Қаз
Коалицияның өңірлердегі ақпараттық-түсіндіру жұмысы мен қоғаммен диалогты қарқын алды

Еліміздің барлық аймағында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелері жүргізіп жатқан жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Кездесулер облыс орталықтарында, шағын қалаларда және ауылдық округтерде өтіп, еңбек ұжымдарын, студенттерді, ардагерлерді, қоғамдық бірлестіктер өкілдерін және жастарды кеңінен қамтып отыр.

Негізгі миссия – жаңа Конституция жобасы бойынша ашық диалогты қамтамасыз ету, оның негізгі ережелерін түсіндіру және ұсынылып отырған өзгерістерді талқылауға азаматтарды кеңінен тарту.

Мәселен, Қарағанды облысында өткен түсіндіру жұмыстарына Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов қатысты. Кездесулерде реформалардың іс жүзіндегі салдарына басымдық берілген мазмұнды әңгіме айтылды. Коалиция мүшелері бірнеше күн бойы көшпелі кездесулер өткізіп, емханаларда, мектептерде, колледждерде, аула клубтарында болып, еңбек ұжымдарымен жүздесті. 


Жаңа Конституция жобасын талқылау ашық форматта өтті. Қатысушылар өкілеттіктерді қайта бөлу, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері, жергілікті өзін-өзі басқару институттарын дамыту мәселелерін көтерді.

Костанай қаласында негізгі кездесулер академиялық ортада өтті. Конституцияға енгізілетін өзгерістерді талқылауға арналған іс-шара Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университет қабырғасында өтіп, оған 200-ге жуық студент пен оқытушы қатысты. Спикерлер қатарында Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Берік Бейсенғалиев, сондай-ақ қоғам қайраткерлері Бану Нурғазиева, Гүлмира Қапенова және Алмат Досмұхамедов болды. 

 Қатысушылар билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайту, заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейту мәселелерін талқылады. Сот жүйесінің тәуелсіздігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа ерекше назар аударылды. 

Ұлытау облысы өңірінде талқылау күн тәртібінен тыс тақырыптарды да қамтып, ұрпақтар сабақтастық пен жауапкершілік мәселелеріне ұласты. Коалицияның өңірлік мүшелері ардагерлер қауымымен кездесу өткізді. Іс-шараға «AMANAT» партиясы Ұлытау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Мырзабеков, Ұлытау облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағындық Қожамсейітов, Жезқазған қаласының құрметті азаматы Мұрат Қазамбаев және «Ұлытау» телеарнасының журналисі, ақын Мұқағали Сейітқазы қатысты.

Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, оның ішінде саяси және әлеуметтік-құқықтық өзгерістер түсіндірілді. Азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және шешім қабылдау үдерісіне халықтың араласуын арттыру мәселелері талқыланды. Ардагерлер конституциялық өзгерістер кезеңіндегі қоғамдық жауапкершілікті ерекше атап өтті.

Елдің оңтүстігінде салалық диалогқа басымдық берілді. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұқаш Ескендіров, қоғам қайраткері Гулам Умаров және партия облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов Жамбыл облысындағы «ҚазСуШар» мекемесінің ұжымымен кездесті. 

Кездесу барысында жаңа Конституцияның басты басымдығы – адам құқықтары мен бостандықтары екені атап өтілді. Құқықтық кепілдіктерді нығайту және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ коалиция өкілдері Жамбыл ауданының Гродеково ауылы тұрғындарымен жүздесті.

Жалпыұлттық коалицияның Маңғыстау облысы мен Жаңаөзен қалалық филиалдарының ақпараттық-түсіндіру тобы өңірдегі жеңіл өнеркәсіп саласындағы ірі кәсіпорындардың бірі – «Жанарыс» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді. 

Өңірлік коалиция төрағасы Нұрбек Қарасаев ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтуға, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және адам құқықтарын қорғауға бағытталғанын атап өтті. Коалиция мүшелері Жаңбырбай Матаев, Нұри Тумышев адам құқығы мен бостандығына Конституция деңгейінде берілген кепілдіктер, мемлекеттік басқару жүйесін өзгерту нормалары туралы баяндады.

Коалицияның ақпараттық-түсіндіру жұмыстары әртүрлі әлеуметтік топтар мен өңірлерді қамтып отыр. Негізгі басымдық – талқылаудың ашықтығы, ұсынылып отырған өзгерістердің айқындығы және халықты кеңінен ақпараттандыру.

