Қаз
Ұлттық валюта – теңгені Конституцияда заңмен бекіту неліктен маңызды?

Жалпыұлттық референдумға шығарылған жаңа Конституцияның 2-бабына ұлттық валюта – теңгенің мәртебесі мен оны эмиссиялау құқығына қатысты нақты түзетулер енгізілді. Ұлттық валюта – мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігі мен егемендігін айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі. Ал оны Конституция деңгейінде бекіту – теңгенің институционалдық маңызын нақтылап, қаржы-валюта айналымы саласындағы мемлекеттік саясаттың сабақтастығын қамтамасыз етеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ата заңның жаңа редакциясында 2-бап жаңа тармақпен толықтырылды. Енді ұлттық валютаны айналымға шығару құқығы тек Қазақстанға тиесілі екені заңмен бекітілген.

2-бап

1. Қазақстан Республикасы – унитарлы мемлекет. Басқару үлгісі – президенттік республика.

2. Қазақстан Республикасының Егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын, бөлінбеуін қамтамасыз етеді.

3. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы конституциялық заңда айқындалады.

4. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы. Елорда мәртебесі конституциялық заңда айқындалады.

5. Қазақстан Республикасы мен Қазақстан атауларының мәні бірдей.

6. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы (ақша бірлігі) – теңге. 

Теңгені эмиссиялау айрықша құқығы Қазақстан Республикасына тиесілі.

7. Қазақстан Республикасының Егемендігі, Тәуелсіздігі, унитарлығы, аумақтық тұтастығы мен басқару үлгісі өзгермейді.

Экономист-қаржыгер Андрей Чеботаревтің жаңа норма саяси және экономикалық тұрғыдан ерекше маңызға ие екенін айтты. Сондай-ақ ол өзі де Конституциялық комиссияға осындай норма енгізу туралы ұсыныс енгізгенін жеткізді. 

«Теңгені ұлттық валюта ретінде мәртебесін айқындап, оны Ата Заңда бекіту, оған қоса эмиссиялау құқығы тек Қазақстанға тиесілі екенін нақтылау – келешекте қандай да бір бірыңғай валюта енгізу мәселесін заң жүзінде жоққа шығарады. Енді жаңа Конституция жобасына сәйкес, мұндай әрекет заңға қайшы болады. Өзім де ұсынған түзетудің қолдау тауып, теңгенің мәртебесі Конституцияда бекітілетініне қуаныштымын», – деді ол. 

Экономист-сарапшы Ләззат Жанмолдаеваның айтуынша, жаңа ереже ақша-несие саясаты тұрғысынан алғанда Ұлттық банктің рөлін күшейтіп, теңгені эмиссиялау мәселесін заңнама деңгейінде нақтылай түседі. Соның нәтижесінде ақша-несие саясаты сыртқы күштердің әсерінсіз, тәуелсіз жүргізіледі.

«Бұл норма теңгенің жалғыз заңды төлем құралы екенін айқындап, әлемдік валюталар мен криптовалютаның әсерін шектеуге мүмкіндік береді. Ол өз кезегінде инфляцияны бақылауға, ақша массасын реттеуге көмектеседі. Сондай-ақ аталған өзгеріс қаржылық тұрақтылық пен инфляцияны бақылауға да біршама әсер ететіні анық. Алайда теңгенің рөлін нығайтқанымызбен, негізінен инфляцияға ішкі-сыртқы жағдайлар, оның ішінде геосаяси жағдайлар мен мұнай бағасы сияқты факторлар да әсер ететінін ұмытпаған жөн. Сондықтан жаңа норма инфляциядан абсолютті түрде қорғап шығады деуге келмейді. Дегенмен, бұл өзгеріс капитал қозғалысын еш шектемейді, шетелдік валютамен жасалатын операцияларға да ешқандай тыйым жоқ. Сәйкесінше, бұл норманы елдің экономикалық тәуелсіздігін нығайтатын қадам деп есептеуге болады. Алдағы уақытта осы реформаның нәтижесінде ақша-несие саясат тұрақтанып, инвестициялық ахуал жақсарып, халықаралық ынтымақтастыққа оң әсер береді деп айтуға негіз бар», – деп түсіндірді Ләззат Жанмолдаева.

