Өңірлік коалиция мүшелері Нұрлан Серғалиев, Ғайса Қапақов және Ринат Жангалиев Орал құсфабрикасы ұжымымен кездесті
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасында қарастырылған өзгерістер мен толықтырулар туралы кеңінен айтылып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында қатысушыларға елдегі саяси жаңғыру үдерістері мен Конституция жобасында ұсынылған негізгі өзгерістер жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Әсіресе азаматтардың құқықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, экологиялық жауапкершілікті арттыру және қоғамның пікірін ескеру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
«Жаңа Конституция жобасының 3-бабында Еңбек қауіпсіздігі – жұмысшының жеке жауапкершілігі емес, мемлекеттің міндеті. Конституция еңбек қауіпсіздігі мен гигиеналық талаптарға сәйкес жағдайларда еңбек ету құқығын кепілдейді. Бұл өндіріс орнында адамның өмірі мен денсаулығына тәуекел жасау енді мамандық ерекшелігі немесе экономикалық тиімділікпен ақталмайтынын білдіреді», – деп атап өтті Нұрлан Сергалиев.
Сонымен қатар, жиын барысында референдумның маңыздылығы түсіндіріліп, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауда әр азаматтың белсенді қатысуы қажет екені атап өтілді. Кездесу соңында еңбек ұжымы өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарымен бөлісті.




