Қаз
Референдум-2026: Әрбір азаматтың белсенді ұстанымы маңызды

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалиция мүшелері Шымкент қаласының Абай ауданындағы бірқатар нысандарды аралап, тұрғындармен ашық диалог өткізді. 

Тұрғындармен жүздесуге келген топтың құрамында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Данабек Исабек, «Ауыл» партиясы атынан Қарақат Әбден, «AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының төрағасы Нұрғазы Бұхарбай, атқарушы хатшы Әбдез Рахманұлы, «Ақ жол» партиясы атынан Адай Кенжебекұлы және мәслихат депутаттары, спортшылар болды.

Алғашқы кездесу «Ізетті зейнеткер» орталығында өтті. Коалиция мүшелері ардагерлермен жүздесіп, жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен қоғамға әкелетін өзгерістері жөнінде кеңінен түсіндірді. Ардагерлер өздерін толғандырған сауалдарын қойып, адам құқықтары, әлеуметтік қорғау және қоғамдық әділеттілік мәселелерін талқылады.

Одан кейін делегация №6 емхана ұжымымен кездесті. Жиынға 50-ге жуық медицина қызметкері қатысып, Ата заңның жаңа жобасына қатысты пікірлерін білдіріп, құқық қорғау, әлеуметтік кепілдіктер мен жергілікті басқару жүйесіне байланысты сұрақтарына нақты жауап алды.

Қайнарбұлақ тұрғын алабында өткен кездесуде де белсенді талқылау мен пікір алмасу болды. Жергілікті тұрғындар Конституциядағы жаңа нормалар мен өзгерістер жөнінде өз ойларын ашық айтып, алдағы референдумға қатысуға ниетті екендерін жеткізді.

Сондай-ақ «ALSERA KZ» жылыжай кешенінде 200-ге жуық қызметкер қатысқан жиында Конституция жобасының ерекшеліктері жан-жақты талқыланды. Коалиция мүшелері 15 наурызда өтетін референдумның тарихи маңызына тоқталып, әрбір азаматтың белсенді ұстанымы маңызды екенін атап өтті.

Басқосуларда жаңа Конституция жобасының қоғам сұранысына негізделгені, адам құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерді нығайтуға бағытталғаны айтылды. Қатысушылардың сауалдарына нақты жауап беріліп, ұсыныстары назарға алынды. Жалпы Абай ауданында өткен бұл кездесулер тұрғындардың жаңа Конституция жобасын жан-жақты түсінуіне, өз пікірін білдіруіне мүмкіндік берді.

Жаңалықтар көбірек:
Жаңа Конституция мемлекеттің гүлденуіне және азаматтардың өзін дамытуына қажет жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
8
Референдум-2026: Әрбір азаматтың белсенді ұстанымы маңызды
12
Бұл – халықтың көп жылы бойы көтеріп келген сұранысына жауап
8
Еңбек ұжымдарымен ашық диалог: Шымкентте Конституция жобасы талқыланды
3
Референдум-2026: Шымкентте коалиция мүшелері ашық диалог өткізді
3
Жетісу жастары Жаңа Конституция жобасын қолдауға бағытталған флешмобқа қатысты
12
Конституция жобасы еңбек адамының құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін нығайтады
20
Референдум: Жұмысшы мамандардың белсенді ұстанымы маңызды
22
Абай облысында Коалиция мүшелері ардагерлермен кездесті
42
Джордж Ацалакис: Қазақстан Орталық Азиядағы қуатты әрі өркендеген мемлекетке айналмақ
33