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Үнзила Шапақтың сөзінше, теңгені Ата Заңда бекіту «ортақ валюта» енгізу туралы қауесеттерге құқықтық тұрғыдан тосқауыл қояды. 

«Теңгені Ата Заңда бекіту ел аумағында қандай да бір басқа немесе «ортақ валюта» енгізу туралы қауесеттерге құқықтық тұрғыдан нақты тосқауыл қойылатынын білдіреді. «АМАNАТ» партиясы өкілдері Конституциялық комиссия құрамында болып, осы норманың жаңа Конституция жобасына енуіне қолдау көрсетті», – деген еді ол партияаралық дебатта.

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нұртай Сабильянов та ұлттық валютаның Конституцияда заңмен бекітілуінің маңызын түсіндірді. Депутаттың айтуынша, ақша айналымы қаржы жүйесінің негізгі элементі ретінде тек белгіленген валютаның болуы ғана емес, сонымен қатар оның шығарылуына реттелуіне және тұрақтылығын қорғауға жауапты институттың да нақты анықталуы. 

«Ақша жүйесінен тұтас және логикалық аяқталған конституциялық моделін қалыптастыру үшін бұл норманы ұлттық валютаны шығаруды жүзеге асыратын және ақша, кредит саясатының тұрақтылығын қамтамасыз ететін уәкілетті эмиссиялық органда айқындайтын ереже мен толықтырулардың маңызы зор. Мұндай конституциялық бекіту құқықтық айқындықты, институционалды тұрақтылықты және қаржы жүйесінің болжамдылығын қамтамасыз етеді. Бұл тәсіл цифрлық қаржы құралдарының, вируталды активтерінің және экономикалық айналымда кеңінен қолданылып келе жатқан басқа есеп айырысу құралдарын белсенді даму жағдайында ерекше өзектілікке ие. 

Эмиссиялық органның Конституцияда айқындалуы ұлттық валютаның тұрақтылығын қалыптастыратын және оған кепілдік беретін институтты нақты көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде қаржы жүйесіне деген сенімді нығайтады. Осы тұрғыда ұлттық валютаны шығаруға айрықша құқық берілген және ақша-кредит саясатын жүргізуге жауапты жалғыз эмиссиялық орган ретінде ҚР Ұлттық банкінің рөлін конституциялық деңгейде бекіту жүйелі әрі негізделген шешім. Ұлттық валютамен қатар эмиссиялық органның да айқындалуы экономикалық өзгерістерге төтеп  бере алатын тұрақты қаржы жүйесінің негізін қалайды», – деп түсіндірген еді Нұртай Сабильянов Конституциялық комиссия отырысында.

Осылайша, мамандар бірауыздан ұлттық валютаны Конституция деңгейінде бекіту – мемлекеттің экономикалық егемендігінің маңызды көрінісі әрі қаржылық тұрақтылығының негізі екенін айтып отыр. 

