Қаз
Еңбек адамы – ерекше назарда

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелері Батыс Қазақстан облысына қарасты Ақжайық және Бәйтерек аудандарына барып, жаңа Конституция жобасын жан-жақты талқылады. Әңгімелесу барысында өңірдің тұрақты дамуы, азық-түлік қауіпсіздігі және этносаралық келісім мәселелеріне баса мән берілді.

Коалиция мүшелері әлеуметтік сала қызметкерлерімен, ауыл шаруашылығы саласының мамандарымен, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті.

Чапаево ауылындағы мәдениет үйінде әлеуметтік сала өкілдерімен өткен кездесуде адам капиталына басымдық беру, цифрлық деректерді қорғау, экологиялық мәдениет қалыптастыру тақырыптары қозғалды. Жалпыұлттық коалиция мүшесі, Сенат депутаты Арман Өтеғұлов Конституцияда ауылдағы еңбек адамының әлеуметтік тұрғыда қорғалуына кепілдік берілгенін атап өтті.

«Жаңа Конституция жобасында ауыл шаруашылығы саласы еңбеккерлерін қорғау тетіктерін дамыту, техниканы жаңғырту, жарақаттану мен кәсіптік ауруларды азайту, сондай-ақ өндірістік қауіпсіздіктің қазіргі заманғы стандарттарын енгізу мәселелері қаралған. Сондай-ақ бұл құжат еңбекақы төлеудің ашықтығына, жұмыспен қамтуды заңдастыруға, аграрлық және ауыл шаруашылығы салаларындағы көлеңкелі секторды қысқартуға қатысты қойылатын талаптарды күшейтеді. Еңбек адамдары үшін бұл неғұрлым тұрақты табысты, зейнетақы жинақтарына және медициналық сақтандыру жүйесіне неғұрлым кең қолжетімділікті білдіреді», – деді ол.

Бұдан соң Бударин ауылында тұрғындармен өткен кездесуде әлеуметтік салаға басымдық берілді. Коалиция мүшесі, қалалық мәслихат депутаты Азима Губашева әлеуметтік кепілдіктерді Конституция деңгейінде бекіту қадамы мемлекеттің халық алдындағы жауапкершілігін күшейтетінін айтты.

«Білім беру жүйесіндегі кәсіби еркіндік заң жүзінде бекітіліп отыр. Мемлекеттік және жекеменшік оқу орындары үшін бірыңғай стандарттар, сондай-ақ білім беру жүйесінің зайырлы сипаты барлық педагогтарға тең кәсіби талаптар қамтамасыз етілетіні жаңа Конституцияда анық көрсетіліп отыр. Бұл ұрпақ тәрбиелеп отырған ұлағатты ұстаздардың мәртебесі биіктей беретінінің тағы бір кепілі», – деді ол.

Кейін Коалиция мүшелері Бәйтерек ауданында орналасқан «KAZMEAT Ақжайық» ЖШС цехында еңбек ететін жұмысшылармен кездесті. Коалиция мүшесі Айдарбек Айтпукешев жаңа Конституцияда адамның өзі, оның өмірі, құқығы мен бостандығы мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде айқындалғанын мәлімдеді.

«Еңбек қауіпсіздігі – жұмысшының жеке жауапкершілігі емес, мемлекеттің міндеті. Конституция еңбек қауіпсіздігі мен гигиеналық талаптарға сай келетін жағдайларда еңбек ету құқығына кепілдік береді. Бұл өндіріс орнында адамның өмірі мен денсаулығына қатысты қандай да бір тәуекел енді мамандық ерекшелігімен немесе экономикалық тұрғыда тиімділікпен ақталмайтынын білдіреді. Жарақаттарды, апаттар мен кәсіби ауруларды болдырмау мәселесі бойынша жауапкершілік мемлекет пен жұмыс берушіге жүктеледі. Еңбек адамы тәуекелге бел бууға міндетті емес және қауіпсіздік техникасының сақталуын, қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуін және лайықты еңбек жағдайын талап етуге құқылы», – деді ол.

Коалиция мүшелерінің жұмыс сапары Щапов ауылында зиялы қауыммен, этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен өткен кездесуде қорытындыланды. Аудандық мәслихат төрағасы Нұрлыбек Хайруллин Ата Заңда барлық бағытқа қатысты мәселелер қамтылғанына тоқталды.

«Халық Кеңесінің құрамына этномәдени бірлестіктер енетіні бізді қуантады. Осы қисында этномәдени бірлестіктердің қызметі қоғамдық диалог арнасы ретінде қабылданып, институционалдық маңызы бар сипатқа ие болуда», – деді ол.

