Қаз
Қордаланған мәселелерді шешу және тұрмыс сапасын арттыру: Маңғыстау қоғамы жаңа Конституцияны қолдайды

Маңғыстау облысында соңғы жылдары Президент тапсырмасымен ұзақ уақыттан бері қордаланған инфрақұрылым мәселелері шешілді. Олар Кеңес заманынан бері күн тәртібінен түспей келген еді. Бүгінде өңір қарыштап дамып, әр салада ауқымды жобалар жүзеге асуда. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы осы және Ата заңның қабылдануымен жол ашылатын басқа да жаңа мүмкіндіктер туралы облыс тұрғындарымен сөйлесті. 

Жұртшылықпен кездесуде Ерлан Қошанов Маңғыстаудың қуатты өнеркәсіптік әлеуетіне қарамастан, өңірде ондаған жылдар бойы тұрғындардың орынды наразылығын тудыратын мәселелер жиналып қалғанын атап өтті. Осыған орай, Мемлекет басшысы алты жыл бұрын бұл мәселелерді шешу және Өңірді дамыту жөніндегі кешенді жоспар әзірлеуді тапсырды, оны іске асыруды ол өзінің жеке бақылауында ұстады. Барлық қажетті ресурстар бөлінді. Бүгінгі таңда жоспар толық орындалып, маңғыстаулықтар оның нәтижелерін көріп отыр.

«Ең бірінші және ең өзекті мәселе – ауыз су тапшылығы болды. Бұл мәселе Кеңес дәуірінде де, Тәуелсіздік жылдарында да толық шешілмеген еді. Ол туралы өз шығармаларында Әбіш Кекілбаев та жазған болатын. Президенттің жүйелі қолдауының арқасында өткен жылы Маңғыстауда ауыз су проблемасы толық шешімін тапты. Каспий су тұщыту қондырғысының қуаты артты, Түпқарағанда, Кендірлі мен Жетібайда жаңа су тұщыту қондырғылары іске қосылды», – деді Мәжіліс спикері.  

Сондай-ақ өңірде электр қуатының үзілуі мен ажыратылуы тоқтады. Қазір баламалы энергия көздері жүйелі дамып келеді, соның ішінде Жаңаөзендегі бірегей гибридті электр станциясы бар. Мемлекеттік қолдауымен МАЭК жаңартылып, жылу және электр желілері жөндеуден өткізілуде.

Әлеуметтік инфрақұрылым мәселелері кешенді түрде шешімін табуда. Соңғы екі жылда «Келешек мектептері» жобасы аясында 13 заманауи мектеп салынды, жақын арада үш ауысымды мектептердің мәселесі толық шешіледі. Жаңаөзенде заманауи Оқушылар сарайы пайдалануға берілді, Ақтауда халықаралық стандарттарға толық сай келетін жаңа мұзайдын ашылды. Облыс орталығында жедел көмек көрсетуге арналған көпфункционалды орталық бой көтерді, ал Мұнайлы ауданында көпсалалы аурухана іске қосылды.

Президент тарапынан өңірлік экономиканы дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. Жалпы алғанда Мемлекет басшысының жеке бақылауына алынған, облыстың экономикасын айтарлықтай әртараптандыратын 52 міндет бар. Атап айтқанда, келесі алты жыл ішінде облыста 10 триллион теңге тұратын 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ. Өңдеуші өнеркәсіп, логистика, туризм және ауыл шаруашылығы саласындағы ірі жобалар шамамен 10 мың жұмыс орнын құруға жол ашады. Жаңаөзенде салынып жатқан газ өңдеу зауытының да өндірістік әлеуеті зор. 

Өз кезегінде өңір тұрғындары Маңғыстау облысына ерекше көңіл бөлгені үшін, жергілікті жұртшылыққа деген қамқорлығы үшін Президентке шынайы алғыстарын жеткізуді өтінді. Бүгінде өңірде тұрмыс сапасы жақсарып келеді. Адамдар су, жылу, электр қуатының тоқтап қалуы сынды келеңсіздіктерді ұмытты, облыстың әрі қарай дамуы үшін берік негіз қалыптасты. 

Негізі күн тәртібіне көшкен Мәжіліс төрағасы жаңа Ата заң жобасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттік қызметке кіріскен алғашқы күнінен бастап кезең-кезеңімен жүзеге асырылған жүйелі реформалардың нәтижесі екеніне атап айтты. Бұл реформалардың аясында баршаға тең мүмкіндік туғызуға берік негіз қаланып, биліктің бір қолға шоғырлануы мүмкіндігі жойылды, елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару процесі басталды.