Жаңалықтар көбірек:
Түркістанда грек этномәдени қоғамдық бірлестігі Конституциялық реформа бойынша референдумды қолдады
6
Ұстаздар қауымы Ата заңның жаңа жобасына қолдау білдіретіндерін айтты
15
Өңірлік коалиция мүшелері «Қазақтелеком» АҚ филиалының ұжымымен кездесті
13
Адам өз еңбегінің қадірін сезініп, заңның қолдауын көруі тиіс
16
Жаңа Конституция билік тепе-теңдігін қалыптастырады
16
Стратегиялық принциптерін конституциялық деңгейде бекітуге берілген тарихи мүмкіндік
13
Референдум – әрбір азаматтың ел дамуына тікелей ықпал ету мүмкіндігі
13
Жаңа Конституция жобасының мәні түсіндірілді
15
Өңірлер бойынша тұсіндіру жұмыстар алғасуда 
13
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау – жаңа Конституцияның басымдығы
10
Ұлытаулық ұстаздар жаңа Конституция жобасын қолдайды
13
Кәсіпкерлерге жаңа Конституция негіздері түсіндірілді
13
Құрылыс саласының қызметкерлерімен кездесу: Жаңа Конституциядағы еңбек адамының құқықтары талқыланды
15
Жалпыұлттық коалицияның өңірлік филиалының мүшелері: әр азамат ел болашағына жауапкершілікпен қарау керек
19
Қарағанды наубайшылары жаңа Конституция үшін дауыс беруге ниетті
16
Жаңа Конституция кәсіпкерлік еркіндікке кепіл береді
17
«City School» ұжымымен Конституция жобасы талқыланды
22
Әр адам – мемлекет үшін басты құндылық
18
Құс фабрикасы қызметкерлерімен кездесу өтті
17
Жастар және ел болашағы: Жаңа Конституция жобасы талқыланды
14
Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдау жұмыстары қарқынды жүргізілуде
17
Алматыда цифрлық буын белсенділік танытып, жаңа бастаманы қолдады
18
Ұлттық валюта – теңгені Конституцияда заңмен бекіту неліктен маңызды?
9
Көлік инфрақұрылымы саласындағы түсіндіру кездесуі 
32
Жаңа Конституция Қазақстанның болашақ даму бағытын айқындайды
101
Жаңғыру жолы: этномәдени бірлестіктер референдумды қолдайды
7
Білім саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
53
Ғылым мен білім – жаңа Конституцияның басым бағыты 
76
Конституция – ел болашағын айқындайтын құжат 
85
Бизнес үшін құқықтық кепілдіктер мен жаңа мүмкіндіктер
139
Азаматтардың құқықтары – әділетті қоғамның негізі
84
Энергетика министрлігі ұжымымен жаңа Конституция жобасы талқыланды
64
Өзгерістер еліміздегі демократиялық институттарды дамытуға бағытталған
36
Теміржолшылармен конституциялық өзгерістер талқыланды
81
Қостанай облысының сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдады
47
ҚХА Алматы қалалық Аналар кеңесінде жаңа Конституция жобасының негізгі нормалары қаралды
7
Павлодар тұрғындары Президенттің бастамасымен әзірленген халықтық Конституцияны қолдады
149
Шарбақты ауданында жаңа Конституцияның практикалық маңызы талқыланды
88
Халықтық Конституция туралы диалог. Коалиция мүшелері Павлодар облысы Ақсу қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді
65
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Республикалық Аналар кеңесінің Конгресі өтті
10
Еңбек құқығы – әлеуметтік кепілдік: Астанада жаңа Конституция нормалары түсіндірілді
71
Денсаулық сақтау саласы – мемлекеттің басты басымдықтарының бірі
57
Тереңкөл ауданында жаңа Конституцияның қазақстандықтар өміріне әсері талқыланды
61
Әуежай қызметкерлері жаңа конституциялық реформаны қолдады
57
Екібастұзда жаңа Конституция еңбек адамын қалай қорғайтыны талқыланды
79
Конституциялық реформалар және денсаулық сақтау саласының дамуы аурухана базасында өткен жиында талқыланды
60
Жаңа конституция - еңбек адамын қолдауға бағытталған қадам
98
«Мұндай сәтте мамандыққа, көзқарасқа немесе саяси ұстанымға қарамастан, қоғамның бірлігі ерекше маңызды»
60
Семейде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының өкілдерімен референдумның маңызы сараланды
64
