Алматы қаласында «Қазпочта» АҚ ұжымымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын түсіндіруге арналған кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара ашық диалог форматында, еңбек ұжымының белсенді қатысуымен өтті.
Кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Жанна Асанова, сондай-ақ Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, экономист, қоғам қайраткері Бекнұр Қисықов қатысты.
Жиын барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары жан-жақты түсіндіріліп, құжатта көзделген құқықтық және институционалдық өзгерістердің мазмұны кеңінен ашып көрсетілді. Атап айтқанда, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейту, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін арттыру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар алдағы республикалық референдумның маңызы, оның ел дамуының жаңа кезеңін айқындаудағы рөлі және әрбір азаматтың шешім қабылдау үдерісіне тікелей қатысу мүмкіндігі ерекше атап өтілді.
Өз сөзінде Жанна Асанова жаңа Конституция жобасы еліміздің құқықтық және саяси жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті. Оның айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер әділеттілік қағидаттарын нығайтуға, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыруға және азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге негізделген.
Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, өз сұрақтарын қойды. Ашық форматтағы талқылау қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы сындарлы диалогты нығайтуға ықпал етті.