«Осы қадамдардың өзегінде – әділеттілік, теңдік пен бірлік идеясы тұр. Заң мен тәртіп соның берік іргесі болып қалануда. Бұл қоғамның санасына серпіліс берген басты құндылықтарымызға, негізгі қағидаттарымызға айналды. Жаңа Ата заң – осы жүйелі жұмыстың заңды жалғасы, түпкі түйіні. Ең негізгісі, мұның бәрі – халықтың сұранысынан туындап отыр. Сондықтан елдің болашағына бағытталған баптар, преамбулада көрініс тапқан құндылықтар, халықтың қалауынан туған қағидаттар – бәрі Президенттің жүрегінен шыққан деуге болады. Бір сөзбен айтқанда, жаңа Конституцияда Мемлекет басшысының жылдар бойғы ой-толғамдары халықтың үнімен үндесіп тұр», – деді Ерлан Қошанов. 

Мәжіліс төрағасы ғаламдық тұрақсыздық күшейіп тұрған кезеңдерде Президент сыртқы саясатта сындарлы бағыт ұстануға үлкен күш жұмсап,  сол арқылы әлемнің барлық елдерімен серіктестік пен тең құқыққа негізделген қарым-қатынасты қамтамасыз етіп отырғанын ерекше атап өтті. Елге инвестициялар салынып, шет мемлекеттердің басшылары келіп, Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға ниет танытуда. Бүгінде жаһанда аумалы-төкпелі ахуал белең алған тұста ішкі тұрақтылық пен қоғамның бірлігі ерекше маңызды. Тек осы арқылы Қазақстан дамып, алға жылжи береді.

Сондай-ақ кездесу барысында Ата заң жобасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, цифрландыру және мемлекеттің әлеуметтік міндеттері мәселелері де көтерілді. Жергілікті тұрғындар жаңа Конституцияның парадигмасы өзгеріп, жер асты қазба байлықтарына емес, адам капиталын дамытуға бағытталғанын оң бағалады. Енді Қазақстан тек минералдық ресурстарға емес, интеллектуалдық ресурстарға, білім экономикасын құруға иек артады. Сондықтан құжатта ғылым, білім және инновацияларды дамыту нормалары мемлекеттің стратегиялық басымдықтары ретінде бекітіліп, ғылыми және техникалық шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. 

Маңғыстау облысының өндірістік кәсіпорындарымен кездесу әсерлі өтті. Тұз қышқылы мен кальций хлоридін шығаратын «Topan Chemical Industries» зауытының ұжымы жаңа Конституциядағы лайықты еңбек құқығы, уақытылы және әділ жалақы, сондай-ақ қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету нормаларын қолдады. Бұл ережелер мемлекеттік саясаттың айқын бағдары болып отыр. Жұмыскерлер өздері атап өткендей, бұл норма олардың өмірін, денсаулығын және кәсіби мүдделерін қорғауға берік негізін қалайды.

Өндірістің болашағы туралы Коалиция мүшелері Жаңаөзен қаласында «ӨзенМұнайГаз» мұнайшыларымен де пікір алмасты. Әңгіме Конституцияның негізгі идеясы – «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидасы аясында өрбіді. Әлеуметтік және еңбек кепілдіктері, мұнай-газ саласын дамыту, жастардың ғылыми әлеуеті, отбасына қолдау көрсету, инновациялық технологияларды енгізу, «Заң пен тәртіп» қағидатының нығаюы сияқты мәселелер талқыланды. Осы аталғандардың барлығы Ата заң жобасында көрінісін тапты.

Мұнайшылар өңірдегі экология ахуалына бөлек тоқталды. Ұзақ уақыттан бері жұмыс істейтін Қошқар ата қалдық қоймасы орналасқан Маңғыстау облысы үшін жаңа Конституцияда жоғары экологиялық мәдениет қалыптастыру, табиғатты аялау, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың қоршаған ортаны қорғау, апаттардың, ластанулардың және қалдық төгудің алдын алу бойынша жауапкершілігін бекіту ерекше өзекті болып отыр.

Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен кездесуде Қазақстанда тұратын 130-дай этнос пен 20-ға жуық конфессияның бірлігін бекемдеу мәселесі талқыланды. Ата заң жобасында этносаралық келісім принципі негізгі мемлекеттік бағдарлардың қатарында тұр. Бұл принцип преамбула мен бірқатар негізгі баптарда көрініс тапқан. Кемсітушілікке жол бермеу, мәдени алуандықты құрметтеу мемлекеттің стратегиялық құндылығы ретінде ерекше атап көрсетілген.

