талқылау жиынына Мәжіліс депутаты Никита Шаталов, Абай атындағы ҚазҰПУ басқарма төрағасы – ректоры Болат Тілеп, «Қазақстан халқына» ҚҚ басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ басқарма төрағасы Жұлдызай Ысқақова, Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Гүлнар Тойлыбаева, Жетісу облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт қатысты.

Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің басқарма төрағасы – ректоры Болат Тілеп жаңа Конституцияның маңызы мен мазмұны туралы ойымен бөлісті.

«Жаңа Ата заңның мазмұнында «Әділетті Қазақстан» идеясының арман-мұраты, мүмкіндіктері мен жауапкершілігі, сауалдары мен жауаптары көрініс тапқан. Ұсынылып отырған өзгерістердің терең мағынасы мен тарихи маңызын мен осыдан көремін», - деп атап өтті ол.

«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ басқарма төрағасы Жұлдызай Ысқақова неке институтын конституциялық тұрғыда нығайту мәселесін көтеріп, мемлекеттің құқықтық және қоғамдық негіздерін нығайтудағы аталған нормалардың маңызын тілге тиек етті.

«Некені ер мен әйелдің еркін әрі тең құқылы одағы ретінде конституциялық тұрғыда бекіту қоғам тарапынан қолдау тауып отырған неке моделін жоғары заңдық күші бар норма ретінде бекітуге, мемлекеттік органдардың құқық қолдану және профилактикалық қызметі үшін бірыңғай бағдар қалыптастыруға, некеге мәжбүрлеудің кез келген формасына қатысты нөлдік төзімділікті қамтамасыз етуге, отбасы институтын ұзақ мерзімді орнықты қазақстандық қоғамның негізі ретінде нығайтуға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Ж.Ысқақова.

Жетісу облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт Парламент атауының Құрылтай болып өзгеруі жайындағы бастаманың маңызы туралы айта келе, оның тарихи әрі рухани терең мәніне назар аударды.

«Біз де Парламенттің Құрылтай деп аталуы туралы бастаманы жай ғана атын ауыстыру емес, тарихи тамырымызға қайту әрі ұлттық бірегейлікті бекіту ретінде қараймыз. Бұл – біздің мемлекеттілік дәстүрлеріміздің жаңғыруы мен дамуы», - деді ол.

Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Гүлнар Тойлыбаева жаңарған Ата заңның басты ережелеріне қатысты ойын білдіріп, мемлекеттің құндылықтық бағдарларын нығайту мәселесіне ден қойды.

«Әділдік, Заң мен Тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау Конституция деңгейінде тұңғыш рет бекітіліп отыр. Мемлекеттік биліктің қайнар көзі Қазақстан халқы екені айқын жазылды. Басты идея – білімнің, ғылымның, мәдениет пен инновацияның, сондай-ақ адами капиталдың дамуына басымдықтың берілуі», - деп атап өтті ол.

Кездесу соңында аймақтық актив тарапынан қатысушылар сұрақтарын қойып, түсіндіру жұмысы бойынша ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ, азаматтардың референдумға қатысуының маңызын атап өтті.


