Қаз
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің оқытушылары мен студенттері жаңа Конституция жобасын қолдады

«Әділ және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының өкілдері М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің профессор-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесті. Делегацияны Премьер-Министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі, Жалпыұлттық коалиция төрағасының орынбасары Аида Балаева бастап барды. Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, Конституциялық реформа комиссиясының мүшелері және басқа да тұлғалар қатысты.

Кездесу барысында Премьер-министрдің орынбасары жаңа Конституция жобасы Қазақстанның білім беруді дамыту және адам капиталының рөлін арттыру бағытындағы стратегиялық бағдарын көрсететінін айтты. Осыған орай ілім беру, ғылым, мәдениет және инновациялар басты басымдықтар ретінде айқындалды.

«Қазіргі таңда әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізген мемлекеттер ең алдымен білім беру жүйесіне инвестиция салып, ғылыми-зерттеу қызметін қолдауға басымдық берген. Себебі жоғары технологиялық өндірістер, цифрлық экономика және креативті индустрия дәл осы адами капиталдың сапасына негізделеді. Ғылым мен инновацияны дамыту – экономиканы әртараптандырудың басты тетіктерінің бірі. Бұл жаңа өндірістерді қалыптастыруға, технологиялық тәуелсіздікті қамтамасыз етуге және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы ретте жаңа Конституция жобасында білім, ғылым, мәдениет және инновация салаларына ерекше көңіл бөлінуі – Қазақстанның білімге негізделген экономика құруға бағытталған стратегиялық таңдауының айқын көрінісі деп білемін. Бұл жоғары білім беру жүйесінің сапасын арттыруға, ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін көтеруге және инновациялық экожүйені дамытуға бағытталған институционалдық өзгерістердің құқықтық негізін қалайды», – деді А. Балаева.

Сонымен қатар Үкімет басшысының орынбасары жаңа Конституцияда елдің болашағын айқындайтын адам, оның білімі, құзыреттілігі және әлеуеті даму моделінің ортасына қойылатындығын және осы бағытта елдің дамуының жаңа кезеңіне өтудің заңды негіздері қарастырылғанын атап өтті.

«Жаңа Конституция жобасында да мемлекеттік саясаттың өзегі – адам және адам әлеуеті екені нақты айқындалған. Бұл – еліміздің даму моделінің түбегейлі жаңғыруын білдіретін маңызды ұстаным. Себебі қазіргі жаһандық бәсекелестік жағдайында табысты даму білімге, ғылымға және технологиялық прогреске негізделген адами әлеуеттің сапасына тәуелді. Осы тұрғыда жаңа Конституция жобасының 3-бабының 2-тармағында: «Қазақстан Республикасы адами капиталды, білімді, ғылымды және инновацияны дамытуды мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты деп таниды» деп нақты көрсетілген. Бұл норма ендігі жерде білім беру жүйесін дамыту, ғылыми зерттеулерді қолдау және инновациялық бастамаларды ілгерілету тек әлеуметтік саясаттың бір бағыты ғана емес, ұлттық дамудың негізгі стратегиялық басымдығына айналатынын білдіреді. Яғни, мемлекет болашағы ең алдымен азаматтардың зияткерлік әлеуетіне, кәсіби даярлығына және шығармашылық мүмкіндіктеріне тәуелді болады. Басқаша айтқанда, XXI ғасырдағы басты капитал – бұл білімді, білікті және жаңашыл ойлайтын адам», – деп түйіндеді Премьер-министрдің орынбасары.

Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев конституциялық реформа соңғы жылдардағы ауқымды саяси өзгерістердің логикалық жалғасы болғанын және қоғамның сұранысы негізінде қалыптасқанын атап өтті. Оның айтуынша, цифрлық мемлекеттік платформалар арқылы көптеген ұсыныс түсті, бұл азаматтардың құжатты әзірлеуге белсенді қатысқанын айқын көрсетті және жобаның шынайы «халықтық» сипаты туралы айтуға негіз болды.

Қазіргі заман қатеріне тоқтала келе, Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев цифрлық күн тәртібіне және мемлекетінің онлайн ортадағы жауапкершілігіне, сондай-ақ жобада экологиялық нормалардың күшейтілуіне ерекше мән берді.

«Бүгін біз әлеуметтік желіде хат алмасу және жеке деректерді қорғау құқығын конституциялық деңгейде бекітеміз. Маңыздысы, мемлекет тек офлайн ғана емес, онлайн да бізді қорғауға міндеттеледі. Сонымен қатар, жобада экологиялық бағыт күшейтілген: енді табиғатқа деген сүйіспеншілікті тек сөзбен айту жеткіліксіз – оны қорғап, сақтауға міндеттіміз, ал қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін жауапкершілік қарастырылған», – деп атап өтті ол.

Филология факультетінің аға оқытушысы, айтыскер Жансая Мусина қоғамдық келісім, заңның үстемдігі және жастарды білім мен ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің маңызына тоқталды.