Осылайша, аталған аудандарда өткен кездесулер жаңа Конституция жобасының ерекшеліктерін тұрғындарға жан-жақты жеткізуге мүмкіндік берді. 

Жаңалықтар көбірек:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты
156
Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының ХАБАРЫ
211
«AMANAT» партиясы жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Үндеу жасады
159
«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» белсенділері «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ел көлемінде үгіт материалдарын жинауға кірісті
293
Референдум кезінде ұсақ құқық бұзу фактілері ғана тіркелді – «AMANAT» өкілі
125
Референдум нәтижесіне әсер етуі мүмкін заңбұзушылықтар анықталған жоқ – ТүркПА байқаушылары
145
Референдум ашық әрі заңға сай өтті – ТМҰ бақылаушылары
143
ТМД миссиясы: Қазақстандағы референдум ашық әрі тыныш жағдайда өтті
143
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
123
«Халық үні» тәуелсіз бақылаушылары Орталық референдум комиссиясының қорытындысын растады
148
«Ел Дауысы» ҚҚ бақылаушылары референдумда дауыс беру заңды және ашық өткенін жеткізді
134
«AMANAT» партиясының байқаушылары: Референдум ашық әрі жоғары азаматтық белсенділік жағдайында өтті
142
ҚР Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады
180
Экзитпол нәтижелері: қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдады
250
Референдум-2026: «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы референдумда дауыс берді
146
Қазақстандағы референдум учаскелері дауыстарды санауға кірісті
215
«Референдум – 2026»: Онлайн марафон патриотизм, киберспорт және технологиялар тақырыбындағы талқылаулармен жалғасты
145
«Референдум – 2026» онлайнмарафоны жалғасуда. Көрермен назарына өзектімәселелер және өнертабыстар ұсынылды
120
Референдум-2026: кешкі сағат 18.00-ге дейін тізімге енген азаматтардың 70,98% дауыс беріп үлгерген
165
Жамбыл облысында референдум қалай өтіп жатыр – бақылаушы баға берді
140
Қостанайда тұрғындар таңертеңнен бастап белсенді дауыс беріп жатыр – бақылаушы
132
Еліміздегі қоғамдық жағдай тұрақты  
141
«Родина» агрофирмасының басшысы референдум учаскесінде өз таңдауын жасады
154
Павлодарлықтар дауыс беру учаскелеріне ағылуда
145
Республикалық референдумда дауыс бергендердің қатарында бокстан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай да бар
131
Ұлытау облысында референдум мерекелік атмосферада өтуде
146
«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек референдумға қатысты.
140
Көрісу күнімен тұспа-тұс келді: Ақтауда референдум учаскелерінде мерекелік атмосфера орнады
113
Ақтөбеде әлем чемпиондары референдумда дауыс берді
197
Сүйінші! Атазаң дүниеге келді!
165
Шетелдегі 3 мыңнан астам қазақстандық референдумға келіп, дауыс беріп үлгерген
147
Сайрамда көкпаршылар мен байкерлер ел болашағы үшін дауыс берді
133
Қазақстан гимнастика федерациясының президенті, қалалық мәслихат депутаты Әлия Юсупова азаматтық таңдауын жасады
136
Конституциялық реформа азаматтық қоғамның рөлін күшейтеді
177
Ақтөбелік бақылаушы референдум учаскесіндегі ерекше сәт туралы айтып берді
129
Майра Мұхамедқызы: «Мұндайда халықтың бірлігі мен белсенділігі маңызды»
137
Адамдар көтеріңкі көңіл-күймен келіп, өз таңдауын жасап жатыр – бақылаушы Жетісу облысындағы референдум туралы
135
Бір әулеттің үш буыны референдумда дауыс берді
145
Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының ұрпақтары референдумға қатысып, өз таңдауын жасады
172
«Референдум – 2026» онлайн марафоны: инклюзивті қоғам мен бала тәрбиесі тақырыптары кеңінен талқыланды
149
ТМД ПАА миссиясы Қазақстандағы референдумды ұйымдастыруға қатысты ешқандай ескерту тіркеген жоқ
133
ТМД ПАА бақылаушылары Қазақстандағы референдумда дауыс беру ашық өтіп жатқанын айтты
122
Әрбір азамат өз таңдауын еркін жасап жатыр - бақылаушы
134
Өнер мен мәдениеттің арқасында саяси науқан тұрғындар үшін мерекеге айналды
119
40 ене мен 40 келін – бірліктің жарқын үлгісі
150
ШЫҰ миссиясы Қазақстандағы референдумның техникалық дайындығын бағалады
146
