Бүгін Жалпыұлттық коалицияның мүшелері Сүйіндік Алдашев, Бекбол Орынбасаров, Нұрбек Қарасаев, Конституциялық комиссияның мүшесі Жаңбырбай Матаев «Қаражанбас» АҚ жұмысшыларына жаңа Конституцияны таныстырды. Сенат депутаттары енгізілген өзгерістер азаматтардың құқықтарына және билік тармақтарына қатысты екенін айтып, қоғамдық-саяси өмірдегі жаңа бастамалар туралы сөз қозғады.
Спикерлер Конституцияның преамбуласындағы халықтық мүдденің барлық баптарда көрініс тапқанын, жаңа Конституцияның азаматтардың өміріне елеулі өзгеріс әкелетін маңызды құжат екенін түсіндірді. Сонымен қатар адам құқығын қорғауға, еңбек жағдайларын жақсартуға арналған бағыттары туралы баяндады.
«Жаңа Конституция жобасы әрбір азаматтың құқықтарын сақтауға және әлеуметтік қолдаулар алуына кепілдік береді», – деді Сүйіндік Алдашев.
Коалиция мүшелері мұнайшыларды Конституциялық реформа үшін дауыс беріп, азаматтық ұстанымдарын көрсетуге шақырды.