2026 жылғы 2 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясының шығармашылық ұжымдар қауымдастығының Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған республикалық онлайн-отырысы өтті.
Іс-шараға еліміздің өңірлерінен 150 өкіл онлайн форматта қатысты.
Кездесуді ҚХА Шығармашылық ұжымдар қауымдастығының төрағасы Құралай Түспекова жүргізді.
Қауымдастық төрағасының орынбасарлары Наталья Вшивцева мен Евгений Моисеев сарапшылық пікірлерімен бөлісті. Алматы қаласындағы «Муров» халық биі студиясының жетекшісі Гасан Мескаев шығармашылық ұжымдардың тәжірибесімен бөлісті.
Жамбыл облысындағы шығармашылық бірлестіктердің ұстанымын «Радонеж» орыс қауымдастығы» ҚБ төрағасы, «Калинка», «Маричка», «Асыл-Ана» ансамбльдерінің көркемдік жетекшісі Владимир Сорокин таныстырды.
Мәдени ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдардың өзара іс-қимылы туралы Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ мәдени ұйымдастырушысы Қалижан Саркеев баяндады.
Маңғыстау облысы ҚХА шығармашылық тобының төрайымы Зейнаб Байрамова шығармашылық ұжымдардың Конституция жобасын қоғамдық талқылауға қатысуының өңірлік тәжірибесін сөз етті.
Мәдени саясат пен рухани даму мәселелеріне Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушысы, композитор, Түркістан облысы Шығармашылық ұжымдар қауымдастығының төрағасы Сердалы Бекжігіт ерекше назар аударды.