«Қазпошта» АҚ-да «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасы, алдағы реформалардың маңызы және жастардың ел дамуының негізгі қозғаушы күші ретіндегі рөлі талқыланды.
Кездесуде «Қазпошта» АҚ Жастар кеңесінің төрайымы Шынар Рамазан және «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының астаналық филиалының төрағасы, мәслихат депутаты Арсланбек Мағзұм спикер ретінде сөз сөйледі.
Қатысушылар бүгінде жастар әділетті және прогрессивті Қазақстанды қалыптастыруға үлес қоса отырып, оң өзгерістердің белсенді күшіне айналғанын атап өтті.
Іс-шара соңында сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылып, онда қатысушылар конституциялық бастамаларды, азаматтық жауапкершілікті және жастардың қоғамдық диалогқа қатысуын талқылады.

