Астана қаласы Достық үйінде «Жаңа Конституция - отбасылық құндылықтардың берік негізі» тақырыбында ҚХА Республикалық Аналар кеңесінің Конгресі өтті.
Конгресс жұмысына республикалық және өңірлік Аналар кеңестерінің, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, сарапшылар қауымдастығы мен қоғамдық құрылымдардың өкілдері қатысты.
Шараны ҚХА Республикалық Аналар кеңесінің төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі Назипа Шанаи жүргізді. Өз сөзінде отбасы институтын нығайтудың, әлеуметтік жауапкершілікті арттырудың және қоғамдағы дәстүрлі құндылықтарды сақтаудың маңыздылығына тоқталды.
ҚХА «Шаңырақ» кафедралары қауымдастығының төрағасы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ҚХА кафедрасының меңгерушісі Наталья Калашникова талқыланып отырған конституциялық бастамалардың қоғамдық институттарды одан әрі дамыту мен отбасылық құндылықтарды нығайтудағы маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ Конгресс барысында өңірлік Аналар кеңестер мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері Эльмира Мырза-Ғали, Татьяна Мурадян, Сания Ирсалиева, Ирина Тимиргалиева, Айжан Қиясова, Күлсара Даузова, Марианна Останькович, Анна Мохаммад және Шалқыма Құрманалиналар сөз сөйледі. Еліміздің әр түкпірінен келген қатысушылар жаңа бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, реформаға қолдау білдірді.
Конгресс қорытындысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының Республикалық Аналар кеңесі мен өңірлік Аналар кеңестері референдумды қолдайтыны атап өтілді.
Шара соңында Республикалық Аналар кеңесі қазақстандық арулар мен аналарды келе жатқан Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз мерекесімен құттықтап, отбасыларына бақыт, амандық және денсаулық тіледі.

