Қаз
Коалиция мүшелері жаңа Конституциядағы әлеуметтік қорғау мәселелерін ұжыммен талқылады

Шығыс Қазақстан облысы Глубоков ауданының Солнечное ауылында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» коалициясының мүшелері арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Жүздесуде коалиция өкілдері конституциялық реформаның негізгі бағыттарын жан-жақты түсіндіріп, әлеуметтік қорғау мен еңбеккерлердің құқықтарына қатысты нормаларға ерекше назар аударды. Жаңа редакциядағы Ата заңда әлеуметтік қорғау уақытша қолдау шарасы ретінде емес, мемлекеттің тікелей міндеті ретінде бекітілетіні атап өтілді.

Конституция жобасында ең төменгі жалақыға, зейнетақымен қамтуға, сондай-ақ жасына, денсаулық жағдайына, мүгедектігіне немесе асыраушысынан айырылуына байланысты әлеуметтік қолдауға кепілдіктер қарастырылғаны айтылды. Бұл нормалар өмірдің күрделі жағдайларына тап болған азаматтарды жүйелі түрде мемлекеттік қолдаудың берік құқықтық негізін қалыптастырады.

Коалиция мүшесі Алтай Қалиғожин әлеуметтік әділеттілік қағидатын нақтылау құқықтық мемлекетті нығайтудағы маңызды қадам екенін атап өтті. Оның айтуынша, еңбек адамының құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау – қоғамның әділеттілігі мен тұрақтылығының негізгі көрсеткіші.

«AMANAT» партиясының Глубоков аудандық филиалының төрайымы Анна Кузнецова арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері күн сайын қоғамның ең осал санатындағы азаматтармен жұмыс істейтінін, сондықтан олардың өздері де әлеуметтік тұрғыдан қорғалуы тиіс екенін айтты. Оның пікірінше, әлеуметтік нормаларды конституциялық деңгейде нақты бекіту – мемлекет тарапынан осы сала мамандарына көрсетілетін қолдаудың айғағы.

Кездесу барысында еңбек ұжымының өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсынылып отырған өзгерістерге қатысты пікірлерін білдірді. Қызметкерлердің бірі әлеуметтік кепілдіктерді күшейтудің маңыздылығын атап өтіп, жаңа Конституция жобасында қызметкерлердің құқықтарын қорғауға басымдық берілуін қолдайтынын жеткізді.

Іс-шара соңында коалиция мүшелері өңірлерде түсіндіру жұмыстары жалғасатынын атап өтті. Мұндай кездесулер азаматтармен ашық диалог орнатуға және конституциялық реформаның негізгі ережелерін мазмұнды талқылауға мүмкіндік береді.

Жаңалықтар көбірек:
«Еңбек адамы – мемлекеттің басты құндылығы»
7
Ірі кәсіпорынның еңбек ұжымы азаматтық белсенділікті қолдайды: Референдум алдындағы кездесу
15
Коалиция мүшелері жаңа Конституциядағы әлеуметтік қорғау мәселелерін ұжыммен талқылады
28
Павлодардағы ірі кәсіпорындардың қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады
80
BIR TOLQYNDA алаңында конституциялық реформалар талқыланды
100
Коалиция мүшелері «Alikhan Bokeikhan University» ұжымымен кездесті
54
Жаңа Конституция мемлекеттің гүлденуіне және азаматтардың өзін дамытуына қажет жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
63
Референдум-2026: Әрбір азаматтың белсенді ұстанымы маңызды
41
Бұл – халықтың көп жылы бойы көтеріп келген сұранысына жауап
36
Еңбек ұжымдарымен ашық диалог: Шымкентте Конституция жобасы талқыланды
27
Референдум-2026: Шымкентте коалиция мүшелері ашық диалог өткізді
22
Жетісу жастары Жаңа Конституция жобасын қолдауға бағытталған флешмобқа қатысты
36
Конституция жобасы еңбек адамының құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін нығайтады
42
Референдум: Жұмысшы мамандардың белсенді ұстанымы маңызды
44
Абай облысында Коалиция мүшелері ардагерлермен кездесті
53
Джордж Ацалакис: Қазақстан Орталық Азиядағы қуатты әрі өркендеген мемлекетке айналмақ
44
Конституциялық реформа – саяси жүйенің жаңғыруы
44
Жамбыл облысының тұрғындары жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
38
Коалиция мүшелері Қонаевтағы ірі кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті
140
«Бұл – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік» – Талас тұрғындарына реформаның мән-маңызы түсіндірілді
36
Коалиция мүшелері Байзақ ауданына барды
53
Ғылымы дамыған елдің болашағы берік болады
32
Халық пікірі кез келген өзгерісті жүзеге асыруда шешуші рөл атқарады
24
Жаңаөзендегі жүздесуде жаңа Конституция жобасы талқыланды
38
Конституциялық кепілдік – медицина қызметкерлерінің қорғаны
44
Жаңа Конституция: Қордай тұрғындарымен ашық диалог өтті
62
Конституциялық реформа – ел дамуындағы стратегиялық қадамы
21
ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ КОАЛИЦИЯСЫНЫҢ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ҚҰРЫЛДЫ: 1000 ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛЕДІ
96
Коалиция мүшелері Түркістан тұрғындарымен кездесті
54
Астанада референдумды қолдауға бағытталған жастар концертіне 10 мыңнан астам адам қатысты
99
Қос қалада референдумды қолдаған спорттық челлендж өтті
68
Сарапшы жаңа Конституциядағы өнер мен білім беру саласындағы оң өзгерістер туралы айтып берді
77
Құқық үстемдігін орнату үшін заң мен тәртіп сақталуы тиіс – Үнзила Шапақ
48
Жанарбек Әшімжанов: Жаңа Конституция жобасында экономикалық, саяси тәуелсіздік барлығы қамтылған
52
Болашақ ұрпақ елді ары қарай алып жүруі үшін үлкен күш керек – Ерлан Саиров
40
Елімізде «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының өңірлік филиалдары жұмысын бастады
55
Алматыда «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті
91
“Әділетті және Прогрессивті Қазақстан үшін Халық Конституциясы” коалициясы құрылды
82
Комиссия жаңа Конституция жобасын республикалық референдумға шығару ұсынысын жасады
60
«Тек мемлекеттік пен жеке емес»: Конституцияда меншіктің ұғымын кеңейтуді ұсынады
44
Қазақстан Конституциясында меншіктің барлық түрін қорғауды бекіту ұсынылды
40
Биліктің параличінен және дағдарыстардан қорғау – Мәжіліс депутаты болашақ Құрылтайды тарату нормасын нақтылауды ұсынды
36
Жаңа Конституция жобасында азамат пен адамның құқықтарын бөлуді ұсынады
37
86,3% азамат жаңа Конституциядағы мәдениет пен ғылым нормаларын қолдайды – әлеуметтік зерттеу
38