Барлық кездесу қорытындысында қатысушылар жаңа Конституция жобасын қолдап, оның қоғамдық бірлікті нығайту мен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңыздылығына ерекше назар аударды. Ұсынылған өзгерістер Президенттің «Әділетті Қазақстан» бастамасын жүзеге асыруға, баршаға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге ықпал ететінін атап өтті. 

Жаңалықтар көбірек:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты
156
Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының ХАБАРЫ
211
«AMANAT» партиясы жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Үндеу жасады
159
«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» белсенділері «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ел көлемінде үгіт материалдарын жинауға кірісті
293
Референдум кезінде ұсақ құқық бұзу фактілері ғана тіркелді – «AMANAT» өкілі
125
Референдум нәтижесіне әсер етуі мүмкін заңбұзушылықтар анықталған жоқ – ТүркПА байқаушылары
145
Референдум ашық әрі заңға сай өтті – ТМҰ бақылаушылары
143
ТМД миссиясы: Қазақстандағы референдум ашық әрі тыныш жағдайда өтті
143
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
123
«Халық үні» тәуелсіз бақылаушылары Орталық референдум комиссиясының қорытындысын растады
148
«Ел Дауысы» ҚҚ бақылаушылары референдумда дауыс беру заңды және ашық өткенін жеткізді
134
«AMANAT» партиясының байқаушылары: Референдум ашық әрі жоғары азаматтық белсенділік жағдайында өтті
142
ҚР Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады
180
Экзитпол нәтижелері: қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдады
250
Референдум-2026: «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы референдумда дауыс берді
146
Қазақстандағы референдум учаскелері дауыстарды санауға кірісті
215
«Референдум – 2026»: Онлайн марафон патриотизм, киберспорт және технологиялар тақырыбындағы талқылаулармен жалғасты
145
«Референдум – 2026» онлайнмарафоны жалғасуда. Көрермен назарына өзектімәселелер және өнертабыстар ұсынылды
120
Референдум-2026: кешкі сағат 18.00-ге дейін тізімге енген азаматтардың 70,98% дауыс беріп үлгерген
165
Жамбыл облысында референдум қалай өтіп жатыр – бақылаушы баға берді
140
Қостанайда тұрғындар таңертеңнен бастап белсенді дауыс беріп жатыр – бақылаушы
132
Еліміздегі қоғамдық жағдай тұрақты  
141
«Родина» агрофирмасының басшысы референдум учаскесінде өз таңдауын жасады
154
Павлодарлықтар дауыс беру учаскелеріне ағылуда
145
Республикалық референдумда дауыс бергендердің қатарында бокстан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай да бар
131
Ұлытау облысында референдум мерекелік атмосферада өтуде
146
«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек референдумға қатысты.
140
Көрісу күнімен тұспа-тұс келді: Ақтауда референдум учаскелерінде мерекелік атмосфера орнады
113
Ақтөбеде әлем чемпиондары референдумда дауыс берді
197
Сүйінші! Атазаң дүниеге келді!
165
Шетелдегі 3 мыңнан астам қазақстандық референдумға келіп, дауыс беріп үлгерген
147
Сайрамда көкпаршылар мен байкерлер ел болашағы үшін дауыс берді
133
Қазақстан гимнастика федерациясының президенті, қалалық мәслихат депутаты Әлия Юсупова азаматтық таңдауын жасады
136
Конституциялық реформа азаматтық қоғамның рөлін күшейтеді
177
Ақтөбелік бақылаушы референдум учаскесіндегі ерекше сәт туралы айтып берді
129
Майра Мұхамедқызы: «Мұндайда халықтың бірлігі мен белсенділігі маңызды»
137
Адамдар көтеріңкі көңіл-күймен келіп, өз таңдауын жасап жатыр – бақылаушы Жетісу облысындағы референдум туралы
135
Бір әулеттің үш буыны референдумда дауыс берді
145
Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының ұрпақтары референдумға қатысып, өз таңдауын жасады
172
«Референдум – 2026» онлайн марафоны: инклюзивті қоғам мен бала тәрбиесі тақырыптары кеңінен талқыланды
149
ТМД ПАА миссиясы Қазақстандағы референдумды ұйымдастыруға қатысты ешқандай ескерту тіркеген жоқ
133
ТМД ПАА бақылаушылары Қазақстандағы референдумда дауыс беру ашық өтіп жатқанын айтты
122
Әрбір азамат өз таңдауын еркін жасап жатыр - бақылаушы
134
Өнер мен мәдениеттің арқасында саяси науқан тұрғындар үшін мерекеге айналды
119