«Конституция – бұл тек заңдар жинағы емес. Бұл мемлекеттің тірегі, біздің тәуелсіздігіміздің айғағы және әрбір азаматтың құқығы мен бостандығын қорғайтын негізгі құжат. Сондықтан жаңа Ата заңымыз – елдің болашағына негізделген мықты іргетас және біз осы бастамаларды қолдаймыз», – деді ол.

Жастар атынан 3-курс студенті, «Биология» мамандығының студенті Гүлназ Есқайырова сөз сөйлеп, білім беру мен ғылым саласындағы басымдықтардың жастар үшін болашаққа жасалатын инвестиция және өзін-өзі дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашатынын айтты.

Кездесу барысында студенттер тарапынан білімді насихаттауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға бағытталған экологиялық және ағартушылық жобалар сияқты бастамалар көтерілді. Қатысушылар жаңа Конституция жобасы қоғамда қызу талқыға түсіп, елдің болашағын айқындаудың басты негізіне айналғанын атап өтті.

Жаңалықтар көбірек:
Батыс Қазақстан облысында коалиция мүшелері реформалық өзгерістерді талқылады
1
«Ассоль» тұз зауытының ұжымы Ата заң жобасын толық қолдайды
4
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің оқытушылары мен студенттері жаңа Конституция жобасын қолдады
12
Тасқала және Бәйтерек аудандарының тұрғындары жаңа Конституция жобасын талқылады
5
Еңбек адамы – ерекше назарда
9
Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі мен құқығы басты назарда
14
Петропавл қаласының энергетиктеріне конституциялық реформа түсіндірілді
8
Коалиция мүшелері «Маңғыстауэнергомұнай» жұмысшыларымен кездесті
7
«Жаңа Конституция жобасында зияткерлік меншікті қорғау мәселесі көрініс тапты» – Аида Балаева БҚО жастарымен кездесті
26
Абай облысында коалиция мүшелері Семей қаласының №5 гимназия ұжымымен мазмұнды кездесу өткізді 
19
Пікірталас уақыты
29
Аида Балаева: Жаңа преамбулада алғаш рет адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің басты басымдығы ретінде айқындалды
25
Отбасы мен бала мүддесі – басты назарда
19
Жаңа Конституция – ашық әрі біртұтас Қазақстанды таңдау мүмкіндігі
48
Бұл өзгерістер – елдің ұзақ мерзімді дамуына негіз болатын қадамдар
23
Ата заң жобасы қаржыгерлер қолдауына ие болып отыр
20
Ұлт саулығы Конституциямен қорғалады
16
Қызылжар тұрғындары Ата заң жобасын талқылады
15
Мемлекеттік кеңесші Жалпыұлттық коалиция мүшелерімен бірге Ақтөбе облысының жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді
43
Ақтөбенің креативті жастары Жаңа Конституцияны қолдады
37
Өңірлік коалиция мүшелері алғаш рет дауыс беретін жастармен кездесті
26
Реформалардың мәнін түсініп, қоғамдық үдеріске үлес қосатынын сезіну
28
Халықтық Конституция жолында: жұмысшы мамандардың белсенді ұстанымы маңызды 
27
Конституциялық нормалар мемлекеттің құқықтық негізін қалыптастырады
38
Қостанай облысында KIA зауытының қызметкерлерімен конституциялық өзгерістер мәселелері бойынша кездесу өтті
37
Ақтөбе облысының студент жастары жаңа Конституция жобасын талқылауға белсенді атсалысты
41
Ақтөбедегі ЖЭО қызметкерлері Жаңа Конституцияны қолдады
67
Отбасы, денсаулық және зейнетақы кепілдіктері: Дамбы ауылдық округінде жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
23
Коалиция мүшелері онкологиялық диспансердің ұжымымен кездесті
22
Ақтөбе облысындағы теміржолшылар жаңа Конституция жобасын талқылады 
48
«Жаңа қағидалар мен институттар жағдайында өмір сүріп, дамитын – бүгінгі жас буын»
26
Маңғыстаулық Мұнайшыларға жаңа Конституция жобасын түсіндірді
40
Ақтөбе облысының жұртшылығы жаңа Конституция жобасын қолдады
53
Жастар жаңа Конституция жобасын талқылауда
33
«Реформаның мәні – азаматтар үшін ұзақ мерзімді кепілдіктер қалыптастыруда»
70
Аудан-ауылдарда үгіт-насихат шаралары жалғасуда
45
Аида Балаева: Конституцияның түпкі философиясы адамға, азаматтардың игілігіне бағдарланған 
51
«Әлеуметтік әділеттілік – конституциялық реформаның негізгі қағидаты»
70
Петропавл электротехникалық зауытының ұжымы конституциялық реформаны қолдады
33
«Заң үстемдігі экономикалық тұрақтылық үшін де маңызды»
50
Аида Балаева: Конституцияда табиғатқа жанашырлықпен қарау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілік айқын көрініс табады
49
Референдум-2026: Шымкентте медицина қызметкерлері Ата заңның жаңа жобасын талқылады
29
Алматы облысындағы гидроэлектр станциясының ұжымы референдумды қолдайды
48