Өңірлердегі жұмыс алдағы уақытта да жалғасады. Коалиция әділетті және прогрессивті Қазақстан құндылықтары төңірегінде қоғамды топтастыруға және сындарлы қоғамдық диалогты дамытуға бағытталған жұмысты жалғастыра бермек. 

Жаңалықтар көбірек:
Өңірлерде жаңа Конституцияның негізгі қағидаттары түсіндірілуде
9
80 мыңнан астам пайдаланушы әлеуметтік желілерде Жалпыұлттық коалицияның бастамасын қолдады
200
Жастар жаңа Конституция жобасын талқылады
33
Жаңа Конституция: сарапшылар сенім архитектурасы мен Қазақстанның болашақ даму бағытын талқылады
96
Коалицияның өңірлердегі ақпараттық-түсіндіру жұмысы мен қоғаммен диалогты қарқын алды
53
Білім мен адам капиталын дамыту – басты басымдық
43
«Барыс» хоккей клубының матчы кезінде Конституциялық реформаларды қолдауға арналған ерекше акция өтті
31
Адам капиталы, құқық қорғау және еңбек қауіпсіздігі
36
Алматыда Жалпыұлттық коалиция мүшелері мәдениет саласының өкілдерімен жаңа Конституция жобасын талқылады
62
Референдум-2026: Депутаттар медицина қызметкерлерімен кездесті
119
Үнзила Шапақ, Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының және Конституциялық комиссия мүшесі: Отбасы институты – тұрақтылық тетігі
54
Аида Балаева: Адами капитал – жаңа Конституцияның басты басымдығы
45
«Бұл – адамға бағдарланған даму моделіне көшу деген сөз» 
43
Ассамблея жастары «Біз – жаңа Халықтық Конституция үшін!» республикалық форумын өткізді
48
SDU университетінің студенттері «Халықтық Конституция үшін» жалпыұлттық коалициясын қолдады
35
Өнеркәсіп өкілдері жаңа ата заң жобасымен танысты
42
Дәрігерлер қауымы жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
42
«Фирма-Бент» ЖШС зауытында Жаңа Конституция жобасын талқылау мен еңбек адамының әлеуметтік кепілдіктері тақырыбында жиын өтті
53
Мемлекеттің берік іргетасын қалауға мүмкіндік беретін стратегиялық таңдау
51
Конституция – қоғамдық диалог алаңында: Лисаковск тұрғындарымен кездесу
64
Әулиекөлдегі мазмұнды кездесу конституциялық құндылықтар мен әлеуметтік басымдықтарға арналды
63
Коалиция мүшелері «Shakarim University» академиялық қауымдастығымен жүздесті
31
Аида Балаева: Ғылым, білім және инновациялар алғаш рет конституциялық деңгейде айқындалды
38
Азаматтардың қоғамдық-саяси процеске араласу мүмкіндігін кеңейту
54
Жаңа Конституция – адал еңбектің кепілі
35
Жалпыұлттық коалиция: Қостанай облысында жаңа Конституцияның мәні тұрғындармен ашық талқыланды
63
Қонаевта жаңа Конституция жобасы мен негізгі институционалдық өзгерістер талқыланды
62
Жаңа конституция қазақстанның әділетті әрі орнықты дамуының негізіне айналады
67
Ел болашағы туралы диалог: Коалиция мүшелері Қарағанды спортшыларымен кездесті
30
Отыз жылда алғаш рет адвокатура мәртебесі Конституция деңгейінде бекімек - Мәди Мырзағараев
44
«Қазсушар» қызметкерлері жаңа Конституция жобасы талқылады
54
Жаңа конституция – елдің дамуына ауадай қажет
38
Қызылордада өндіріс өкілдері Ата заң жобасына қатысты пікір білдірді
33
Жастар конституциялық реформаны қолдады
57
Түркістан облысының халқы жаңа Конституцияға дауыс беруге әзір
47
Өңірдің ғылыми-шығармашылық зиялы қауымы конституциялық жаңғыру жөніндегі ашық диалогты қолдады
46
Жаңа Конституция – құқық пен әлеуметтік даму кепілі
33
Сенім, қауіпсіздік және ережелер: «Қайнар АКБ»-да Жаңа Конституция жобасы мен референдум талқыланды
72
Еңбек ұжымы жаңа Ата Заңға сенім білдірді
32
Аида Балаева: Референдум – формалды процедура емес, ол – халықтың тікелей қатысуының ең тиімді тетігі
57
Жаңа Конституция – ел болашағының берік кепілі
39
Білім, белсенділік, даму – жаңа буынның бағыты
56
«Еңбек адамы – мемлекеттің басты құндылығы»
67
Адам капиталы, құқық қорғау және еңбек қауіпсіздігі: Ақтөбе облысында жаңа Конституция жобасы талқыланды
19
Коалиция мүшелері Түркістанда медицина, аграрлық және өндіріс салаларының өкілдерімен кездесті