Жаңалықтар көбірек:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты
173
Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының ХАБАРЫ
224
«AMANAT» партиясы жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Үндеу жасады
179
«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» белсенділері «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ел көлемінде үгіт материалдарын жинауға кірісті
307
Референдум кезінде ұсақ құқық бұзу фактілері ғана тіркелді – «AMANAT» өкілі
133
Референдум нәтижесіне әсер етуі мүмкін заңбұзушылықтар анықталған жоқ – ТүркПА байқаушылары
159
Референдум ашық әрі заңға сай өтті – ТМҰ бақылаушылары
153
ТМД миссиясы: Қазақстандағы референдум ашық әрі тыныш жағдайда өтті
154
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
136
«Халық үні» тәуелсіз бақылаушылары Орталық референдум комиссиясының қорытындысын растады
161
«Ел Дауысы» ҚҚ бақылаушылары референдумда дауыс беру заңды және ашық өткенін жеткізді
142
«AMANAT» партиясының байқаушылары: Референдум ашық әрі жоғары азаматтық белсенділік жағдайында өтті
150
ҚР Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады
189
Экзитпол нәтижелері: қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдады
264
Референдум-2026: «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы референдумда дауыс берді
155
Қазақстандағы референдум учаскелері дауыстарды санауға кірісті
226
«Референдум – 2026»: Онлайн марафон патриотизм, киберспорт және технологиялар тақырыбындағы талқылаулармен жалғасты
156
«Референдум – 2026» онлайнмарафоны жалғасуда. Көрермен назарына өзектімәселелер және өнертабыстар ұсынылды
129
Референдум-2026: кешкі сағат 18.00-ге дейін тізімге енген азаматтардың 70,98% дауыс беріп үлгерген
173
Жамбыл облысында референдум қалай өтіп жатыр – бақылаушы баға берді
149
Қостанайда тұрғындар таңертеңнен бастап белсенді дауыс беріп жатыр – бақылаушы
142
Еліміздегі қоғамдық жағдай тұрақты  
152
«Родина» агрофирмасының басшысы референдум учаскесінде өз таңдауын жасады
164
Павлодарлықтар дауыс беру учаскелеріне ағылуда
153
Республикалық референдумда дауыс бергендердің қатарында бокстан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай да бар
143
Ұлытау облысында референдум мерекелік атмосферада өтуде
157
«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек референдумға қатысты.
148
Көрісу күнімен тұспа-тұс келді: Ақтауда референдум учаскелерінде мерекелік атмосфера орнады
124
Ақтөбеде әлем чемпиондары референдумда дауыс берді
213
Сүйінші! Атазаң дүниеге келді!
175
Шетелдегі 3 мыңнан астам қазақстандық референдумға келіп, дауыс беріп үлгерген
159
Сайрамда көкпаршылар мен байкерлер ел болашағы үшін дауыс берді
145
Қазақстан гимнастика федерациясының президенті, қалалық мәслихат депутаты Әлия Юсупова азаматтық таңдауын жасады
143
Конституциялық реформа азаматтық қоғамның рөлін күшейтеді
187
Ақтөбелік бақылаушы референдум учаскесіндегі ерекше сәт туралы айтып берді
138
Майра Мұхамедқызы: «Мұндайда халықтың бірлігі мен белсенділігі маңызды»
148
Адамдар көтеріңкі көңіл-күймен келіп, өз таңдауын жасап жатыр – бақылаушы Жетісу облысындағы референдум туралы
144
Бір әулеттің үш буыны референдумда дауыс берді
154
Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының ұрпақтары референдумға қатысып, өз таңдауын жасады
186
«Референдум – 2026» онлайн марафоны: инклюзивті қоғам мен бала тәрбиесі тақырыптары кеңінен талқыланды
161
ТМД ПАА миссиясы Қазақстандағы референдумды ұйымдастыруға қатысты ешқандай ескерту тіркеген жоқ
144
ТМД ПАА бақылаушылары Қазақстандағы референдумда дауыс беру ашық өтіп жатқанын айтты
135
Әрбір азамат өз таңдауын еркін жасап жатыр - бақылаушы
145
Өнер мен мәдениеттің арқасында саяси науқан тұрғындар үшін мерекеге айналды
126
40 ене мен 40 келін – бірліктің жарқын үлгісі
162
ШЫҰ миссиясы Қазақстандағы референдумның техникалық дайындығын бағалады
159
Қытайда референдум бойынша төрт дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр
