Қаз
Бұл – халықтың көп жылы бойы көтеріп келген сұранысына жауап

Жаңа Конституция жобасын түсіндіру мақсатында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелері Шымкент қаласының Тұран ауданында болып, бірқатар нысандарды аралап, еңбек ұжымдары және тұрғындармен кездесулер өткізді. Жиындарда Ата заңның жаңа жобасы таныстырылып, негізгі өзгерістер мен олардың қоғам өміріне ықпалы жан-жақты сөз болды.

Делегация құрамында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрсұлтан Байтілесов, қалалық мәслихат депутаттары Абзал Зейнетаев, Қайрат Имашев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев, қалалық Ассамблея төрағасының орынбасары Тахирбек Нишанбаев, «AMANAT» партиясы қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы Берген Ержаппар, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі Баян Жандосова және заңгер Нұрлан Мырзабай болды.

Алғашқы кездесу аудандық Ассамблея өкілдерімен өтті. Жиында Сенат депутаты Айгүл Қапбарова конституциялық өзгерістердің мәніне кеңінен тоқталып, жаңа жобаның өзегі – адам құқықтары мен адами құндылықтарды қорғау екенін атап өтті.

«Конституция – жай ғана заң емес, ол қоғамның бағыт-бағдарын айқындайтын басты құжат. Бүгінгі ұсынылып отырған жоба азаматтардың құқықтарын нақтылап, әлеуметтік кепілдіктерді күшейтуге бағытталған. Әсіресе, отбасы институтын нығайту, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету мәселелері айқын көрініс тапқан. Бұл – халықтың көп жыл бойы көтеріп келген сұраныстарына жауап», - деді ол.

Коалиция мүшелері бұдан кейін №1 қалалық аурухана ұжымымен кездесті. Жиынға 50-ге жуық дәрігер мен орта буын медицина қызметкерлері қатысты. Мәжіліс депутаты Нұрсұлтан Байтілесов денсаулық сақтау саласына қатысты конституциялық кепілдіктерді тарқата түсіндірді.

«Жаңа жоба бойынша азаматтардың сапалы медициналық көмек алуға құқығы нақты әрі түсінікті түрде бекітіледі. Бұл – мемлекет пен қоғам арасындағы жауапкершіліктің айқын көрінісі. Сонымен қатар заң үстемдігі күшейіп, құқық қорғау жүйесінде ашықтық артады. Конституцияда қарастырылған нормалар күнделікті өмірде нақты жұмыс істеуі тиіс. Яғни, әр азамат өз құқығының қорғалатынына сенімді болуы керек», - деді ол.

Делегация сапары Ақжар мәдениет үйінде тұрғындармен өткен ашық кездесумен жалғасты. Еркін форматта ұйымдастырылған жиында адам құқықтарын қорғау, әлеуметтік әділеттілік, мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен ашықтығы мәселелері кеңінен талқыланды. Тұрғындар өз ұсыныстарын айтып, Конституция жобасының қоғамдағы тұрақтылық пен даму үшін маңызын атап өтті.

Жалпы, Тұран ауданында өткен кездесулер тұрғындардың жаңа Конституция жобасына қатысты көзқарасын айқындай түсті. Қатысушылар 15 наурызда өтетін республикалық референдумға белсенді қатысу – ел болашағына жауапкершілікпен қараудың нақты көрінісі екенін жеткізді.

Жаңалықтар көбірек:
Жаңа Конституция мемлекеттің гүлденуіне және азаматтардың өзін дамытуына қажет жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
8
Референдум-2026: Әрбір азаматтың белсенді ұстанымы маңызды
12
Бұл – халықтың көп жылы бойы көтеріп келген сұранысына жауап
8
Еңбек ұжымдарымен ашық диалог: Шымкентте Конституция жобасы талқыланды
3
Референдум-2026: Шымкентте коалиция мүшелері ашық диалог өткізді
3
Жетісу жастары Жаңа Конституция жобасын қолдауға бағытталған флешмобқа қатысты
13
Конституция жобасы еңбек адамының құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін нығайтады
20
Референдум: Жұмысшы мамандардың белсенді ұстанымы маңызды
23
Абай облысында Коалиция мүшелері ардагерлермен кездесті
42
Джордж Ацалакис: Қазақстан Орталық Азиядағы қуатты әрі өркендеген мемлекетке айналмақ
33