Қаз
Конституция жобасы еңбек адамының құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін нығайтады

Жалпыұлттық коалиция мүшелері «Ақтөбе релс-арқалық зауыты» ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасындағы еңбек адамдарының құқығын қорғау және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ертуге бағытталған нормаларды талқылады. Олар еңбек қауіпсіздігінің сақталуын күшейту, еңбексүйгіштік пен білім құндылықтарын нығайту секілді бастамалардың маңызына тоқталды. 

Мәжіліс депутаты Қазыбек Әлішев жаңа Конституцияда еңбек құқығы құндылық ретінде, ал жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуы мемлекеттің міндеті ретінде бекітілгенін атап өтті.

«Жаңа конституцияның 27-бабына сәйкес әрбір азамат еңбек етуге, өз кәсібі мен мамандығын еркін таңдауға құқылы. Азаматтарға қауіпсіздік және гигиеналық талаптарға сай еңбек жағдайлары қамтамасыз етілу құқығы кепілдендірілген. Бұл норма жұмыс берушілер мен мемлекетке өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жарақаттану деңгейін төмендету және азаматтардың денсаулығын қорғау міндетін жүктейді», – деді ол

Мәжілістің Вице-спикері Дания Еспаева өз сөзінде Жаңа Конституция жобасында адам құқықтарын қорғау тетіктері күшейтілгенін атап өтті.

Өңірлік коалиция жетекшісі Ербол Данағұловтың айтуынша, жаңа Конституция жобасының тарихи мәнін кеңінен түсіндіру және оны қолдауға жұмылдыру мақсатында облыста 1300-ден астам кездесу өткізу жоспарланып отыр.

Ақтөбе релс-арқалық зауыты 2016 жылы іске қосылған Қазақстандағы бірегей индустриялық кешен. Бұл – елімізде ұзындығы 120 метрге дейінгі дифференциалды термиялық әдіспен шыңдалған рельстерді, сондай-ақ орташа фасонды прокатты (швеллерлер, арқалықтар, бұрыштық болаттар) өндіретін жалғыз кәсіпорын. Зауыт республиканың стратегиялық теміржол жобаларын қамтамасыз етіп, өнімдерін ішкі нарықпен қатар ТМД елдеріне, Еуропа мен Таяу Шығыс мемлекеттеріне экспорттайды.

Жаңалықтар көбірек:
Жаңа Конституция мемлекеттің гүлденуіне және азаматтардың өзін дамытуына қажет жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
8
Референдум-2026: Әрбір азаматтың белсенді ұстанымы маңызды
13
Бұл – халықтың көп жылы бойы көтеріп келген сұранысына жауап
8
Еңбек ұжымдарымен ашық диалог: Шымкентте Конституция жобасы талқыланды
4
Референдум-2026: Шымкентте коалиция мүшелері ашық диалог өткізді
4
Жетісу жастары Жаңа Конституция жобасын қолдауға бағытталған флешмобқа қатысты
14
Конституция жобасы еңбек адамының құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін нығайтады
21
Референдум: Жұмысшы мамандардың белсенді ұстанымы маңызды
23
Абай облысында Коалиция мүшелері ардагерлермен кездесті
42
Джордж Ацалакис: Қазақстан Орталық Азиядағы қуатты әрі өркендеген мемлекетке айналмақ
33