Қаз
Жаңа Конституция Қазақстанның болашақ даму бағытын айқындайды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдерді Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап, олардың қоғам мен мемлекеттің дамуына қосып отырған елеулі үлесін атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан ауқымды жаңғыру жолына түсіп жатқан кезеңде әйелдердің жасампаздық рөлі арта түседі. Сондай-ақ Президент республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының маңыздылығына тоқталып, құжат еліміздің болашақ даму бағытын айқындайтынын айтты.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстан жаңа даму кезеңіне аяқ басып отырғанын айтып, дәл осы уақытта Ата Заңды жаңарту айрықша маңызға ие екенін жеткізді.

«Қазір Қазақстан ауқымды жаңғыру жолына түсіп жатқан кезеңде әйелдердің жасампаздық рөлі арта түсетіні анық», – деді Президент.

Ол республикалық референдумға ұсынылған Халықтық Конституцияның жобасы ел болашағы үшін стратегиялық мәнге ие екенін атап өтті.

«Республикалық референдумға шығарылған халық Конституциясының жобасы мемлекетіміздің болашағын, даму бағдарын айқындайтын тарихи құжат деп айтуға толық негіз бар», – деді Мемлекет басшысы. 

Президент халықаралық жағдайға да тоқталып, мемлекеттілікті нығайтудың маңызын атап өтті.

«Әлемдегі ахуал ушығып тұрған уақытта жаңа Конституция Тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтады, еліміздегі барлық қоғамдық-саяси институттардың қызметіне жаңа серпін береді», – деді ол.

Мемлекет басшысының айтуынша, Негізгі заң жобасының өзегі – ұлттық құндылықтарды қорғау.

«Жаңа Конституция жобасының негізгі арқауы – Қазақстанның Тәуелсіздігін, Егемендігі мен территориялық тұтастығын, азаматтарымыздың құқықтары мен еркіндігін қорғау», – деді Президент. 

Сонымен қатар ол құжатта әлеуметтік нормалардың кеңінен қамтылғанын айтты. 

«Ата Заңның жаңа жобасында көптеген дамыған елдерде кездесе бермейтін нақты әлеуметтік нормалар кеңінен қамтылған. Мен бұған сенімдімін. Конституциядағы аталған ережелер мемлекетіміздің әлеуметтік сипатын күшейте түседі», – деді Мемлекет басшысы. 

Конституция жобасында отбасы институтын нығайту мәселесіне де ерекше назар аударылған.

«Неке – ер мен әйелдің мемлекеттік заңға сәйкес тіркеген ерікті және тең құқықты одағы» деген норма алғаш рет бекітіліп отыр. Мұндай заң ережесі балалардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ әйелдер мен аналардың отбасындағы рөлін нығайтуға мүмкіндік береді», – деді Президент. 

Оның айтуынша, отбасыны қорғауға қатысты басқа да маңызды ережелер нақтыланған.

«Неке және отбасы, ана, әке мен бала мемлекет қорғауында болады» деген норма заманға сай жаңа мазмұнмен толықты», – деген Мемлекет басшысы құқықтық тұрғыдан анағұрлым дәл тіркестер арқылы қыздарды тұрмыс құруға мәжбүрлеу секілді ұят құбылыстарға Конституцияда тосқауыл қойылатынын айтты. 

Сондай-ақ Президент технологиялық өзгерістер жағдайында жаңа Конституцияның маңызын атап өтті.

«Халық Конституциясының жобасы референдумда жұртшылықтың жаппай қолдауына ие болған жағдайда мемлекеттігіміздің озық инновациялық жүйесін құруға зор мүмкіндік беретін болады. Сондай-ақ бас құжат жасанды интеллект және жаппай цифрландыру дәуірінде Қазақстанның тұрақты дамуына ұзақ мерзімді және мызғымас негіз қалайтыны сөзсіз», – деді ол. 

Мемлекет басшысының айтуынша, құжат ұлттық бірегейлікті сақтауға да бағытталған.

«Конституциямыздың жаңа жобасы мәдени кодымызды сақтап, жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайтуға мүмкіндік береді. Осылайша, еліміздің Бас құжаты халқымызды дәстүр мен даму үйлесім тапқан даңғыл жолға түсірмек», – деді Президент. 

Құжатта қоғамдық келісім мәселелеріне де ерекше мән берілген.

«Ата Заңымызда Қазақстан халқының бірлігін, этносаралық, конфессияаралық келісімді, толеранттылықты нығайтатын нормалар бар. Бұл – біздің саяси, рухани құндылықтарымыз. Сондықтан оны құқықтық тетіктер арқылы күллі қоғам болып қорғауға міндеттіміз», – деді Мемлекет басшысы. 

Сөз соңында Президент жаңа Конституцияны қабылдау маңызды тарихи қадам екенін атап өтті.