40 ене мен 40 келін – бірліктің жарқын үлгісі
150
ШЫҰ миссиясы Қазақстандағы референдумның техникалық дайындығын бағалады
146
Қытайда референдум бойынша төрт дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр
155
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді 
427
Қазақстандағы үш ірі мегополистің әкімдері референдумда дауыс берді
123
Қостанайдағы №1 сайлау учаскесінде танымал сыйқыршы Төрехан Жұманов шоу ұйымдастырды
144
Аида Балаева референдумда дауыс берді
186
Шымкентте тұрғындар референдумға ұлттық киіммен келіп, ерекше белсенділік танытты
121
Түркістанда бокстан ұлттық құрама спортшылары референдумда дауыс берді
131
Шымкенттегі Достық үйінде референдум ерекше рухта өтіп жатыр
131
Осы жолғы референдумда сайлаушылардың белсенділігі бірден байқалады – бақылаушы
112
Қазығұрт ауданында 100 жастан асқан қария референдумда дауыс берді
115
Халықтың 19,21 пайызы дауыс беріп үлгерген - Орталық референдум комиссиясы
103
Қызылорда өңірінде 2637 жас бірінші рет дауыс беру құқығына ие
127
«Мерейлі отбасы» – Бозтаевтар әулеті дауыс берді
139
105 жастағы майдангер референдумда бірінші болып өз таңдауын жасады
121
«Абысын татау болса...» – маңғыстаулық абысын-ажындар референдумға қатысты
115
«Ғасыр әже» ансамблінің мүшелері дауыс берді
111
Мәулен Әшімбаев: референдум – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жарқын көрінісі
205
Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді
142
Қазақстанның еңбек ері Имамзада Шағыртаев өз таңдауын жасады
131
«Референдум – 2026» республикалық онлайн марафоны басталды
235
«Референдум – 2026»: Елдің маңызды саяси оқиғасы live форматта
202
Қостанайдағы референдум учаскесінде Наурыз қарсаңында Қыдыр ата дауыс берді
132
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин референдумда дауыс берді
195
Мәжіліс төрағасы жаңа Конституция бойынша республикалық референдумда дауыс берді
253
Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумда дауыс берді
126
Геннадий Головкин Бангкокте жаңа Конституция бойынша референдумда дауыс берді
123
Референдум: Ең алғашқы дауыс беруші Жапонияда өз таңдауын жасады
131
Елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша референдум басталды
172
Қазақстанда жаңа Конституция жобасын түсіндіру науқаны аясында 23 мыңнан астам кездесу өтті
197
Сыр өңірінде жаңа Конституция жобасын қолдауға бағытталған Open air-ге 20 мыңға жуық адам жиналды
150
Жаңа Ата заң: Мәжіліс депутаттары көлік кәсіпорындарының қызметкерлерімен Конституция жобасын талқылады
146
Жалпыұлттық коалиция: Қызылордада кәсіпкерлермен жаңа Конституция жобасы талқыланды
163
Жаңа Конституцияны танытудың жаңа форматы – JEBE Quiz
159
Жастар – Жаңа Қазақстанның қозғаушы күші
143
Жастар және Конституция: Астанада Talks форматында ашық диалог өтті
159
Қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдайды – Коалиция
200
Ұлытауда жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
174
Референдум - демократиялық қоғамның маңызды көрсеткіші
194
«Саран» шахтасының кеншілері Конституцияда бекітілген азаматтық жауапкершілік идеясын қолдайды
135
Көне Тараздағы әуенге толы жастар кеші
128
«Негізгі заңды жетілдіру қоғамның дамуын көрсетеді» – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясында кездесу өтті
138
Ұстаздар қауымымен кездесті
141
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөз сөйледі
233
Жамбыл облысында жалпыхалықтық коалиция мүшелері жастармен кездесті
143
Nazarbayev University-де жаңа Конституция жобасы талқыланды
173
«Барыс Аренада» жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
159
Қоғамдағы әділдік қағидаттарын нығайтуға бағытталған
154
Жаңа заң жобасы - әрбір азаматтың лайықты өмірінің кепілі
136
Референдум-2026: Шымкентте медицина қызметкерлерімен Конституция жобасы талқыланды
158
Жалпыұлттық коалиция Сыртқы істер министрлігі ұжымымен кездесу өткізді
141
«Конституция – басты бағдар» – «Теплотранзит» алаңында мазмұнды кездесу өтті
133
1000 қатысушыны біріктірген форум: Халықтық Конституцияны қолдау
176
Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұжымымен кездесті
137
Еңбек адамының құқығы мен отбасы құндылығы – жаңа Конституцияда
130