Абай облысында жаңа Конституцияны түсіндіру жұмыстары жалғасуда
60
Әрбір өзгеріс қоғамның дамуына ықпал етеді
74
Конституция нақты жұмыс істейтін тетікке айналуы керек
203
Ақтөбелік дәрігерлер Ата заң жобасын қолдады
61
Шығармашылық интеллигенция референдумды қолдайды
120
Білім, ғылым, инновация – мемлекеттің болашағы
103
Әр азаматқа арналған Конституция
78
Коалиция мүшелері KEGOC ұжымымен жаңа Конституция жобасы талқылады
69
Көшбасшы әйелдер жаңа Конституция құндылықтарын толық қолдады
131
«Нұрлы жол» теміржол вокзалының ұжымына Конституция жобасы таныстырылды
61
Астанада жаңа Конституция жобасы ардагерлермен талқыланды
66
Жезқазған мұнай құбыры басқармасының ұжымы жаңа Конституция бойынша референдум өткізуді қолдады
58
Әр дауыс – еліміздің болашағы
90
Референдум ұлтымыздың бірлігін, тұтастығын айшықтайды
78
Азаматтардың 90%-ға жуығы жаңа Конституция жобасын қолдайды
69
Заманауи, ойы озық қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам
68
Конституциялық өзгерістердің мәнін түсіндіру – ортақ міндет
81
Бұл – уақыт талабы әрі болашақ алдындағы жауапкершілік
80
Енді басты назар адам құқықтары мен бостандықтарына аударылып отыр
97
Астанада жаңа Конституция жобасын түсіндіру бойынша еңбек ұжымдарымен кездесу өтті
61
Еңбек адамының мүддесіне қызмет етеді
79
Конституциядағы өзгерістер еліміздің тұрақты дамуына және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге негіз қалыптастырады
91
Ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашатын рухани және стратегиялық қадам
63
Жаңа Конституция және мәдениет: рухани қауіпсіздік пен ұлттық бірегейліктің кепілі
64
Адами капиталды дамыту – жаңа Конституцияның стратегиялық бағыты
72
Елде алғаш рет Брайль қаріпімен Конституцияның нұсқасы дайындалды
70
Азаматтардың құқықтарын қорғаудың іргелі тірегі
84
Оралда референдумды қолдауға арналған форум жастардың бірлігі мен ортақ ұстанымын айшықтады
69
Әр дауыс – тұрақты әрі әділетті қоғам құру жолындағы нақты қадам
55
«Қазпочта» АҚ ұжымымен жаңа Конституция жобасына арналған кездесу өтті
46
Мемлекеттік кеңесші Жалпыұлттық коалицияның мүшелерімен бірге Абай облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді
102
Әділетті Қазақстан жолында: Бесқарағайлықтар жаңа Конституция жобасын қолдады
81
Халықтың мемлекет басқару ісіне араласуының айқын көрінісі
98
Конституция – стратегиялық таңдау: Абай ауданының тұрғындары жаңа Ата Заңды қолдайды
83
Бұл өзгерістер біздің ұжымға өз жұмысын тиімді ұйымдастыруға және сапалы көмек көрсетуге жол ашады
103
Жарма ауданының тұрғындары мен еңбек ұжымдары жаңа Конституцияны қолдауда
91
Абай облысында қоғам өкілдері жаңа Конституцияны қолдауға дайын екендерін мәлімдеді
82
Мемлекеттің дамуы оның құқықтық негіздерін жаңартудан басталады
128
Ақ халаттылар – жаңа Ата заңды қолдайды
93
«KazTransOil» ұжымымен жаңа Конституция жобасы талқыланды
108
Референдум – ел болашағына деген сенімінің айқын көрінісі
89
Ел болашағы біздің белсенділігіміз бен жанашырлығымызға байланысты
98
Конституция жобасы қоғам сұранысына сай әзірленгенін
115
Қарағанды облысында 2000-ға жуық жас жаңа Конституция жобасын қолдады
93
Конституциялық өзгерістер елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған нақты қадам
98
Экология және еңбек адамы: Атырау облысының жұртшылығы жаңа Конституция жобасын қолдайды
93
Аида Балаева: Туризм саласы үшін болжамды ережелер мен сенім аса маңызды
94
Алматы облысында коалиция мүшелері «Green Land Alatau» жылыжай кешенінің ұжымымен кездесті 
82
Өскеменде бизнес және агроөнеркәсіп кешен өкілдері конституциялық реформаны қолдады
88
Жаңа конституциялық нормалар: Цифрлық құқықтардан тұрғын үйді қорғауға дейін
93
Шығармашылық ұжымдар қауымдастығы жаңа Конституция жобасын талқылады
90