30
Бүгінде әлем жасанды интеллект, үлкен деректер, цифрландыру және автоматтандыру кезеңіне қадам басты
34
Ірі кәсіпорынның еңбек ұжымы азаматтық белсенділікті қолдайды: Референдум алдындағы кездесу
57
Коалиция мүшелері жаңа Конституциядағы әлеуметтік қорғау мәселелерін ұжыммен талқылады
59
Павлодардағы ірі кәсіпорындардың қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады
151
BIR TOLQYNDA алаңында конституциялық реформалар талқыланды
217
Коалиция мүшелері «Alikhan Bokeikhan University» ұжымымен кездесті
84
Жаңа Конституция мемлекеттің гүлденуіне және азаматтардың өзін дамытуына қажет жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
104
Референдум-2026: Әрбір азаматтың белсенді ұстанымы маңызды
63
Бұл – халықтың көп жыл бойы көтеріп келген сұранысына жауап
55
Еңбек ұжымдарымен ашық диалог: Шымкентте Конституция жобасы талқыланды
43
Референдум-2026: Шымкентте коалиция мүшелері ашық диалог өткізді
37
Жетісу жастары Жаңа Конституция жобасын қолдауға бағытталған флешмобқа қатысты
59
Конституция жобасы еңбек адамының құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін нығайтады
62
Референдум: Жұмысшы мамандардың белсенді ұстанымы маңызды
57
Абай облысында Коалиция мүшелері ардагерлермен кездесті
77
Джордж Ацалакис: Қазақстан Орталық Азиядағы қуатты әрі өркендеген мемлекетке айналмақ
58
Конституциялық реформа – саяси жүйенің жаңғыруы
77
Жамбыл облысының тұрғындары жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
52
Коалиция мүшелері Қонаевтағы ірі кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті
170
«Бұл – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік» – Талас тұрғындарына реформаның мән-маңызы түсіндірілді
52
Коалиция мүшелері Байзақ ауданына барды
66
Ғылымы дамыған елдің болашағы берік болады
50
Халық пікірі кез келген өзгерісті жүзеге асыруда шешуші рөл атқарады
41
Жаңаөзендегі жүздесуде жаңа Конституция жобасы талқыланды
51
Конституциялық кепілдік – медицина қызметкерлерінің қорғаны
53
Жаңа Конституция: Қордай тұрғындарымен ашық диалог өтті
114
Конституциялық реформа – ел дамуындағы стратегиялық қадамы
39
ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ КОАЛИЦИЯСЫНЫҢ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ҚҰРЫЛДЫ: 1000 ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛЕДІ
110
Коалиция мүшелері Түркістан тұрғындарымен кездесті
68
Астанада референдумды қолдауға бағытталған жастар концертіне 10 мыңнан астам адам қатысты
113
Қос қалада референдумды қолдаған спорттық челлендж өтті
92
Референдум-2026: депутаттар медицина қызметкерлерімен кездесті
24
Сарапшы жаңа Конституциядағы өнер мен білім беру саласындағы оң өзгерістер туралы айтып берді
112
Құқық үстемдігін орнату үшін заң мен тәртіп сақталуы тиіс – Үнзила Шапақ
66
Жанарбек Әшімжанов: Жаңа Конституция жобасында экономикалық, саяси тәуелсіздік барлығы қамтылған
68
Болашақ ұрпақ елді ары қарай алып жүруі үшін үлкен күш керек – Ерлан Саиров
59
Елімізде «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының өңірлік филиалдары жұмысын бастады
67
Алматыда «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті
126
“Әділетті және Прогрессивті Қазақстан үшін Халық Конституциясы” коалициясы құрылды
129
Комиссия жаңа Конституция жобасын республикалық референдумға шығару ұсынысын жасады
98
«Тек мемлекеттік пен жеке емес»: Конституцияда меншіктің ұғымын кеңейтуді ұсынады
93
Қазақстан Конституциясында меншіктің барлық түрін қорғауды бекіту ұсынылды
75
Биліктің параличінен және дағдарыстардан қорғау – Мәжіліс депутаты болашақ Құрылтайды тарату нормасын нақтылауды ұсынды
79
Жаңа Конституция жобасында азамат пен адамның құқықтарын бөлуді ұсынады
91
86,3% азамат жаңа Конституциядағы мәдениет пен ғылым нормаларын қолдайды – әлеуметтік зерттеу
83