Халықтық Конституция және өңірлік даму: Коалиция Солтүстік Қазақстан облысында ашық диалог өткізді
65
Тарихи таңдау: Тұрғындар конституциялық реформаны талқылады
52
Қызылжар ауданында конституциялық реформа кеңінен талқыланды
56
Шымкентте «Есіктен есікке» акциясы өтті
50
Allur ұжымымен жаңа Конституция жобасы талқыланды
55
Конституция жобасын ғылыми тұрғыда сүйемелдеу мәселелері талқыланды
49
Қарағанды облысының жұртшылығы жаңа Конституция жобасын қолдады
71
Қарағанды облысының ұжымдары Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қолдады
98
Сенат депутаттары университетте кездесу өткізді 
56
Шахтинск және Саран қалаларында жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
79
Еңбек адамы – мемлекеттік саясаттың өзегінде
70
Жаңа Конституция әрбір азамат үшін: Жалпыұлттық коалиция мүшелері Қарағанды жұртшылығымен кездесті
53
Өңірлік коалиция мүшелері «Жамбыл Су» жұмысшылармен кездесті
52
Жаңа Конституция – тұрақтылықтың кепілі
59
Ата Заңдағы аманат – табиғатқа қамқор көзқарас
59
Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады
59
Еңбек пен заң – әділетті қоғамның негізі
55
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының ұжымы жаңа Конституцияны қолдады
67
Бұл – денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты дамуына негіз болатын маңызды қадам
52
Ұлытау өңірінің сарапшылары жаңартылған Конституция жобасын талқылады
50
Іскер әйелдердің үні: Ата заң – елдіктің арқауы 
47
Коалиция: жаңа Конституция – азаматтардың көкейкесті талап-тілектеріне берілген жауап 
92
Степногорск қаласында жаңа Конституция мен алдағы референдум талқыланды
64
Өңірлік коалиция мүшелері өндіріс ұжымымен кездесу өткізді
79
Жалпыұлттық коалиция: Отан қорғау – Конституцияда көрсетілген азаматтық жауапкершілік
73
Ақпараттық науқанға еліміздің барлық өңірінің жастары белсенді қатысып жатыр
305
Маңғыстауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды форум өтті
111
Қосшы қаласында жаңа Конституция жобасы мен алдағы референдумды түсіндіру бойынша кездесулер өтті
58
Театр ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді
48
Әрбір азаматтың дауысы әділетті қоғам құруға бағытталған таңдау
89
Әлеуметтік кепілдік пен медициналық қолжетімділік: Жаңа Конституцияның басым бағыты 
56
Түркістандықтар елдің тұрақты дамуын таңдайды! 
75
Этномәдени бірлестіктер жаңа жобаны талқылады
63
Үнзила Шапақ: Преамбула – ұран емес, ұлттық келісімнің конституциялық формуласы
74
Әділетті қоғамның негізі
71
Мәдениет майталмандары елдік бастамаға үн қосты
54
Өңірлерде жаңа Конституцияның негізгі қағидаттары түсіндірілуде
82
80 мыңнан астам пайдаланушы әлеуметтік желілерде Жалпыұлттық коалицияның бастамасын қолдады
300
Жастар жаңа Конституция жобасын талқылады
103
Жаңа Конституция: сарапшылар сенім архитектурасы мен Қазақстанның болашақ даму бағытын талқылады
157
Коалицияның өңірлердегі ақпараттық-түсіндіру жұмысы мен қоғаммен диалогты қарқын алды
106
Білім мен адам капиталын дамыту – басты басымдық
88
«Барыс» хоккей клубының матчы кезінде Конституциялық реформаларды қолдауға арналған ерекше акция өтті
64
Адам капиталы, құқық қорғау және еңбек қауіпсіздігі
95
Алматыда Жалпыұлттық коалиция мүшелері мәдениет саласының өкілдерімен жаңа Конституция жобасын талқылады
99
Референдум-2026: Депутаттар медицина қызметкерлерімен кездесті
169
Үнзила Шапақ, Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының және Конституциялық комиссия мүшесі: Отбасы институты – тұрақтылық тетігі
96
Аида Балаева: Адами капитал – жаңа Конституцияның басты басымдығы
88
«Бұл – адамға бағдарланған даму моделіне көшу деген сөз» 
81
Ассамблея жастары «Біз – жаңа Халықтық Конституция үшін!» республикалық форумын өткізді
83
SDU университетінің студенттері «Халықтық Конституция үшін» жалпыұлттық коалициясын қолдады
70
Өнеркәсіп өкілдері жаңа ата заң жобасымен танысты
85
Дәрігерлер қауымы жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
85
«Фирма-Бент» ЖШС зауытында Жаңа Конституция жобасын талқылау мен еңбек адамының әлеуметтік кепілдіктері тақырыбында жиын өтті
82
Мемлекеттің берік іргетасын қалауға мүмкіндік беретін стратегиялық таңдау
87
Конституция – қоғамдық диалог алаңында: Лисаковск тұрғындарымен кездесу
91
Әулиекөлдегі мазмұнды кездесу конституциялық құндылықтар мен әлеуметтік басымдықтарға арналды
89