«Біз бәріміз бір ұлт болып тарихи жолдың торабына жеттік, енді халқымыз келе жатқан жалпыхалықтық референдумда ел тағдырына әсер ететін таңдауын жасайды», – деді Мемлекет басшысы. 

Фото: akorda.kz

Жаңалықтар көбірек:
Жаңа Конституция Қазақстанның болашақ даму бағытын айқындайды
50
Білім саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
42
Ғылым мен білім – жаңа Конституцияның басым бағыты 
60
Конституция – ел болашағын айқындайтын құжат 
53
Бизнес үшін құқықтық кепілдіктер мен жаңа мүмкіндіктер
122
Азаматтардың құқықтары – әділетті қоғамның негізі
77
Энергетика министрлігі ұжымымен жаңа Конституция жобасы талқыланды
51
Өзгерістер еліміздегі демократиялық институттарды дамытуға бағытталған
33
Теміржолшылармен конституциялық өзгерістер талқыланды
64
Қостанай облысының сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдады
38
Павлодар тұрғындары Президенттің бастамасымен әзірленген халықтық Конституцияны қолдады
141
Шарбақты ауданында жаңа Конституцияның практикалық маңызы талқыланды
78
Халықтық Конституция туралы диалог. Коалиция мүшелері Павлодар облысы Ақсу қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді
56
Еңбек құқығы – әлеуметтік кепілдік: Астанада жаңа Конституция нормалары түсіндірілді
60
Денсаулық сақтау саласы – мемлекеттің басты басымдықтарының бірі
45
Тереңкөл ауданында жаңа Конституцияның қазақстандықтар өміріне әсері талқыланды
56
Әуежай қызметкерлері жаңа конституциялық реформаны қолдады
46
Екібастұзда жаңа Конституция еңбек адамын қалай қорғайтыны талқыланды
67
Конституциялық реформалар және денсаулық сақтау саласының дамуы аурухана базасында өткен жиында талқыланды
52
Жаңа конституция - еңбек адамын қолдауға бағытталған қадам
90
«Мұндай сәтте мамандыққа, көзқарасқа немесе саяси ұстанымға қарамастан, қоғамның бірлігі ерекше маңызды»
51
Семейде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының өкілдерімен референдумның маңызы сараланды
57
Абай облысында жаңа Конституцияны түсіндіру жұмыстары жалғасуда
54
Әрбір өзгеріс қоғамның дамуына ықпал етеді
64
Конституция нақты жұмыс істейтін тетікке айналуы керек
192
Ақтөбелік дәрігерлер Ата заң жобасын қолдады
57
Шығармашылық интеллигенция референдумды қолдайды
116
Білім, ғылым, инновация – мемлекеттің болашағы
99
Әр азаматқа арналған Конституция
73
Коалиция мүшелері KEGOC ұжымымен жаңа Конституция жобасы талқылады
65
Көшбасшы әйелдер жаңа Конституция құндылықтарын толық қолдады
125
«Нұрлы жол» теміржол вокзалының ұжымына Конституция жобасы таныстырылды
57
Астанада жаңа Конституция жобасы ардагерлермен талқыланды
63
Жезқазған мұнай құбыры басқармасының ұжымы жаңа Конституция бойынша референдум өткізуді қолдады
56
Әр дауыс – еліміздің болашағы
88
Референдум ұлтымыздың бірлігін, тұтастығын айшықтайды
75
Азаматтардың 90%-ға жуығы жаңа Конституция жобасын қолдайды
65
Заманауи, ойы озық қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам
64
Конституциялық өзгерістердің мәнін түсіндіру – ортақ міндет
78
Бұл – уақыт талабы әрі болашақ алдындағы жауапкершілік
77
Енді басты назар адам құқықтары мен бостандықтарына аударылып отыр
95
Астанада жаңа Конституция жобасын түсіндіру бойынша еңбек ұжымдарымен кездесу өтті
59
Еңбек адамының мүддесіне қызмет етеді
74
Конституциядағы өзгерістер еліміздің тұрақты дамуына және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге негіз қалыптастырады
86
Ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашатын рухани және стратегиялық қадам
59
Жаңа Конституция және мәдениет: рухани қауіпсіздік пен ұлттық бірегейліктің кепілі
60
Адами капиталды дамыту – жаңа Конституцияның стратегиялық бағыты
68
Елде алғаш рет Брайль қаріпімен Конституцияның нұсқасы дайындалды
63
Азаматтардың құқықтарын қорғаудың іргелі тірегі
79
Оралда референдумды қолдауға арналған форум жастардың бірлігі мен ортақ ұстанымын айшықтады
62