Қытайда референдум бойынша төрт дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр
155
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді 
427
Қазақстандағы үш ірі мегополистің әкімдері референдумда дауыс берді
123
Қостанайдағы №1 сайлау учаскесінде танымал сыйқыршы Төрехан Жұманов шоу ұйымдастырды
144
Аида Балаева референдумда дауыс берді
186
Шымкентте тұрғындар референдумға ұлттық киіммен келіп, ерекше белсенділік танытты
121
Түркістанда бокстан ұлттық құрама спортшылары референдумда дауыс берді
131
Шымкенттегі Достық үйінде референдум ерекше рухта өтіп жатыр
131
Осы жолғы референдумда сайлаушылардың белсенділігі бірден байқалады – бақылаушы
112
Қазығұрт ауданында 100 жастан асқан қария референдумда дауыс берді
115
Халықтың 19,21 пайызы дауыс беріп үлгерген - Орталық референдум комиссиясы
103
Қызылорда өңірінде 2637 жас бірінші рет дауыс беру құқығына ие
127
«Мерейлі отбасы» – Бозтаевтар әулеті дауыс берді
139
105 жастағы майдангер референдумда бірінші болып өз таңдауын жасады
121
«Абысын татау болса...» – маңғыстаулық абысын-ажындар референдумға қатысты
115
«Ғасыр әже» ансамблінің мүшелері дауыс берді
111
Мәулен Әшімбаев: референдум – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жарқын көрінісі
205
Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді
142
Қазақстанның еңбек ері Имамзада Шағыртаев өз таңдауын жасады
131
«Референдум – 2026» республикалық онлайн марафоны басталды
235
«Референдум – 2026»: Елдің маңызды саяси оқиғасы live форматта
202
Қостанайдағы референдум учаскесінде Наурыз қарсаңында Қыдыр ата дауыс берді
132
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин референдумда дауыс берді
195
Мәжіліс төрағасы жаңа Конституция бойынша республикалық референдумда дауыс берді
253
Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумда дауыс берді
126
Геннадий Головкин Бангкокте жаңа Конституция бойынша референдумда дауыс берді
123
Референдум: Ең алғашқы дауыс беруші Жапонияда өз таңдауын жасады
131
Елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша референдум басталды
172
Қазақстанда жаңа Конституция жобасын түсіндіру науқаны аясында 23 мыңнан астам кездесу өтті
197
Сыр өңірінде жаңа Конституция жобасын қолдауға бағытталған Open air-ге 20 мыңға жуық адам жиналды
150
Жаңа Ата заң: Мәжіліс депутаттары көлік кәсіпорындарының қызметкерлерімен Конституция жобасын талқылады
146
Жалпыұлттық коалиция: Қызылордада кәсіпкерлермен жаңа Конституция жобасы талқыланды
162
Жаңа Конституцияны танытудың жаңа форматы – JEBE Quiz
159
Жастар – Жаңа Қазақстанның қозғаушы күші
143
Жастар және Конституция: Астанада Talks форматында ашық диалог өтті
159
Қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдайды – Коалиция
200
Ұлытауда жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
174
Референдум - демократиялық қоғамның маңызды көрсеткіші
193
«Саран» шахтасының кеншілері Конституцияда бекітілген азаматтық жауапкершілік идеясын қолдайды
135
Көне Тараздағы әуенге толы жастар кеші
128
«Негізгі заңды жетілдіру қоғамның дамуын көрсетеді» – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясында кездесу өтті
138
Ұстаздар қауымымен кездесті
141
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөз сөйледі
233
Жамбыл облысында жалпыхалықтық коалиция мүшелері жастармен кездесті
142
Nazarbayev University-де жаңа Конституция жобасы талқыланды
173
«Барыс Аренада» жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
158
Қоғамдағы әділдік қағидаттарын нығайтуға бағытталған
154
Жаңа заң жобасы - әрбір азаматтың лайықты өмірінің кепілі
136
Референдум-2026: Шымкентте медицина қызметкерлерімен Конституция жобасы талқыланды
158
Жалпыұлттық коалиция Сыртқы істер министрлігі ұжымымен кездесу өткізді
141
«Конституция – басты бағдар» – «Теплотранзит» алаңында мазмұнды кездесу өтті
133
1000 қатысушыны біріктірген форум: Халықтық Конституцияны қолдау
176
Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұжымымен кездесті
137
Еңбек адамының құқығы мен отбасы құндылығы – жаңа Конституцияда
130