161
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді 
441
Қазақстандағы үш ірі мегополистің әкімдері референдумда дауыс берді
135
Қостанайдағы №1 сайлау учаскесінде танымал сыйқыршы Төрехан Жұманов шоу ұйымдастырды
153
Аида Балаева референдумда дауыс берді
195
Шымкентте тұрғындар референдумға ұлттық киіммен келіп, ерекше белсенділік танытты
131
Түркістанда бокстан ұлттық құрама спортшылары референдумда дауыс берді
141
Шымкенттегі Достық үйінде референдум ерекше рухта өтіп жатыр
142
Осы жолғы референдумда сайлаушылардың белсенділігі бірден байқалады – бақылаушы
124
Қазығұрт ауданында 100 жастан асқан қария референдумда дауыс берді
126
Халықтың 19,21 пайызы дауыс беріп үлгерген - Орталық референдум комиссиясы
111
Қызылорда өңірінде 2637 жас бірінші рет дауыс беру құқығына ие
137
«Мерейлі отбасы» – Бозтаевтар әулеті дауыс берді
151
105 жастағы майдангер референдумда бірінші болып өз таңдауын жасады
130
«Абысын татау болса...» – маңғыстаулық абысын-ажындар референдумға қатысты
124
«Ғасыр әже» ансамблінің мүшелері дауыс берді
119
Мәулен Әшімбаев: референдум – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жарқын көрінісі
214
Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді
156
Қазақстанның еңбек ері Имамзада Шағыртаев өз таңдауын жасады
142
«Референдум – 2026» республикалық онлайн марафоны басталды
245
«Референдум – 2026»: Елдің маңызды саяси оқиғасы live форматта
218
Қостанайдағы референдум учаскесінде Наурыз қарсаңында Қыдыр ата дауыс берді
144
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин референдумда дауыс берді
209
Мәжіліс төрағасы жаңа Конституция бойынша республикалық референдумда дауыс берді
269
Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумда дауыс берді
137
Геннадий Головкин Бангкокте жаңа Конституция бойынша референдумда дауыс берді
133
Референдум: Ең алғашқы дауыс беруші Жапонияда өз таңдауын жасады
143
Елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша референдум басталды
184
Қазақстанда жаңа Конституция жобасын түсіндіру науқаны аясында 23 мыңнан астам кездесу өтті
210
Сыр өңірінде жаңа Конституция жобасын қолдауға бағытталған Open air-ге 20 мыңға жуық адам жиналды
161
Жаңа Ата заң: Мәжіліс депутаттары көлік кәсіпорындарының қызметкерлерімен Конституция жобасын талқылады
159
Жалпыұлттық коалиция: Қызылордада кәсіпкерлермен жаңа Конституция жобасы талқыланды
171
Жаңа Конституцияны танытудың жаңа форматы – JEBE Quiz
173
Жастар – Жаңа Қазақстанның қозғаушы күші
157
Жастар және Конституция: Астанада Talks форматында ашық диалог өтті
171
Қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдайды – Коалиция
211
Ұлытауда жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
185
Референдум - демократиялық қоғамның маңызды көрсеткіші
205
«Саран» шахтасының кеншілері Конституцияда бекітілген азаматтық жауапкершілік идеясын қолдайды
144
Көне Тараздағы әуенге толы жастар кеші
138
«Негізгі заңды жетілдіру қоғамның дамуын көрсетеді» – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясында кездесу өтті
146
Ұстаздар қауымымен кездесті
149
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөз сөйледі
249
Жамбыл облысында жалпыхалықтық коалиция мүшелері жастармен кездесті
156
Nazarbayev University-де жаңа Конституция жобасы талқыланды
184
«Барыс Аренада» жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
178
Қоғамдағы әділдік қағидаттарын нығайтуға бағытталған
167
Жаңа заң жобасы - әрбір азаматтың лайықты өмірінің кепілі
146
Референдум-2026: Шымкентте медицина қызметкерлерімен Конституция жобасы талқыланды
172
Жалпыұлттық коалиция Сыртқы істер министрлігі ұжымымен кездесу өткізді
150
«Конституция – басты бағдар» – «Теплотранзит» алаңында мазмұнды кездесу өтті
151
1000 қатысушыны біріктірген форум: Халықтық Конституцияны қолдау
192
Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұжымымен кездесті
147
Еңбек адамының құқығы мен отбасы құндылығы – жаңа Конституцияда
139