Әр дауыс – тұрақты әрі әділетті қоғам құру жолындағы нақты қадам
51
«Қазпочта» АҚ ұжымымен жаңа Конституция жобасына арналған кездесу өтті
43
Мемлекеттік кеңесші Жалпыұлттық коалицияның мүшелерімен бірге Абай облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді
96
Әділетті Қазақстан жолында: Бесқарағайлықтар жаңа Конституция жобасын қолдады
79
Халықтың мемлекет басқару ісіне араласуының айқын көрінісі
93
Конституция – стратегиялық таңдау: Абай ауданының тұрғындары жаңа Ата Заңды қолдайды
80
Бұл өзгерістер біздің ұжымға өз жұмысын тиімді ұйымдастыруға және сапалы көмек көрсетуге жол ашады
99
Жарма ауданының тұрғындары мен еңбек ұжымдары жаңа Конституцияны қолдауда
85
Абай облысында қоғам өкілдері жаңа Конституцияны қолдауға дайын екендерін мәлімдеді
79
Мемлекеттің дамуы оның құқықтық негіздерін жаңартудан басталады
123
Ақ халаттылар – жаңа Ата заңды қолдайды
89
«KazTransOil» ұжымымен жаңа Конституция жобасы талқыланды
104
Референдум – ел болашағына деген сенімінің айқын көрінісі
85
Ел болашағы біздің белсенділігіміз бен жанашырлығымызға байланысты
94
Конституция жобасы қоғам сұранысына сай әзірленгенін
109
Қарағанды облысында 2000-ға жуық жас жаңа Конституция жобасын қолдады
86
Конституциялық өзгерістер елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған нақты қадам
94
Экология және еңбек адамы: Атырау облысының жұртшылығы жаңа Конституция жобасын қолдайды
88
Аида Балаева: Туризм саласы үшін болжамды ережелер мен сенім аса маңызды
91
Алматы облысында коалиция мүшелері «Green Land Alatau» жылыжай кешенінің ұжымымен кездесті 
78
Өскеменде бизнес және агроөнеркәсіп кешен өкілдері конституциялық реформаны қолдады
84
Жаңа конституциялық нормалар: Цифрлық құқықтардан тұрғын үйді қорғауға дейін
86
Шығармашылық ұжымдар қауымдастығы жаңа Конституция жобасын талқылады
86
Еңбек адамының мүддесі басты назарда: «СемАЗ» ұжымы жаңа Конституцияны бірауыздан қолдады
65
Жаңа Конституция – Берекелі еңбектің кепілі
88
Қордаланған мәселелерді шешу және тұрмыс сапасын арттыру: Маңғыстау қоғамы жаңа Конституцияны қолдайды
106
Жаңа Конституция – білім саласының дамуына жол ашады
91
«Ең басты өзгеріс – Конституцияның өзегінде адам тұр» – Аида Балаева «Қазцинк» ұжымымен кездесуде
62
«Конституцияда өнер адамдарына қатысты нақты нормалардың қамтылуы – мәдениет саласына көрсетілген ерекше құрметтің белгісі»
117
Ұлытау жастары жаңа Конституцияны қолдайды
84
«ҚазТрансОйл» конституциялық реформаларды талқылады
75
Конституциялық өзгерістер Жаңаөзен жұртшылығымен талқыланды
103
Алматыда этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесу өтті
81
Бірлік пен ынтымақ, этносаралық және дінаралық келісім Қазақстан мемлекеттілігінің берік іргетасы ретінде бекітілген
65
«Жер мен табиғи ресурстар халыққа тиесілі, ал мемлекет меншік құқығын халық атынан жүзеге асырады» 
80
Ұстаздар референдумға біркісідей қатысады
60
Цифрлық дәуір талаптарына сай құқықтық негіз қалыптастыратын құжат
90
Еңбек адамының мүддесі – мемлекет назарында
101
Жалпыұлттық коалиция Түпқараған ауданының тұрғындарымен кездесті
79
Атыраудағы еңбек ұжымдары жаңа Конституция жобасын қолдады
77
Елімізде қауіпсіз еңбек жағдайына кепілдік беріледі 
93
Аида Балаева ШҚО жұртшылығымен кездесу барысында жаңа Конституцияның негізгі ережелері туралы баяндады
123
Астанада жалпыұлттық референдумды қолдауға арналған концерт өтті
84
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Алматы облысында мерекелік іс-шара өтті
74
Семейде жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған акция өтті
86
«Қазақтелеком» АҚ Маңғыстау филиалының ұжымы еліміздің жаңа Конституциясын қолдайды
100
Ертеңгі күнге деген сенімді нығайтады
90
Жаңа Конституция – тұрақтылық пен даму кепілі
94
Саналы таңдау жасау үшін ең алдымен толық ақпарат алу маңызды
96
Конституциялық құндылықтар – қоғам сұранысы
94